7


  • Учителю
  • Әдебиеттік оқу Тақырыбы:М.Мақатаев. Қарттарды сүйем

Әдебиеттік оқу Тақырыбы:М.Мақатаев. Қарттарды сүйем

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

М.Мақатаев. Қарттарды сүйем

Мақсаты

1. Өлеңнің мазмұнын меңгерту, жан- жақты талдап,

негізгі ойын оқушыларға жеткізу. Автор туралы

мағлұматты толықтыру.

2. Оқушыларға сұрақтар қойып, топтық жұмыстар

арқылы өз ойын ашық айта білуге, пікірін қорғауға

үйрету. Ой - өрісін кеңейту және тіл байлығын дамыту

3. Үлкенді, қарттарды, ата -ананы құрметтеуге,

сыйлауға, айтқандарын тыңдауға, адамгершілікке

тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, сто технологиясы

Көрнекіліктері: слайд

Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру бөлімі

Күтілетін нәтиже

+Психологиялық ахуал

Ақ сүт берген ананың

Балада хақы көп болар.

Ана деген мейірлі,

Сыйлай гөр, балам, анаңды.

Ата деген қадірлі,

Сыйлай гөр, балам, атаңды.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту



Әдебиеттік оқу Тақырыбы:М.Мақатаев. Қарттарды сүйем

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Мұғалімнің сөзі:

- Бүгін осықарттарға арналған М.Мақатаевтың «Қарттарды сүйем» өлеңімен танысамыз.

- Алдымен кешегі сабақта сендерге мен оқушылар М.Мақатаев туралы біліп келіңдер деген тапсырма беріп едім. Сол тапсырманы орындап келдіңдер ме. Сонымен М.Мақатаев кім екен?

- Оқушылар жауабы.

Мұғалімнің түсіндірмесі: 1. М. Мақатаев туралы

1931-1976 жылдар Поэзия өкілі,

аралығында өмір сүрген ғажайып ақын

М. Мақатаев

Шығармалары:

15 жасынан бастап «Үш бақытым», «Отан туралы»,

өлең жазған «Өмір -дастан», «Аққулар

ұйқтағанда», «Шуағым менің» т.б

2. «Қарттарды сүйем» өлеңін мұғалімнің өзі жатқа айтып, ауызша түсіндіріп шығады. Шежіре, мұрагер сөздеріне сөздік жұмысы жасалады.

Шежіре- тарихи оқиғаларды жазып отыратын жылнама. Осы тарихи оқиғаларды ұрпақтан - ұрпаққа жеткізіп отыратын адамдарды шежіре адамдарды шежіре адамдар деп атайды.

Мұрагер- ата - ананың артында қалған ісіне, дүние мүлкіне ие болып, олардың ісін жалғастырушы қара шаңырақ иесі.

( сөздік жұмысын дәптерге жаздырту)

3. «Қарттарды сүйем» өлеңін оқушыларға тізбектетіп оқытып шығу.

4. Мұғалімнің сөзі:

- Енді оқушылар, оқулығымызда қарт ұғымына мағынасы жуық сөздерді күн шұғыласына орналастыр деген тапсырма бар екен. Сол тапсырманы орындап көрейік

қария ата

- Енді келесі тапсырма:

- Оқулықта осы өлең неге бөлімнің соңында берілген? деген сұрақ бар екен. Бұл сұраққа қалай жауап бересіңдер.

( оқушылар жауабы)

- Иә балалар, бұл өлеңнің тарау соңында берілуі өлең ішінде қарттармен диалог арқылы баланың үлкендерге деген сүйіспеншілігін жеткізіп, болашақ ұрпақ жалғасы болатындарына сөз беретіндіктерінде екен.

- Енді оқушылар мен сыныпты 3 орталыққа бөліп тапсырмалар орындаттырамын.

І топ «Оқу - жазу» орталығы

ІІ топ «Математика» орталығы

ІІІ топ «Өнер» орталығы боласыңдар.

Сергіту сәті

«Қанша кісі»

Атам, әжем, ағаммен,

Әкем, інім және мен.

Апам және енесі,

Енесінің бөлесі.

Отыр едік шай ішіп,

Жеңгем кірді майысып.

Арқасында кіші інім,

Саны қанша айта қой,

Үйдегі бар кісінің.



Ой толғаныс

сөзжұмбақ шешу

Сұрақтары: 1. Ананың несі ыстық? (құшағы)

2. Шығармадағы екі немесе бірнеше адамның өзара сөйлесуі не

деп аталады? ( диалог)

3. Адам өмірінің жалғасы не деп аталады? (ұрпақ)

4. «Қарттарды сүйем» өлеңінің авторы кім? (Мақатаев)

Үйге тапсырма

«Қарттарды сүйем» өлеңін жаттап келу .



Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау</<span>.









Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Әдебиеттік оқу Тақырыбы:М.Мақатаев. Қарттарды сүйемӘдебиеттік оқу Тақырыбы:М.Мақатаев. Қарттарды сүйем

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал