7


  • Учителю
  • Открытый урок по познания миру на тему «Ауа мен суды қорғау». (2 класс)

Открытый урок по познания миру на тему «Ауа мен суды қорғау». (2 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ақылбекова Лиза Маутқанқызы.
Астана қаласы № 65 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: «Ауа мен суды қорғау». 22.11.2013ж.

Сабақтың мақсаты: Ауа мен суды қастерлеп, қорғау жолдарын білу.

Сабақтың міндеттері:

  1. Тіршіліктің қайнар көзі ауа мен судың адам өміріндегі рөлі мен

маңызы жайлы түсініктерін кеңейту;

  1. Қоршаған ортаның, ауа мен судың ластануының тіршілік иелеріне келтіретін зиянын айта отырып, табиғат тағдыры өз қолымызда екені туралы толық түсінік беру;

  1. Экология мәселелеріне, табиғат келешегіне көз жүгіртіп, қоршаған ортаның тағдырына немқұрайлы қарамауға баулып, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін одан әрі дамыту;

  1. Халқымыздың мақал-мәтелдері, нақыл сөздері мен тыйым сөздерінің мәнін түсіндіре отырып табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру, кәсіптік бағдар беру;

  1. Табиғатты қорғай алатын, аялай білетін, үнемшіл, адамгершілігі мол, ізгілікті ұрпақ тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

  1. Оқушылардың қоршаған орта жайлы түсініктері кеңейеді;

  2. Тіршілік нәрі су мен ауаның адам өміріндегі мән-мағынасы жайлы қосымша мәліметтер алады;

  1. Ауа мен судың ластану себептерін біле отырып, ауа мен суды қалай және неден қорғау керектігін біледі;

  2. Табиғат байлығын үнемдеудің маңыздылығын түсінеді;

  3. Туған елінің табиғатына деген сүйіспеншіліктері мен қамқорлықтары артады;

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер,

тыйым сөздер, ноутбук.

Сабақтың түрі: «Айтуға оңай...» ток-шоуы

Қатысушылар: 3А сынып оқушылары, мектеп дәрігері

Қайыркенова Ахлима Қайыркенқызы, биология пәнінің мұғалімдері

Нейля Ашимханқызы мен Бибигүл Болатқызы, жоғары сынып

оқушылары, мектеп әкімшілігі, мұғалімдер.

Сабақтың барысы:

Сабақтың этаптары, уақыт

Жұмыс түрлері мен мазмұны

Қолданылған модульдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1

Ұйымдастыру

Тренинг

Топқа бөлу.

5 минут

Сабақты бастамас бұрын бүгінгі сабағымыз ток-шоу түрінде өтетінін айту.

Тренинг. «Жыл мезгілі».

Жаз мезгілі- суға шомылып жүргендей, күз мезгілі - қолшатырдың астында келе жатқандай, қыс - қармен атысып, көктем-күннің жылуына қуанып тұрғандай қимыл көрсету.

Сабақтағы жаңа әдіс-тәсілдер.

Сыни тұрғыдан ойлау.

Талантты және дарындылық.

Көшбасшы-

лық.


Сабақтың ерекшелігіне тоқталады.

Оқушыларды ұнайтын жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөледі.

Топ мүшелеріне рөлдерге бөлу керектігін айтады.

Әр оқушы өзіне ұнайтын жыл мезгіліне байланысты қимыл көрсете отырып оз тобын табады.

Әр топ мүшелері топ басшысын, бағалаушыны, тайм скиперді сайлайды.

2

Үй тапсырмасын қайталау.

  1. минут

-Студиямызға келген қонақтарымызды ортаға шақырайық. Мектебіміздің дәрігері Қайыркенова Ахлима Қайыркенқызы, биология пәнінің мұғалімдері Нейля Ашимхановна, Бибигүл Болатқызы, 11 сынып оқушысы Бейсембина Еркежан

- Бүгін біз сіздермен тіршіліктің қайнар көзі ауа мен су жайлы ой бөліспекпіз. Алдымен осы ауа және су жайлы не білдік, сол жайлы айтайық. Топтық жұмыс.

Су. Ауа.

1-топ. Ауа, ауаның маңызы.

2- Судың адам өміріндегі маңызы.

3- Ауаның қасиеті.

4- Ауаның құрамы.

Қорытынды.

Жаңа әдіс-тәсілдер.


Сыни тұрғыдан ойлау.

Жас ерекшелік.


Талант және дарын.

Диалогтік оқыту.

Студия қонақтарын таныстыра отырып ортаға шақырады. Әр қонақты өз орнына жайғастыра-ды.

Оқушылар-

дың су мен ауа жайлы не білетіндерін сұрайды. Әр топқа жеке тапсырма береді.

Үй тапсырмасын қорытындылайды.

Әр топ орындарына жайғасып оқу құралдарын дайындайды. Топ ережесін қайталайды.

Әр топ өздеріне берілген тапсырма бойынша білетіндерін ортаға салады.

Бір оқушы қорғайды.

3

Жаңа материалды түсіндіру.

7 минут

Ауа мен суды қорғау.

1.Кітаппен жұмыс. Бөліктерге бөліп оқу.

2.Сұрақтарға жауап беру.

1-топ. - Ауа неден ластанады?

2-топ. -Ауа тазалығын сақтау үшін не істеу керек?

3-топ-Судың ластануы неге қауіпті?

4-топ-Суды таза сақтау үшін не істеу керек?

- Сөз кезегі студия қонақтарына да келіп жеткен сияқты.

Оқушылар да сұрақтар қояды.


Сыни тұрғыдан ойлау.


Көшбасшы-лық.

Диалогтік оқыту.


Жаңа әдіс-тәсілдер.


Кітаптағы мәтінді төрт топқа бөліп береді.

Оқушылар кезектесіп оқып болған соң әр топқа бір сұрақтан қояды.

Студия қонақтарына сұрақтар қояды.

Әр топ өзінің бөлігін кезектесіп оқиды.

Әр топ өзіне берілген сұрақ төңірегінде ақылдасады, ортақ пікірге келеді. Берілген уақыт біткен соң топтан бір оқушы жауап береді.

4

Сабақты бекіту.

  1. минут

-Балалар осы тіршіліктің нәрі ауа мен су жайлы ақпарат көздерінен, ғаламтордан не білдік, соны ортаға салайықшы.

- Біз тұрған жерде өзен немесе көл бар ма?


Мақал-мәтелдер.

4 топтан бір оқушыдан шығып мақалшылар сайысына қатысады.

Ең көп білетін оқушының тобы жеңіске жетеді.

-Экология тақырыбы жайлы сөз қозғасақ. Сөз студия қонақтарында.

«Су-тілсіз жау».


АКТ пайдалану.

Диалогтік оқыту. Таланттылық пен дарындылық.

Көшбасшы

лық

Жас ерекшелікті ескеру

Оқушылар-дың үйде ғаламтордан ауа мен су жайлы біліп келген қосымша ақпаратта-рын сұрайды.

Әр топтан бір оқушыны мақалшылар сайысына қатысуға шақырады.

Жарысты қорытынды-лайды.

Студия қонақтарына экология жайлы сұрақтар қояды.

Оқушылар өздерінің үйде ғаламтордан су мен ауа жайлы дайындап келген қызықты ақпараттарын ортаға салады.

Әр топтан бір оқушы мақалшылар сайысына қатысады.

Кезектесіп мақал айтып, ең көп білген оқушы жеңімпаз болады.

5

Сергіту сәті.

2 минут

Барлық оқушылар ортаға шығып шеңбер бойымен тұрады.

1.Мұрынымызбен ауа сорамыз да, аузымызбен шығарамыз. 3-4 рет қайталаймыз.

2. Әр топ жыл мезгіліне байланысты қимыл іс-әрекет көрсетуі керек.

Басқа топ шешеді.

Диалогтік оқыту.

Жас ерекшелікті ескеру.

Жаңа әдіс-тәсілдер.

Талант және дарын.

Көшбасшы-лық

Оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызып дем алу жат-тығуларын жасатады.

Әр топқа

іс-әрекет көрсетуді тапсырады.

Оқушылар шеңбер бойымен тұрып дем алу жаттығуларын жасайды.


Жыл мезгіліне байланысты қимыл көрсетеді.

6

Сабақты қорытындылау.

  1. минут

1.Тыйым сөздер.

Оқушылар білетін тыйым сөздерін айтады, мағынасын түсіндіреді.

Студия қонақтары ой бөліседі.

2.Психологиялық жағдаят.

-Мектептен үйге қатты шөлдеп келдің делік. Үйге келсең су жоқ екен. Ешқайдан су таппадың. Үйде үлкендерден де ешкім болмады. Дүкенге барып сатып алайын десең ақшаң жоқ. Не істейсің?

Студия қонақтарының пікірлерін тыңдау.

АКТ-ні пайдалану.

Сыни тұрғыдан ойлау.

Диалогтік қарым-қатынас


Талант және дарын.


Оқушылардан суға, ауаға байланысты тыйым сөздерді сұрайды.

Оқушылар-дың зейінін шоғырландырып, ойлануға жағдай туғызады.

Оқушылар өздері білетін тыйым сөздерді айтады,

Мағынасын түсіндіреді.

Жағдаятты ойлана отырып шешеді, әр оқушы өз ойын ортаға салады.

7

Үйге тапсырма беру.

2 минут

Ауа мен суды қорғау.

Мәтінді мәнерлеп оқу, мазмұндау. Қосымша мәліметтер жинау. Есіл өзені жайлы біліп келу.

Диалогтік оқыту.

Жас ерекшелік.

Сыни тұрғыдан ойлау.

Үйге тапсырманы түсіндіре отырып береді.

Оқушылар тапсырманы белгілейді.

8

Бағалау.

5 минут

Рефлексия

2 минут

Әр топтың бағалаушысы тобындағы оқушылардың қолындағы фигураларды санайды, бағалайды, бағасын айтады.

-Сабақ ұнады ма?

- Егер сабақ өте жақсы өтсе - күнді, орташа өтсе - бұлтты, ұнамаса - жаңбырды көрсетеміз.

- Студия қонақтарына уақыт бөліп келіп, құнды пікірлермен бөліскендері үшін алғыс айтамыз.

-Алдымызды үлкен мереке-Тұңғыш Президент күні. Осы мерекеге орай әнші ұлымыз

Құрманғазыұлы Аян.«Жаса, Қазақстан!» әнін орындап береді.

Бағалау.

Диалогтік оқу

Сыни тұрғыдан ойлау.


Талант және дарын.

Әр топтың бағалаушыларына сөз береді, пікір-лерін тыңдайды.

Қорытынды баға қояды.


Әр оқушының пікірін тыңдайды.

Топ бағалаушы-лары топ мүшелерінің қолындағы фигураларға қарап баға қояды.


Оқушылар смайликтерді көрсету арқылы сабаққа баға береді.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал