7


Тәрбие шарасы 'Алтын күз'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Тақырыбы: Алтын күз
Мақсаты:Оқушыларды күздің өзіне тән ерекшеліктерімен таныстыру.
Сабақтың тәрбиелік мәні:Күз-береке,қуаныш.Отан қоймасына миллиондаған пұт астық тапсыратын кез.Оны ысырапқа ұшыратпай жинап алу-баршамыздың міндетіміз екендігі туралы ұғым беру.
Жүру барысы:

Мұғалім сөзі:Күзгі табиғат көрінісі жайында мұғалімнің әңгімесі.
Күз -береке бастауы,қуаныш кезеңі,бүгінгі тәрбие сағаты сол «Алтын күзге»
арналады.
Балалар !Күз. Алтын күз.Жылдың осы бір маусымында мектептерде оқу басталады.Бау -бақша жемістері піседі.Мал семіртіліп ,күзде мал қыстататын қораны даярлайды. Бұл кезде:қарлығаш,тырна ,үйрек,қаздар жылы жаққа кетіп ,тек қысап қалатын құстар ғана қалады.Ағаш жапырақтары жерге түсе бастайды.Сондықтан да бұл мезгіл «Алтын күз» деп атаймын.

Қарсы алайық бәріміз,

Жасымыз бен кәріміз.

Қырдан кепті қыдырып,

Алтын күз бізге нұрын төгіп - дей отырып

Құрметті, ұстаздар ата- аналар және кішкентай бүлдіршіндер! Бүгін мектепалды даярлық тобының балалары дайындаған «Алтын күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Жүргізуші: Ал, балалар,балалар,

Енді бері қараңдар

Бізге қонақ келмекші

Сендерді бір көрмекші

Әуелі жұмбақ жасырам

Қулығымды асырам.

Таба алсаңдар шешімін

Қонағымды ортаға шақырамын.

«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін

Бұл күні киіп келіпті, сары жібек көйлегін»-Бұл не ,балалар? (Күз)

Ендеше балалар ортамызга күз мезгілін шақырайық.

Күз мезгілі: Сәлем менің достарым,

Өмірге көп қосқаным, Сымбат

Күз сыйлығын алыңдар

Сыйлығына қаныңдар.

Молшылыққа кенеліп,

Шаттық әнге салыңдар.

Рахмет сізге күз мезгілі.Балалар жылдың неше мезгілі бар?

-4 мезгілі

- Дұрыс айтасындар балалар!Күз мезгілінің төрт мезгілі бар. Күз мезгілі екенін қайдан білдіңдер?Күз мезгілі жалғыз келмепті өзімен бірге күз айларында ала келіпті, ал енді балалар күз айларын атап ортаға шақырайық.Қыркүйек ,Қазан, Қараша. Балалар күз айларының бізге дайындаған тақпақтарын тындайық.

Қыркүйек: Бір-біріне жер аспан, мейіріммен қарасқан

Ұстаз-шәкірт жүздескен, қош келіпсіз күз дескен Диас

Бірінші қыркүйек, білімге бастады

Мал мен аң жүр билеп, құс шарлап аспанды.

Қазан: Қазан айы болыпты, қамбаға астық толыпты

Сары даланы сәндетіп, думандатып әндетіп Арайлы

Жаңбырлы ғажап айы, бұл мен қазан айы.

Қараша: Мол байлық тергені, шаттығы қаншалық

Қараша өрледі, қараша ән салып

Күн суытып барады, малдар қолға қарады Жанерке

Қараша ауыл даламыз, қысқа дайын боламыз.

Жарайсындар балалар! Күз айында ағаштың жапырағы сарғайып жерге түседі.Көкөністер мен жемістер піседі. Сонымен қатар Құстарда жылы жаққа ұшады.

Жүргізуші: Кездесктескен күзбенен,

Бұтағынан үзілген.

Ай жапырақ-сары алтын

Айналанын бәрі алтын.

Би билеңдер күліңдер

Жайнап гүлдей жүріңдер

Күздің тойын тойлайық

Би беейді қыздар айналып.

Би: « Гүлдер»

Жүргізуші: -Мерекемізді жалғастыра отырып, балалардың тақпақтарын тындайық

Қарашы күз келді, күз келді

Жапырақ жауыпты іздерді. Бекзат

Құс біткен керуен тізеді,

Коңыр күздің кезегі

Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан - алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп, Жұлдыз

Көз тартады атырап.


Қоңыр салқын тарады

Қойнаулар мен сайлардан,

Қаздар қайтып барады, Жантұрған

Қайтқан елдей жайлаудан.


Соңғы шуақ төгіліп,

Жалқынданып тұр аймақ.

Ақ сәулеге шомылып, Әсель

Жапырақтар жүр ойнап.

Көктен көзін бір алмай

Қызғылт тартты кәрі құз.. Ерсұлтан

Жер қызығын қия алмай

Маужырап тұр сары күз...

Берекесін сыйлауға, өлкемізге күз келді,

Жемістерін жинауға, шақырады біздерді. Бекет

Балалармыздын дайындаған «Үйшік» ертегісін тамашалаңыздар.

Рақмет сендерге балалар! Балалар менімен бір ойын ойнайсыңдар ма? Олай болса балалар ойынымыздың аты «Көкөністер мен жемістерді» ажырату. Оын шарты екі оқушы шығып жемістер мен көкөністерді ажыратып, екі себетке бөліп салапыз.

Келесі кезекті балалардын өлең жумақтарына берейік.

Жайдары күз, жарқын күз,
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы ен далам Нұрдаулет
Дариядай шалқып жүр.
Мейірлі күз, мырза күз,
Сыйлығыңа ырзамыз.
Аппақ арай таңыңда, Гүлзат
Шомыламыз нұрға біз.

Көк аспаның мөлдіреп,
Алтын күзім елжіреп, Алиби
Асыр салып жүре бер,
Сары көйлегің желбіреп.

Сарғайды тоғай, сап-сары манай

Соңғы әнің айтып, құс кетті қайтып Алижан

Жапырақ ұшты, суық та түсті

Сонда да бізге,қызық көп күзде.

Күн суытып келеді, жапырақтар түседі.

Астық-жеміс жиылды,қамбамызға құйылды. Бекнұр

Ардақты күз -мың алғыс, алдық өнім сыйыңды.


Жемісі мол теретін

Күз дос екен бізбенен

Бәрін тауып беретін Нурали

Жомарт екен күз деген

Құстар қайтты ән салып,
Бұлт шарлады аспанды. Олжас
Қыс келеді жар салып,
Күзгі суық басталды.

Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға Айдар

Шақырады біздер

Жарайсындар балалар!

Гүлдей жайнап ұлмен қыз

Асыр салаып бейлейді

Күз айында балалар

« Күзгі вальс» билейді - дей отырып балалардын биін тамашалаңыздар!

Жүргізуші:

Берекелі бақ дәулет, арта түссін тойланып

Сау болыңдар қонақтар, келгенше жыл айналып.

Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Алтын күз» -атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астыққа толы болсын демекпіз.

Келген қонақтарға сөз беру





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал