- Учителю
- Хабарлы сөйлем сабақ жоспары
Хабарлы сөйлем сабақ жоспары
Хабарлы сөйлем
Сабақтың мақсаты: хабарлы сөйлемнің айтылу мақсатымен таныстыру, сөйлемдердің ара жігін ажыратып, тыныс белгісіндұрыс қоюға дағдыландыру, сөйлемдегі сөздерді дұрыс байланыстыра білуге баулу.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Үй тапсырмасын тексеру.
Тақтаға сөздер жазылған карточкалар ретсіз ілініп қойылады.Оқушылар осы сөздерден сөйлем құрастырады.Оқушылардың әр сөзді сөйлем ішінде дұрыс байланыстырып, орнын дұрыс тауып қоюын бақылау.Сөйлем туралы не білетіндіктері сұрақтар арқылы анықталады.
3.Жаңа тақырып.
1- жаттығу.Сурет бойынша қысқаша мәтін құрап жаз.
-
Мәтін неше сөйлемнен тұрады?
-
Әр сөйлемде не жайында айтылған?
-
Сөйлемнің соңына қандай белгі қоямыз деп ойлайсыңдар?
-
Неге?
2- жаттығу.Мәтінді оқып шық.Әр сөйлемнен кейін тыныс ал.Сөйлемнің соңында қандай тыныс белгісі қойылғанын айт.
Арша
Аршаның сабағы бұйра бүршікті болады.Ол хош иісті ағаштың бір түріне жатады.Арша таулы жерде өседі.Өзі аласа болады.Қысы -жазы көгеріп тұрады.Ол көп өсетін жерді Аршалы деп атайды.Арша тез жанады.
-
Мәтін неше сөйлемнен тұрады?
-
Алғашқы екі сөйлемді көшіріп жаз.Онда не туралы айтылған?
-
Сөйлемнің соңына нүкте қойылса, онда ол сөйлемді қандай сөйлем дейміз?
Бірдеңе жайында хабарлау мақсатымен айтылған сөлемді хабарлы сөйлем дейміз.Хабарлы сөйлемнің соңына нүкте (.) қойылады.Қанат мектепке ерте келді.
3- жаттығу.Сөздерді оқы.Сөздерден не жайында сөйлем құрастыруға болады? Сөйлемдерді жаз.
Қоян қыс із қалың орман
Ақ қар тон
2 сабақ
4- жаттығу.Әр мақалдың жалғасын тауып жаз.
Мақалдардың мағынасын түсіндір.
-
жаттығу.Қай сөйлем аяқталған ойды білдіріп тұр? Сол сөйлемдерді көшіріп жаз. Тыныс белгісін қой.
Аязды күні торғайлар
Біздің сынып
Жексенбі күні
Болат күшікті үйге әкелді
Жалғыз аяқ жолмен
Қосымша материалдар
1. Кең, тар, терең, таяз, жирен, торы, күлгін, қызғылт, ащы, тұщы, тәтті, қышықл, сұйық, қою, биік, аласа, ұзын, қысқа, қалың, жұқа, жалпақ, жіңішке.
Осы сөздердің қалағанын пайдаланып үш хабарлы сөйлем құрастырып жаз.
2. Мақал- мәтелдер
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
Ердің атын еңбек шығарады.
Жердің байдың- елі бай.
Заттың сынын білдіріп тұрған сөздердің астын сыз.
3. Өздерің білетін тақпақ немесе үш жұмбақ жаз
4. Тамақтың дәмін білдіретін сөздер: ащы, . ..
5. Заттың көлемін білдіретін сөздер: ұзын, қысқа, ...
6. Біз . .. үйде тұрамыз. Терезелері ... . Есігі ... . Әкем .. . . қайшы сатып әкелді. Әжем басына .. . . орамал салып отыр. Ол маған . . . ертегі айтып берді. Мен . . . айран іштім.
Көп нүктенің орнына заттың сынын, дәмін білдіретін сөздерді қойып жаз.
7. Тоқылдақ
Тоқылдақ ағаш діңінде отырады тұмсығымен діңді тоқылдатады ағаш қабығындағы зиянды құрттарды, көбелектерді, қоңыздарды жейді олардың жерге түскенін ұсақ құстар теріп жейді сондықтан тоқылдақты орман емшісі атайды.
Берілген сөйлемдердің жігін тауып, тыныс белгілерін қойып көшіріп жаз.
6. Бағалау.
7.Үйге тапсырма. 5 жаттығу