- Учителю
- Урок по математики для 2 класса Жүздіктермен, ондықтармен және бірліктермен санау
Урок по математики для 2 класса Жүздіктермен, ондықтармен және бірліктермен санау
«№ 2 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жүздіктермен, ондықтармен
және бірліктермен санау
(Математика пәні)
2 «А» сынып
Бастауыш сынып мұғалімі Ш.Ж.Жаманбаланова
2015-2016 оқу жылы
Тақырыбы: Жүздіктермен, ондықтармен және бірліктермен санау
Мақсаты:
1. Көп таңбалы сандардың құрылымы және жаңа санау бірлігі - мыңдық
туралы түсініктерін қалыптастыру. Жүздіктермен, ондықтармен және
бірліктермен санауды үйрету;
2. Математикалық тілін, ойлау қабілеттерін дамыту;
3. Оқушыларды шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Қонақтармен сәлемдесу.
1. Психологиялық тренинг:
2. Алдымызға мақсат қою:
Мақсатымыз- білім алу,
Міндетіміз- еңбектену.
Әр оқушы өз құқығын білу,
Оны өмірде пайдалану.
3. Қағидаларды айту:
-
Біліміңді ортаға сал;
-
Досыңның сөзін бөлме;
-
Мұқият тыңда;
-
Тәртіпті бол;
4.Топқа бөлу:Фишкалар бойынша топқа бөлу.
I-топтың аты - «Сұңқар»
Ұраны:
Білім алып бүгін алтын ұяда,
Ертең әлі шарықтаймыз қияда.
ІІ-топтың аты - «Тұлпар»
Ұраны:
Асау тұлпар желдей ескен арынды,
Оқу менен еңбекке сал барыңды.
ІІІ-топтың аты - «Болашақ»
Ұраны:
Болашақтың ұл-қызымыз
Көркейтеміз елді біз.
IV-топтың аты- "Достық»
Ұраны:
Аққуды атпаймыз,
Достықты сатпаймыз
II.Негізгі бөлім:
1. Жаңа сабақты түсіндіру.
«Imektep» ресурсын пайдаланып, жаңа тақырыптың
түсіндірмесін қою.
2.Ұшқыр ой.
3. Оқулықпен жұмыс.
Оқулықтағы №1,2,3 тапсырмаларды орындау
III. Білімдерін кеңейту.
1.«Артығын тап»
Келесі сандардың әр қатарынан артық санды тауып айту.
2. «Сәйкестендіру»
Әр сурет қандай санға сәйкес екенін табу.
3. Өзіндік жұмыс. Жазбаша берілен сандарды цифрмен жазу.
4.«Көршісін тап» ойыны. Берілген сандардың алдыңғы және кейінгі сандарын жазу.
«Сұңқар» тобына:
125
234
347
461
«Тұлпар» тобына:
538
200
400
500
«Болашақ» тобына:
760
890
639
309
«Достық» тобына:
409
529
599
999
5. Кестеге орналастыр. Берілген сандарды тиісті орнына орналастыру.
1-топ. 506, 708, 99, 5, 990, 478
2-топ. 406, 552, 52, 4, 190, 847
3-топ. 606, 402, 86, 6, 980, 752
4-топ. 806, 850, 10, 9, 590, 600
6. Есеп шығару. Оқулықтағы №5.
IY. Қорыту.
V. Үйге тапсырма.
VI. Бағалау. Бағалау критерийлері бойынша оқушылар өздерін формативті бағалайды.