- Учителю
- Разработка урока по казахскому языку на тему Алматы - әсем қала
Разработка урока по казахскому языку на тему Алматы - әсем қала
Макеева Бибігүл Жұмабекқызы
Абай Құнанбаев атындағы
№6 мектеп гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиеті пәні
мұғалімі (орыс сыныптарында)
Степногорск қаласы
Сабақтың тақырыбы: Алматы - әсем қала
Мақсаты: ойды жүйелеп айта білу.
Білімділік: оқушылардың білім деңгейін көтеру, сөздерді өзара байланыстыра білу.
Тәрбиелік. Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу, қаламызды сүюге, аялауға тәрбиелеу.
</<font size="4">Дамытушылық: тақырып бойынша сөйлесе алу дағдыларын қалыптастыру.
Көрнекілік: сөзжұмбақ, суреттер, сызба.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындау
ІІ. Тапсырмаларды орындау.
1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру
Алматы қандай қала?
Алматы - Қазақстанның нешінші астанасы?
Алматы қай таудың бойында орналасқан?
2-тапсырма. Мәтінді оқып, әңгімелеу.
Алматы
Алматы - еліміздегі жер көлемі мен тұрғын саны бойынша ең ірі қала. Алматы 60 жылдан астам уақыт бойы Қазақстанның астанасы болды. Ол Іле Алатауының етегінде орналасқан. Алматы - бау-бақшалы қала. Ол жасыл желекке бөленген. Қалада театр, мұражай, кітапхана көп. «Медеу» мұзайдыны мен «Шымбұлақ» таушаңғы шипажайы - қазақстандықтар мен қала қонақтарының сүйікті демалыс орны. 2011 жылы Алматы және Астанада Қысқы Азия ойындары өтті.
Сергіту сәті
3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру.
-Алматыда қанша адам тұрады?
- Алматы неше жыл бойы Қазақстанның астанасы болды?
- Ол қай таудың етегінде орналасқан?
- Қалада не көп?
- Қандай демалыс орны бар?
Сөзжұмбақты шешу.
-
ледовый каток 2. озеро 3. музей 4. столица 5.природа 6. обезьяна
4-тапсырма. Сызба бойынша сөйлеу.
ең ірі қала
астана
«Шымбұлақ» «Медеу»
4-тапсырма. Фонетикалық талдау жасау.
Шымбұлақ
«Ойлап, тап!» Берілген сөзден жаңа сөз табу.
Қазақстандықтар - қазақ, қаз, астана, артық т.б.
III. Сабақты қорытындылау.