7


Ашық сабақ: Баяндауыш 3 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Баяндауыш

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

1. Оқушыларға тұрлаулы мүшелерді ажырату, сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік беру. Сөйлем мүшелері туралы білімдерін кеңейте түсу, таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру.

2. Оқушылардың ой - өрісін дамыту, өз ойын тез, әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру.

3. Оқушыларды өз ана тілін сүюге, құрметтеуге, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Түрі: бекіту

Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, ойын.

Көрнекілігі: «Болашақ баспалдағы», ту, жұлдызшалар, сызбалар.

Психологиялық ахуал

Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл қызың мәңгі сені

Болашағым, бақытым, дара тілім.

- Міне балалар, ғұлама кемеңгер ақындарымыздың тілі - туған тіліміз қаақ тілі сабағын бастаймыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану

Жатқа жаздыру.

Торғай тоғайды ұнатады.

Тоғай торғайды қуантады.

3. Әр сөйлемдегі баяндауыштың астын 2 рет сыздыру.

4. Сөйлемді баяндауышсыз айтып көр, сонда қалай болғанын баянда.

Жұмбақ:

Екі доп ауысты,

Бір шеңберді тауысты. (күн, ай, тәулік)

Тапсырма: Бастауыш, баяндауышты табу.

Күш - білімде,

Білім - кітапта, - («Болашақ» баспалдағының тапсырмасын орындап, келесі басқышқа жылжимыз. Жұлдызша қою.

«Жүйрік ойлы,

Тапқыр кім?» қаншалықты? Яғни, өзіміздің тапқыр ойға жүйріктіліктеріңді байқап көреміз. Ол үшін: жұмбақ шешеміз:

а) Өзім сөзден тұрамын,

біткен ойды құрамын (Сөйлем)

ә) Қоя салсаң бір тары,

Жаңалықты жеткіземін ( Хабарлы сөйлем) «тары»- нүкте

б) Ойды аяқтап орақ тұрады,

Жауап сөз қалап тұрады (Сұраулы сөйлем) «орақ»- сұрақ белгісі

в) Ұранды, шаттықты,

Өкініш, аптықты

Білдіріп ойын талайдың

Шарға ине қадаймын (Лепті сөйлем) «шарға ине»- леп белгісі

Жүйрік ойлы тапқырымыз кім болды?

Оқушыларды мадақтау. Жұлдызша қою.

Өлеңді аяқтау:

1) Далада қар борайды

Ақ мамыққа орайды

Мұз басады, қатады

Жып - жылтыр боп жатады.

2) Қар атып ойнайды,

Қызыққа тоймайды.

Аппақ қыс, ашық күн,

Ойнатпай, қоймайды.

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді,

Саңырауқұлақ тереді.

Кездесті, міне, керегі:

Екеуі қайың астынан.

Біреуі терек қасынан.

Қанша олар болмақ есепте,

Тоқылған салса себетке?

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

Баяндауыш деп сөйлемде бастауыштың қимылын, ісін, жай-күйін, кім, не екенін білдіріп тұратын тұрлаулы сөйлем мүшесінатаймыз.

Баяндауыштар көбінесе сөйлемнің соңында тұрады да, не істейді? не болды? не етеді? қайтеді? қандай? қанша? кім? не?деген сұрауларға жауап береді.

Үйге тапсырма

Оқулықтағы жаттығуларды орындау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау</</p>



Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Ашық сабақ: Баяндауыш 3 сынып

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал