- Учителю
- 'Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулу'
'Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулу'
Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулу.
Мақсаты: Оқушыларды шығармашылыққа баули отырып білімді, жаңашыл, бәсекеге қабілетті, ұшқыр ойлы, саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Егеменді елдің жас ұрпақтарын тәрбиелеу, талапқа сай білім беру, бүгінгі күннің уақыт күттірмес мәселелерінің бірі болып табылады. Сондықтан да бастауыш мектеп алдында балаға жүйеленіп, дайындалып берген белгілі бір білімді ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалаптастыру, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс жеткізе білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға міндеті тұр.
Шығармашылық бүкіл болмыстың, қозғалыстың, дамудың яғни бүкіл тіршілік көзі.
Бастауыш мектепте шығармашылық қабілеттіліктері оқу әрекетінде көрінеді. Сондықтан әр бір бала бойындағы шығармашылық қабілеттерін бағыттап, тәрбиелеу қазіргі таңдағы ата-ана мен мұғалімнің тарапынан қолдау тауып отыруы қажет.
Оқу әрекетінде мұғалім мен оқушы тығыз байланыста болуы керек. Ол үшін мұғалім бар күш - жігерін , педагогикалық шеберлігін оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға, үйлесімді дамыта бағыттауы, шығармашылық жағдай жасауы қажет. Ал оқушы өз тарапынан белсенділік, дербестік көрсетуі, өзіне деген сенімділігі арқылы шығармашылық әрекетті қалыптастыра алады. Бастауыш сыныптарда шығармашылықпен жұмыс істеуге үйренген оқушы жоғары сыныптарда шығармашылық жұмыстың қай түріне болсын бейім болады және дұрыс жол табу үшін дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге тырысады.
Бастауыш сынып оқушыларының қиялы әдеттегіден тыс, ерекше. Олар естіген әңгімелер, ертегі желісімен өзі де оларды құрастыра алады. Сондықтан мұғалім ертегіні немесе әңгімені бастап, оны аяқтауға оқушыға тапсыратын болса, балалар оны аяқтаудың түрлі жолдарын қарастырады.
Оқушылар шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін, шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытудың әртүрлі әдіс-тәсілдерін қолдануға болады.
Мысалы мынадай әдіс - тәсілдерді қолдануға болады:
-
Мәтін , ертегіні ,әңгімені өз ойларымен аяқтау.
-
Ақын , жазушылардың дайын мәтіндерін басқаша аяқтау.
-
Белгілі мақал негізінде әңгіме жазғызу.
-
Мәтін бойынша мақал құрастыру.
-
Табиғат құбылыстарына, заттарға жұмбақтар құрастыру.
-
Әңгімелерді саластыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу.
-
Шығарма мәтін құрастыру.
-
Өлең құрастыру, әңгіме, ертегілер жазғызу.
-
Шығармадағы әңгімеге ұқсас оқиғалар айтқызу.
-
Көлемі ұзақ шығармаларды жоспар құру арқылы қысқартып әңгімелеу.
-
Кейіпкерге мінездеме бергізу.
-
Шығарма бойынша сурет салғызу, ауызша суреттеу, қиялдау арқылы суреттеу.
-
Рөлге бөліп оқыту.
-
Логикалық ойлауын дамытып ойындармен берілген тапсырмаларды шешкізу.
-
Қайталау сабақтарында , оқыған мәтіндері бойынша өз беттерінше тест тапсырмаларын құрастырту.
Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді.
Қорыта келгенде, бастауыш сыныптың қай пәнінде болсын оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілетін дамыта оқыту олардың сабаққа деген қызығушылығын оятып , өз ойын ашық, қысылмай жеткізе білуін, ынатсын дамыта түседі.