7


  • Учителю
  • Ата баба мұрасы 4 сынып. ӨЗін өзі тану пәні

Ата баба мұрасы 4 сынып. ӨЗін өзі тану пәні

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақ жоспары

План урока

Plan of the lesson


Күні/Дата/Date: 09.10. 2014 жыл

Сынып/Класс/Class: 4 «А»

Пән/Предмет/Subject: «Өзін-өзі тану»

Тақырып/Тема/Theme: Ата - баба мұрасы

Мақсаты/Цель/Aim:

Білімділік: «Ата баба - өнері» сөзіндерінің мән - мағынасын түсіндіру, пән аралық байланыс жасату арқылы, тарихта аты қалған Ата Баба өнерімен таныстырып, білім беру. Өнер құндылығы туралы түсінік. Ата-баба өнері, соның ішінде ою-өрнектің адам өміріндегі маңыздылығы туралы білім беру.

Дамытушылық: Көрнекіліктер арқылы сабаққа деген ынтасын ояту, шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылардың танымдық процестерін дамыту.

Тәрбиелік: Өз елін, жерін сүюге, патриот болуға, Ата - баба өнерін қошеметтеп сыйлауға, оларды құрметтеп, есте сақтап қалуға баулу, өз талап күштеріне сеніп, өз бойындағы өнерлерін бағалай білуге, оны әрі қарай жалғастыруға деген ниет білдіруге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың формасы: дәстүрлі сабақ

Қолданылатын әдіс - тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелесу, көрнекілік, репродуктивті әдістер

Көрнекіліктер: үлестірмелі қағаздар, оқулық, презентация, интерактивті тақта, колонкалар, ою-өрнектер, конструктор, стикер, маркер, ермексаз, ленточкалар, сувенир-құстар.


Сабақтың барысы/ Ход урока/Course of the lesson


І. «Шаттық шеңбері»

-Оқушылар, сәлеметсіңдерме! Қане, бәріміз ортаға тұрып, «Шаттық шеңберін» жасап сабаққа көшейік. Ол үшін бәз қазір мынандай өлең жолдарын бірге бәріміз қайталайық.

Қазақстан үйіміз

Біз Отанның гүліміз

Желбірейді туымыз

Достық біздің жырымыз

Қазақстан наш общий дом

Мы для родины поем

Реет в небе флаг чудесный

Мы поем о дружбе песни

(ағылшынша)

-Жарайсыңдар, енді бәріміз өз орнымызға жайғасайық. Сонымен, оқушылар, біздің осы жасаған «Шаттық шеңберіміздің» тақырыбы не туралы болды? Қане, кім айтып жібереді?

-Дұрыс айтаасыңдар, Қазақстан, Отан, Достық туралы айтылып кеткен.


2. «Әңгімелесу»

-Оқушылар, біздің еліміз қандай? Иә, тәуелссіз, егемен ел. Ал осы тәуелсіздік біздің елемізге қалай келді кім айтады қане? Тәуелсіздік, Егемендік бізге оңай келген жоқ.

-Қандай үлкен ірі 5 кезеңдерді айтып кетуге болады?

-Кімдердің арқасында біз қазір осындай егемендігі еңселі мемлекетті тұрып жатырмыз?

-Иә, балалар, дұрыс айтасыңдар, біз, өз тәуелсіздігімізді сонау адамдар қалыптасып, өмір сүріп келе жатқан күндерден бастап, бізді осыв күнге жеткізген ол біздің батырларымыз, ақындарымыз, ата-бабаларымыздың арқасында.

Яғни, сонымен, бүгінгі біздің тақырыбыз «Ата - баба өнері» деп аталады.

-Бүгінгі сабақта біз барлығым өте белсенді жұмыс істеуіміз керек. Біз өзімізді жаңа қырдан көрсете білуіміз керек. Ол үшін бүгін біз сіздермен топпен жұмыс істеу арқылы сабағымызды өткізбекпіз. Көріп отырғандай бізді сыныпта 5 топқа арнап арнайы үстелдер дайындалып қойған иә! Әр бір топтың мақсаты, мен тапсырма берген сайын, сендер топпен жиналып, орындау керек тапсырманы сол жерде орындайтын боласыздар. Әр топтың есімдері өз үстелдерінде жазылып тұр! Сонымен біз сабаққа кірісеміз. Барлығына сәттілік тілеймін.

Біздің топтар:

1 топ: «Өнерлілер»

2 топ: «Білгіштер»

3 топ: «Ақылдылар»

4 топ: «Еңбексүйгіштер»

5 топ: «Талаптылар»


3. «Оқулықпен жұмыс»


-Келесі біздің орындайтын тапсырмамыз ол оқулықта болады. Ол үшін бәріміз қолымызға кітабымызды алып, бүгінгі біздің тақырыпқа арналып жазылған тамаша мынандай өлең шұмақтары бар екен. Соны қазір бәріміз, іштей оқып шығамыз. Жай ғана іштей емес, жүрегімізбен беріліп оқимыз.

-Қане, бәріміз оқып болсақ, енді осы өлең шұмақтарын, мәнерлеп, бізге жеткізіп кім оқып береді?!

-Сонымен бұл өлең жолдары не туралы екен?

-Кімдерге туралы әңгіме етеді екен?

-Тағы да мысалға бізге өз мұрасын тастап кеткен ата апаларымызды білеміз? (Абай, Ыбырай т.б.)

-Дұрыс айтасыңдар бізді ата*бабаларымыз туралы әңгіме етіп отыр. Яғни, олардың әр қайсысы болсын, біздің тарихымызға өшпес мұра, асыл іс тастап кеткен. Міне, тақтаға назарымызды сала отырып, осы біздің аға апаларымызды көре аламыз.

(Қорытынды сөз)

-Жарайсыңдар оқушылар, сендер өте керемет жұмыс жасап отсыңдар, осы жолдан таймай әрі қарай тапсырмаларымызды орындауға кірісейік.


4. «Өзімен өзім»

-Оқушылар, келесі біздің орындайтын тапсырмамыз, ол былай: Қазір мен сендерге керемет күй қоямын. Сол күйді мұқият тыңдаймыз, ол үшін жайғасып отырайық. Бұл балалар біздің бұрыннан бері тарихымызда сақталып келген Құрманғазының тамаша күйі болып келеді. Мұият тыңдаймыз. (Құрманғазы ------Көңіл Толқыны )

-Оқушылар, осы күйді тыңдай отырып қандай әсер алдыңдар?

-Нені сезіндіңдер?!

-Иә, дұрыс айтаасыңдар бұл кей, шынымен де, көңілімізді толқытып, ғажап әсерге бөлейді иә. Мәне, осындай күйлерді тыңдай отырып, олар нағыз өнерлі екенін көре аламыз. Олар, өзінің әр бір жасаған еңбектерінде қазақ халқының тұрмыс тіршілігін, тіпті қайғы зарын, қуанышы мен қайғысын бірге алып, оны мына біз отырған сендерге көрсін, білсін деген ниетпен әр бір қолынан келген өнерлерін бізге мұра ретінде тастап кеткен.

-Мысалы, балалар, тақтада не көріп тұрмыс (тасқа қашалып салынған суреттер)

-Осы суреттердің өзі балалар, бізге көп нәрсені түсіндіреді. Олар осы суретті салмаса біз алғашқы адамдардың қалай тұрмыс көргенін, не істегендерін көре алмас ек!


«Дәйексөз»

5. «Мәтінмен жұмыс»

Оқулықтағы «Өсиет әңгіме» әңгімесін оқып отыру.

Сұрақ жауап әдісі арқылы әңгімені талдау.

-Сонымен оқушылар, бұл әңгімеде бізде не туралы айтылған екен?

-Біздің ана тілі сабақтарында оқып жүрген ертегі әңгімелермен байланыстыра аламыз ба?

-Қандай ертегілілермен байланыстыруға болады? (Әйел ана, Қамбар батыр)

-Яғни, қорытындылай келе, бір сөзбен:

«Өнер де - адамның құтқарушысы бола алады екен!»


Презентацияда қосылған суреттер көрсету арқылы шығармашылық тапсырмаға көшу.


6 «Шығармашылық тапсырма»

-Оқушылар, мана оқығандай, бізде әр бір адам қандай болсын істе өзінің өнерін, өзінің икемділігін көрсете білу керек. Енді, мына отырған сендердің де бойларыңда қандай да бір өнер дамыған. Ол мүмкін, мына тақтада көріп отырғандай, би билеу болар, мүмкін домбырада немесе басқа да аспаптарда ойнау болар, немесе сурет салып, керемет бұйымдар жасау да ол да бір өнер, тіпті тақпақ шығарып, өлеңді мәнерлеп оқып берудің өзі бір өнер болып табылады. Дәл солай біздің сыныпта да осындай тамаша дарынды да өнерлі балалар аз емес, иә?!

Ал, енді қазір сендердің де өнерлеріңді мына отырған апайларға көрсетейік иә?! Ол үшін, біздің келесі орындайтын тапсырмамыз әр топ өзінің жұмыс орнына барып орындайды.


1 топ: Көріп отырғандай сіздерде, түрлі түсті ою өрнектер бар, және де ақ қағаз берілген, сендердің мақсаттарың, осы берілген заттардың қазақтың төсеніші, әдемі ою - өрнекті кілем жасау болып табылады.


2 топ: Ал, екінші топ сіздердің алдарыңызда ермексаздар берілген, сол ермексаздарды қолдану арқылы, сіздер ыдыс-аяқ, немесе қазақтың ыдыс аяқтары кесе, шәйнек, немесе Торсыз істеулеріңе болады. Бұл сендерде мүсіндеу жұмысы болады.


3 топ: Ал, үшінші топ, сендердің тапсырмаларыңда өте қызықты болып табылады. Ол үшін, көріп отырғандай сендерге Конструктур құрастырушылары берілген, Сол арқылы сендер заманауи қазірге біздің ХХІ ғасырға сай не машина, не үй құрастыра аласыңдар!


4 топ: Ал, төртінші топ сендерге берілетін тапсырма, сендергі мынандай әдемі ленточка, құстар берілген, сендердің мақсаттарың осыны қолдану арқылы сәндік қолданбалы өнерді көрсету болып табылады.


5 топ: Сендерге, 5 топ, берілетін тапсырма, Ата баба өнері туралы, немесе соларға арнап әдемі 5 жол өлең шығару болып табылады.

Барлық топтарға берілетін уақыт: 5 минут!

Әр топ өз жұмысымызға кірісеміз.

(күй қосып қою)


Оқушылар орындаған тапсырмаларын қорытындылау.

Мадақтау.


Міне, оқушылар көрдіңдерме сендерде бізге, бүкіл сыныпқа өнерлі әрі талапты екендеріңді көрсете білдіңдер! Жарайсыңдар! Қане, бәріміз бір - бірімізге отшашу сыйлайық.

7. «Жаттығу жұмысы»


Оқушылар, сонымен бүгінгі сабақта біз сіздермен, ата баба мұрасы, өнері туралы сөз қозғап кеттік. Әр юір адамның өнерлі әрі жан жақты болу керектігін түсіндік. Соған арнап, келесі біздің орындайтын тапсырмамыз былай. Әр топ тағы да өз жұмыс орынжарына барып, алда тұрған ақ парақтар мен маркерлерді алып, бүгінгі сабақтың ережесін құрастыру керек. Яғни, ереже тақырыбы:


«Өнерлі болу үшін не істеу керек?!»


Тапсырманы орындауға әр топқа 4 минут уақыт беремін. Уақыт кетті! Жұмысқа кірісеміз.

Қорыту. Мадақтау.

8. «Қорытынды»

Рефлексия.

-Сонымен оқушылар, бүгінгі сабақта біз сіздермен қандай тақырыпта сөз қозғадық. ?

-ата баба өнері дегеніміз не екен?

-Біз оны не істеу керекпіз?

-Өнерлі болу үшін не істеу керек екенбіз?

-Осы жасаған жұмыстарымызды, құрған ережемізді орындаймыз ба?


Жарайсыңдар, сендер бүгін өте керемет жұмыс жасадыңдар!. Әр топ өзін өте белсенді көрсетті. Мәне, көрдіңдер ме тіпті сендердің бірге бірлесіп жұмыс істеулеріңді ол өнер болып табылады. Ол әр бір адамның қолынан келе бермейді. Ал сендер, оқушылар, бәріміз бірге, жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші бәріміз бірге жұмыс істедік.


Сабақ аяқталды, сау болыңдар!

Сынып жетекші: _______________

Әдіскер:______________________



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал