7


Сиыр сабақ жоспары ана тілі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Бекітемін ...................... 26 қаңтар 2015 жыл

Оқу ісінің меңгерушісі С.С.Хасанова

Ана тілі

Сабақтың тақырыбы: Жаттығу жұмысы: 30-31.Сиыр

Сабақтың мақсаты: Жуан дыбыстар туралы білімдерін жетілдіру.

Білімділігі: «Сиыр» өлеңінің мазмұнын таныстыру. Сиыр малы туралы түсініктерін кеңейту.

Коррекциялық мақсаты: Өлеңді мәнерлеп оқуға, мазмұнын айтуға төселдіру. Оқушылардың сөздік қорларын, танымдық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелігі: Малды сүюге, малға қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Әдемі, таза, сауатты жазуға баулу.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтастыру.

Көрнекілігі: Қадыр Мырза Әлидің суреті, сиыр, төрт түлік.

Түрі: Аралас сабақ

Пән аралық байланыс: Математика, дүниетану

Жүру барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

- Оқушыларға бүгінгі сабақтың ерекше сабақ екендігін, ұстаздардың сабаққа қатынасып отырғандығын айту.

Қане, алға қарайық,

Сабаққа зер салайық.

Жақсы оқып сабақты,

Бүгін «5»- тік алайық!

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

-Ж.Смақов «Ақ бұзау»

-Жуан дауыстылар

ІІІ.Өткен материал бойынша білімдерін тексеру.

-«Кім шапшаң?»

1.-Әріп дегеніміз не?

2.-Дыбыс дегеніміз не?

3.-Төрт түлікті атаңдар?

4.-Төрт түліктің төлдерін ата?

5.-Дауысты дыбыстарды ата.

--а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ы, і, и, (у) ю, я, ë ,э.

6.-Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

--2-ге бөлінеді, жуан және жіңішке

7.-Жуан дауыстыларды атаңдар? --а, о, ы, ұ

--Оқушылар өткен сабақта жуан дауыстылар туралы өттік.

-ЭКРАНҒА НАЗАР АУДАРАЙЫҚ!

ІV.Жаңа сабақ

Күннің ретін, тақырыбын жазу

Көркем жазу

С с С с С с

Сиыр Сиыр

Са Са Са

Тақтамен жұмыс

30-жаттығу. Жаңылтпашты көшіріп жазып, жуан дауысты дыбыстардың астын сызыңдар.

Қырда қырау,

Қызыл ала бұзау.

Тауда тарғақ,

Тарғыл ала торпақ.

«Ойланамыз!» Есепті дұрыс шығару, мәнін орнына дұрыс қойса жаңа сабақ тақырыбы шығады.

3+3= с 4+3= ы 7-3=р 5-3=и


-Жұмбақты шешу.

Екі айнасы бар.

Екі найзасы бар,

Сыртылдаған тұяғы бар,

Екі желпуіш сияғы бар. (сиыр)

--Олай болса жаңа сабағымыз «Сиыр» туралы болады.

V.«Ой қозғау»

-Сиыр туралы кім не біледі? (оқушылар өз білгендерін айтады)

- Сиырдың қандай пайдасы бар?

Сиырдың пайдасы:

Еті, құрты, сүті, майы, қаймағы, айраны

- Сиырдың терісінен ат әбзелдерін жасайды. Жүн сабауға тулақ ретінде пайдаланады. Мүйізінен тісі жиі тарақтар жасаған.

СЕРГІТУ СӘТІ «Үш қой»

VІ.Оқулықпен жұмыс. Автормен таныстыру.


Өлеңді оқу, мағынасын ашу. Сиыр

Әукім, әукім, сиырым,

Мүйізінің сүйірін.

Шүйгін жерге келгелі

Шығып қапты бүйірің

Өлеңді оқыту.

- хормен, жеке

Сөздік жұмыс

Шүйгін - құнарлы, отты, шөбі көп жер.

«ОЙЛАНАМЫЗ» Дыбыстарды ажырату

Сиыр туралы не білеміз? бейнеролик

VІІ.КӨЗГЕ ЖАТТЫҒУ

VІІІ.Тіл сындыру Жаңылтпаш оқу

Айдарбек

«Бұзауды өзі байлар»,-деп,

Айтып кетті

Айбар менен Қайдар кеп.

ІХ.Үлестірмелі карточкалармен жұмыс

«Көп нүктенің орнына жуан дыбысты қой»

1.Малды бақсаң, сиыр бақ,

Сүт кетпейді шарадан.

2.Сиыр сауған шөлдемес.

Жеке оқушылармен жұмыс

Сиырдың сүті-тілінде

1.(дауысты дыбыстардың астын сыз)

2.Жуан дауыстыларды ата

Х.Жаңа материалды пысықтау

1.Сиырды қалай шақырады?

2.Сиырдың төлін ата?

3.Сиырдың атасын айт?

4.Сиырдың қандай пайдасы бар.

ХІ.Сабақты бекіту

1.Сиыр баласын қалай шақырады?

А) аухау, аухау

Ә) көс көс

Б) құрау құрау

2.Сиыр не істейді?

А) кісінейді

Ә) мөңірейді

Б) боздайды

3.Сиыр иесі кім?

А) Зеңгібаба

Ә) Қамбарата

Б) Ойсылқара

4.Жуан дауыстылар

1) е, ә, ө, ү, і 2)п, с, т, ш, р 3)а, о, ы, ұ

ХІІ.Үйге: Сиыр өлеңін жаттау.

31-жаттығу. Жуан дауыстыларды қойып, өлеңді көшіріп жазу

Бағалау


Қосымша тапсырма:

«Төлін ата»

1. Түйенің баласы - бота

2. Жылқының баласы - құлын

3. Сиырдың баласы - бұзау

4. Ешкінің баласы - лақ

5. Қойдың баласы -қозы

«Кім зейінді ?» ойыны

Түйе атасы -Ойсыл қара

Сиыр атасы-Зеңгі баба

Жылқы атасы -Қамбар ата

Қой атасы -Шопан ата

Ешкі атасы - Сексек ата

Шығармашылық тапсырма. «Тиісті жуан дыбысты қой»

1.Малды бастан ұрма.

2. Айран, қаймақ, май, құрт













Семантикалық карта (қосымша)


Сөздер

Жуан

Жіңішке

Сиыр



Қой



Бұзау



Жылқы



Түйе



Бота



Құлын



Семантикалық карта.

Сөздер

Жуан

Жіңішке

Сиыр



Қой



Бұзау



Жылқы



Түйе



Бота



Құлын




...................................................................................................................................

Семантикалық карта.

Сөздер

Жуан

Жіңішке

Сиыр



Қой



Бұзау



Жылқы








 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал