- Учителю
- Сыныптан тыс жұмыс Аяулы анашым
Сыныптан тыс жұмыс Аяулы анашым
Жарыстың тақырыбы: Аяулы анашым!
Жарыстың мақсаты: Жас ұрпақты әдемілік әлемінің сұлулығын көзбен көре
отырып,зерделі болуға үйрету,ананың қадір қасиетін
түсіну.Мәнерлеп оқуға,әдемілікке,сұлулыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд «Аяулы анашым!»,әндер,шарлар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың барысы:
1-жүргізуші:
Жер бетінде адам өмір өтізер,
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар!
2-жүргізуші:
Армысыздар,ұстаздар ,ата-аналар!
Бармысыздар,
Болашақтың бастауы,
Балғын шақты балалар!
1-жүргізуші:
Ал келіңдер,келіңдер,
Біріңе-бірің еріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер!
2-жүргізуші:
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген-бәйтерегі өмірдің
Ана деген-алтын қазық,алтын бақ.
1-жүргізуші:
Әлемде өзгермейтін үш-ақ зат бар. Ол-ананың ақ сүті, күннің нұры, сәбидің күлкісі.
2-жүргізуші:
Әйел-жерден шыққан жоқ,
Ол да еркектің баласы.
Ерлер көктен түскен жоқ,
Әйел-оның анасы.
1-жүргізуші:
Ана деген асыл жандар болаттай,
Ана деген-мөлдір жандар бұлақтай.
О ,адамдар,қадірлей біл ананы
Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай!
2-жүргізуші:
Ашық жарқын жүзді,
Әділ қазылар біздің.
Тыңдап баға беруге
Шақырайық төрге
Төрелік өздеріңізде!
Әділ қазылар алқасы:
1.
2.
3.
Жарысқа қатысушылар тізімі
1. 7.
2. 8.
3. 9.
4. 10.
5. 11.
6. 12.
Қорытынды:
Өнер,білім серігің, адам атың,
Болашаққа сеніммен бара алатын.
Осыменен сайыс та тамам болды,
Бәріңіз аман болыңыз, жамағатым.