7


  • Учителю
  • Коучинг ата-ана жиналысы :«Бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі»

Коучинг ата-ана жиналысы :«Бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Коучинг тақырыбы: «Бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі»

Мақсаты: Ата-ананың бала өміріндегі орны мен рөлі туралы ой түрткі салу, өз баласын жақсы тану, көмек және кеңес беру мақсатында ата-аналардың педагогикалық-психологиялық білімін көтеру. Ата-ананың бала тәрбиесіндегі негізгі тұлға екеніне көз жеткізу.





Көрнекілігі: үлкен ақ жүрек, кішкене қызыл жүрекшелер, бала тәрбиесіне байланысты ұлағатты сөздер жазылған плакаттар, шарлар.





Барысы:

Мұғалім: Құрметті ата-аналар мен сіздерді көргеніме қуаныштымын! Ұлы Абай: «Бір ғана қуанышым бар ол-менің балаларым»-деген екен. Әрбір ата-ана баласының денсаулығы мықты,ең жақсы болуын,талапты болып өсуін арман етеді. Менің ойымша,құрметті ата-аналар, сонымен қатар оның жақсы адам болып өсуін арман ету керек, ол адамдарға және қоғамға пайда келтіріп, «Адам» деген жоғары атаққа ие болып, барлық өмір тіршілігінің сынақтарынан сүрінбей өтіп, жетістіктерге жетеді. «Біз балаларға ұқсамаймыз,балалар бізге ұқсайды» дейтін белгілі тәсіл бар.

Бүгінгі «Бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі» атты тақырыптағы коучингке қош келдіңіздер!

Адамның өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы - бала. Бала -дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді, толысып, әрленеді. Барлық бала жақсы мен жаман әдеттерді өзі өскен шаңырақтан үйренеді. Егер отбасында ата-аналар өзара жақсы қарым-қатынаста болса перзенттері де әдепті, тәрбиелі болып өседі. Халқымыз «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген нақылдың астарында қаншама мән-мағына жатыр. Бала отбасында жақсы үлгі-өнегемен, саналы тәлім-тәрбиемен жастайынан сусындаса, ер жеткенде сіздерді ылғида қуантып, қуанышқа бөлеп, абыройларыңызды асқақтатары хақ.

Сондықтан да өмірдің өтпелі қиын кезеңдерінде ұл-қыздарымыздың саналы тәрбие мен сапалы білім алуына күш салайық. Бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз керек. Бала тәрбиесінде шыдамдылық танытып, өз балаларыңызға жүрек жылуын сыйлай біліңіздер!





І жаттығу: «Біздің топтың жүрегі».

Ал, енді бәріміз мына үлкен ақ жүрекке назар аударайықшы. Ол тірі емес, біз қазір оған жан береміз. Ол үшін мына кішкене қызыл жүрекшелерге сіздер балаға деген бір ақ тілектеріңізді жазып, мына тақтадағы үлкен ақ жүрекке әкеліп, ақ тілектеріңізді оқи отырып, жапсырайық. Қараңыздаршы, ол біздің көз алдымызда тірілді. Бұл біздің топтың жүрегі, ол тренинг барысында үнемі дүрсілдеп тұрады. Бәріміздің жүрегіміз «бала» деп соғады. Осы ақ жүрегімізден шыққан тілектерді жаңа барлығымыз естідік. Балаға деген тілегімізді, жүрегімізді бір арнаға тоғыстырды. Осы жүрек сияқты әрбір ата-ананың жүрегі де бала тәрбиесінде, өз баласының әрбір жаңа атқан таңы үшін елжіреп, алаңдап тұрады.





ІІ жаттығу: «Өз балаңызды жақсы білесіз бе?» Ата-аналарға сұрақтар жазылған қағаз таратылады. (3-5 минут) Сол қағаздың түсіне қарай топқа бөлу.





1. Балаңыздың ең жақын досы кім?

2. Балаңыздың сүйікті асы қандай?

3. Балаңыздың туған күні қашан?

4. Балаңыздың аяқ киім өлшемі қанша?

5. Балаңыздың парталас көршісі кім?

6. Балаңызды қандай сөзбен еркелетесіз?

7. Балаңызға ренжігенде ең алғаш аузыңызға оралатын сөз?

8. Балаңыздың сүйікті пәні қандай?

9. Балаңыз кімді үлгі тұтады?

10. Балаңыздың ең жақын досының әкесі кім?

11. Балаңызға бір күнде қанша уақыт бөлесіз?

12. Балаңыздың сүйікті түсі қандай?

13. Балаңыздың сынып жетекшісі кім?

14. Балаңыз спорттың қандай түрін ұнатады?





Қорытынды: Берілген сұрақтарға ойланбастан бірден жауап беріп отырған ата-аналарды мадақтау. Ал, жауап беруге қиналып қалған ата-аналарға болашақта балаларымен тығыз байланыста болу керек екеніне ұсыныс беру.





ІІІ жаттығу: Шығармашылық жұмыс «Отбасылық құндылық ағашы»

(топпен жұмыс)

Нұсқау: Үлкен ағаштың суретін салу керек. Бұл сіздің отбасылық құндылық ағашыңыз. Алдын-ала дайындалған отбасылық құндылықтар жазылған карточкалар таратылып беріледі. Оларды ағаштың тамырына, діңіне, бұтақтарына орналастыру керек. Тамыры сіздің ең негізгі отбасылық құндылық болып есептеледі, ағаштың діңіне орташа құндылықтарды, ал бұтақтарына отбасыңызға маңызды бірақ, қатты қолданбайтын, көп көңіл аудармайтын құндылықтарды орналастыру керек. Берілетін уақыт 7-10 минут.





Берілетін отбасылық құндылықтар:

1. Мықты денсаулық

2. Ағайындарыңа, достарыңа ашық есік

3. Ауызбіршілік

4. Ортақ қызығушылық

5. Бір-біріңіздің жұмысына араласпау

6. Қамқорлық

7. Тәртіп

8. Бос уақытыңызды бірге өткізу

9. Сенімділік

10. Ата-ананың сөзі заң

11. Ата-ана отбасының үлгісі

12. Әлеуметтік жағдай

13. Отбасылық сыйласымды қарым-қатынас

14. Махаббат

15. Мейірімділік

16. Шынайылық

17. Сырт көзге үлгі болу

18. Береке

19. Үлкенге - ізет, кішіге - құрмет

20. Көп бала

Соңынан үлкен бәйтерек ағашы шығуы керек. Шыққан суретті өздері қорғап шығады.

ІV жаттығу. Аяқталмаған сөйлем «Менің балам ...»

Ия, әрбір ата - ана өмірге бала әкелгеннен кейін оған тәлім - тәрбие беретіні белгілі. Бала тек қана отбасы тәрбиесін алып қана қоймайды. Ол қоршаған ортаның тәрбиесін алатыны сөзсіз. Бала дүниеге келгенде таза ақ парақ секілді, пәк болып келеді. Сол пәк сәбиге үш түрлі адамның мінез беріледі екен. Ол - бірінші ата- анасынан, себебі бала ес білген шаққа дейін бар нәрсені өз отбасынан табады. Ал -екінші ұстазынан, өйткені алғаш ес біліп мектеп табалдырығын аттағанда қолына алғаш «Әліппені» ұстатып өмір жолына алғаш жол салатын ұстазы. Үшінші - достарынан. Осы үш адамның бойындағы мінез -құлықтарды екшелей келіп, олардың ішіндегі өзіне ұнайтын жақтарын алады екен.

Ендеше, сізден, бізден және өз жолдастырының жақсы жақтарын ала білген біздің балаларымыздың бойында адами қасиеттердің көп болары сөзсіз. Десекте кейбір кездері олардың бойынан өзімізге ұнамайтын қасиеттерді де кездестіріп қаламыз.Сол ұнамайтын қасиетті бала бойына ата-ана өздері қалыптастырып отырғандарын байқамай да қалады.Ол қасиет мысалы: ата-ана тарапынан өктем сөздер,(балаға жауап бергісі келмейтін сұрақтар қойып, басыңнан сөз асырма, сен де жауап қайтар, сазайын бер, маған айтшы, т.б.бір сөзбен айтқанда кері тәрбие беру.) Ата-ана баласын кешірімділік, мейірімділік, бауырмашылдық,тазалыққа, керексізді ілмеуге,білімді болып, болашаққа түзу жол сілтей тәрбиелеу керектігін,Мемлекетіміздің жарқын болашағын өзіміз тәрбиелеген балаларымыздан күтетінімізді есте ұстағаны абзал. Ендеше баламыздың бойындағы осындай қасиеттерді танып білу үшін «Менің балам ...» ойынын жүргізейік!

Тапсырма: «Менің балам …» деген сөзді жалғастыру үшін сіздерге ойлануға 1 минут уақыт беріледі. Тапсырманы толық орындау үшін 5 минут беріледі. Ата -аналарға алдын-ала дайындалған кеспе қағазы беріледі.

Нұсқау: балаңыздың бойында бар мінез-құлық қасиеттерін жазу ұсынылады.Енді өзіңіз жазған балаңыздың мінез-құлық қасиеттерін екі бөлікке бөліңіз?

1. Балаңыздың бойындағы мінез-құлық қасиеттерінің сізді қанағаттандыратын жақтары.

2. Балаңыздың бойындағы мінез-құлық қасиеттерінің сіздің өзгерткіңіз келетін тұстары.

Рефлексия

1. Балаңыздың жақсы қасиеттерін жазған кезде қандай күйде болдыңыз?

2. Мінездің көлеңкелі тұстары кездескен кезде сіздің көңіл-күйіңізді қынжылтқан не?

V жаттығу. Қорытындылау. «Тілек шамы»

Отбасы, ұшқан ұя - жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болу үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып, бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса, айтып кетулеріңізге болады.

Бүгінгі тренингтен сіздерге рухани құндылық тілей отырып, сөзімді Сүлеймен пайғамбардың нақыл сөздерінің мағынасын түсіне оқып, ой түйіңіздер дегім келеді.

</ «Бала - қазына, тағы үлкен қазынасы - оның тәрбиесі».

Ақылды бала - әкесінің сүйініші,

Ақылсыз бала - шешесінің күйініші.

Данышпан білімін сақтап қояр,

Ақымақ аузымен пәле шақырар.

Қастығын жасырғанның тілі жалған,

Өсек-аяң таратқан - ақымақ жан.

Ата-аналар жиналысының мұндай формасы бізге қажет пе?

Сіздің пікіріңізше не нәрсе артық болды,нені қосу керек еді?

Келесіде қандай тақырыпта әңгімелесуді ұсынар едіңіз?







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал