- Учителю
- Сабақтың тақырыбы: Қуыршақ көйлегін модельдеу Еңбекке баулу 3сынып
Сабақтың тақырыбы: Қуыршақ көйлегін модельдеу Еңбекке баулу 3сынып
12.04.16ж.Сабақтың тақырыбы: Қуыршақтың киімін модельдеу
Сабақтың мақсаты: а) қуыршаққа киімді модельдеу,қуыршақ туралы
мағлұмат беру, киімді модельдеу әдісімен таныстыру, таңдап алынған
фасонды модельдеуге үйрету, тақырып бойынша материалды меңгерулерін
қамтамасыз ету.ә)модельдеу саласындағы алған білімдерін дамыту,
жұмыс істеу дағдыларын дамыту, қиялындағы фасонды қағаз бетіне
сурет қып түсіре білуге, қиялдай білуге, қиялдай білуге
үйрету.б)жұмыс тәртібін сақтау, еңбекті бағалауға үйрету, еңбек
және тұрмыс гегиенасы ережелерін сақтай білуге тәрбиелеу, өзара
көмек көрсетуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: түсіндірме бейнелеу, практикалық оқыту.
Сабақтың көрнекіліктері: әр түрлі суреттер, эскиздер.
Сабақтың барысы:I. Ұйымдастыру кезеңі
II .Үй тапсырмасын тексеру 1. Қоржын неше бөліктен тұрады? 2.
Қоржын қандай бұйым?
3. Қоржынның қандай түрлері бар? 4. Қоржын қай кезде
қолданылады?
Жаңа сабағымыздың тақырыбын ашу үшін мына жұмбақты шешейік.
Бөбектердей бүлдіршін, Киініп тұр бір мүсін.
Ол қаз басып жүрмейді, Сөйлемейді, күлмейді. Жауабы: қуыршақ.
III. Жаңа сабақ: Қуыршақтың киімін модельдеу.
Модельдеу дегеніміз - бұл эскиз бойынша жасалған бұйымның үлгісі.
Киімді модельдеумен модельер суретші - айналысады. Модальер адамның
денебітімін сондай - ақ костюмнің бөлек бөлшектерінің үйлесімділік
заңдарын білу керек. Тігін технологиясын жақсы меңгеруі керек..
Модельдеу екі түрге бөлінеді. Көркемдік және техникалық. Көркемдік
модельдеумен сән үйлерінің суретші - модельері айналысады
IY.Модельдеудің үш принципі бар:1. Киімнің адамның ішкі және сыртқы
кескініне сәйкес болуы
2. Арнаулы киімдердің мақсатқа сай, қолдануға ыңғайлы болуы
3. Киімнің қолданылатын аясына, түріне пайдаланылатын материалдың
сәйкес болуы
Тақтада көріп тұрғандай мына көйлекті модельдейміз. Сарамандық
жұмыс.
Мына үлгілерді сызып, оны қиып аламыз. Ол үшін бізге керек
құралдарды білу үшін тақтадағы жұмбақтарды шешіп көрейік.Бар екен
бір жансыз зат сиыр тұмсық,Матаның күнде жейді басын қыршып.Матаның
жеген сайын басын қыршып,Артынын түбіт тұрар қыл -
қыбыршық.(Қайшы)
Қысқа таяң діңі бар,Шиырлаған ізінде,Сайрап тұрар тілі
бар.(Қарындаш)
Сансыз ойлар бетінде,Сайрап жатыр бар тілде.Қажетпін мен әр
күнде,Өшпейді бір әрпімде.(Қағаз)
Жұқа тақтай бөлшегі,Ұзындықтың өлшемі.(Сызғыш)
Тазалап ақ қағаз жүзін,Жоқ етер қарындаш ізін. (Өшіргіш)
Еңбек сабағындағы қауіпсіздік ережесін есте сақтайық.а)Қайшыны
жолдасыңа берерде үшкір жағын өзіңе қаратып берә).Қайшының жүзін
жабық күйінде келтіріп, партаның оң жағына қой. б)Инені аузыңа
салуға болмайды, киімге түйреуге болмайды.в)Инені алушыға
сабақтаулы жағымен бер.г)Сынған инені жерге тастауға
болмайды.Y.Сергіту.
YI. Сабақты бекіту.
1. Модельдеу дегеніміз не?
2. Модельдеу неше түрге бөлінеді?
3. Қазақстандағы қандай сән үйлерін білесіңдер.
4. Стильдің түрлері?
YII. Үйге тапсырма беру.
Салған суреттері бойынша киімдерді модельдеу. Сән, модель туралы
мәнжазба жазу.