7


  • Учителю
  • Ертеңгілік сыйынар ем ана деген тәңірге! (2сынып)

Ертеңгілік сыйынар ем ана деген тәңірге! (2сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</<br>


ШҚО Өскемен қаласы, «№ 33орта мектебі» КММ Бастауыш сынып мұғалімі

8 наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік

Күні: 04.03.2016 жыл

Тақырыбы: Сыйынар ем Ана деген тәңірге!

Ертеңгілік мақсаты:

Білімділігі 8 - наурыз аналар мерекесі жайлы мағлұмат беру.Оқушыларды наурыз айының ерекшелігімен таныстыру. Ананың қадір қасиеті туралы мағлұмат беру.

Дамытушылығы: Балалардың ой өрісін танымын, анаға деген сүйіспеншілігімен

құштарлығын одан әрі дамыту.

Тәрбиелігі: үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге тәрбиелеу. Ананың махаббатын аялауға, ана мейрамын бағалауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: аналар жайлы нақыл сөздер, гүлдер, слайд, видео.

Барысы:

Күй ойналып тұрады. Ортаға мұғалім шығып сөз бастайды.

Шуақты көктем келді гүлін алып

Көктемнің мерекесі бүгін анық.

Өмірдің көктемі де, гүлі - Аналар

Ана деп бас иеді күллі халық.

Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі,

Армысыздар, қасиетті аналар!

Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 - наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп жатқан төл мерекелеріңіз құтты болсын! Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі аналар, сіздердің құрметтеріңізге «Сыйынар ем ана деген тәңірге» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Ал қазір сіздердің қошеметтеріңізбен ортаға сіздердің кішкене балапандарыңызды қарсы алайық. Балалар залға қол ұстасып, жұптасып әдемі әуенде вальс ырғағында айналып, билеп өтеді. («Тәттім-ау» әуенімен) Би аяқталады балалар жартылай шеңбер құрып тұрады.

Барлық балалар хормен: Құттықтаймыз анашым, 8 - ші Наурызбен!

Тәрбиеші: - «Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры тастай мұзды да жібітеді»- демекші, балаларымыздың аналарына арнаған тақпақтарын қабыл алыңыздар! Тақпақтарын айтады.

1. Анамның түссе қабағы,

Шаттанып мен күлмеймін.

Өйткені мен анамнан

Жақын жанды білмеймін.

2. Қандай бала болмайық,

Анамызға дәріміз.

Көтерсінші көңілін

Бәрі: Ән салайық бәріміз.

ӘН: «Анажан»

Ойын: Ал қазір біз ата - аналар мен балаларды ортаға шақырып ойын ойнасақ. Күй ойналып тұрады. Ата - аналар кезекпен көздерін жұмып өздерінің балаларын тауып алулары қажет. Сипап сезу арқылы өзінің баласын тауып алу керек. «Тапқыр ана» атағына ие болады.

Би: Гүлдер биі Ұлдар мен қыздар

Келесі тағы екі оқушының тақпағын тыңдайық.

3. Сенімінді ақтайды,

Еркелеткен балашың.

Аман жүріп әрқашан, Жантолы

Мұңаймашы,анашым.

4. Тыным таппай күнімен,

Ұйқы көрмей түнімен. Нариман

Бар тірлігін тындырып,

Бірге ойнайды менімен.

Барлығы бірге :

Мерекеңмен өзінді,

Құттықтайды балашың.

Арнап айтқан әнімді,

Қабыл алшы, анашым.

Құрметті ата - аналар сіздердің құрметтеріңізге «Ақ мамам» әнін қабыл алыңыздар.

1.Айналайын анашым

Әлемдегі жан асыл

Болса маған не керек

Бәрін іздеп табасың

2.Айналайын анашым

Асқар таудай панасың

Күн көзіндей күлімдеп

Құшағына аласың.

2.Ойын ата- аналармен: Ортаға 3 ананы шақырып «өрнек қию» ойынын ойнатамын.

Ойынның мақсаты: Аналарымыздың ептіліктерін тексеру

Ойынның шарты: Аналар түрлі-түсті қағаздан өз қиялындағы өрнекті қиып, қорғайды. «Епті ана» дипломына ие болады.

Би: қазіргі заманға сай би. Әні орындалады сол кезде балалар биді бастайды.

Балалармен ойын: Ойын: Құрметті ата аналар балаларымыздың ойынын тамашалаңыздар.

Ойын шарты: Ұлдар екі топқа бөлініп, аналарына дастархан дайындайды. Алдымен алжапқышты байлап, үстелге дастархан жаяды. Екінші оқушылар үстелге гүл қояды. Үшінші оқушылар үстелге тәтті қояды. Қай топ бірінші болса сол топ жеңімпаз болады.

Әже деген көп шығар,

Әжемдей менің жоқ шығар.

Мейірімді бұл кісі,

Қандай ғажап күлкісі

Жүргізуші:- Құрметті ақ жаулықты әжелер Қариясы бар үйдің қазынасы бар деген ұлы сөз бар қазақта сол себепті келесі әнімізді сіздерге арнаймыз

Ән « Ақ әжем»

Ойын ата - аналармен: Сыныптың аналарын топқа бөліп, ортаға шығарамын да «Әнді жалғастыр!» ойынын ойнату арқылы, әншіліктерін тексеремін.

Ойынның шарты: Бір топтың аналары ән бастайды, екінші топтың аналары жалғастырып кетуі керек, келесіде керісінше екінші топ аналары ән бастайды да бірінші топ жалғастыру керек. Ерекше көзге түскен ана «Әнші ана!» дипломымен марапатталады.

Балалардың тақпақтары:

5. Аналар ғой қуат берер тірлікке,

Алдарында сәби болып жүрдік те.

Аналар ғой жақсылыққа жетелеп, Батырбек

Үйрететін ынтымаққа, бірлікке.

6. Гүл-гүл жайнап әріміз,

Кіреді біздің сәніміз. Нурсултан

Аналарды тойымен

Бәрі: Құттықтаймыз бәріміз!

Тәрбиеші:

Мерекені қарсы алып,

Мәз болғанда барша жұрт,

Гүл ұсынып қыздарға,

Сыйлық бердім мен өзім - дей отырып қыздарға арналған сыйлығымызды табыс етуге рұқсат етіңіздер. (Ұлдар қыздарға сыйлықтарын табыс етеді)

Тәрбиеші:

Бөбегіңнің сыйлығын,

Қабыл алшы анашым

Ұзақ өмір жүз жасап

Ауырмашы анашым!

Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар, қарындастарымыз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жарығын сыйлаған - анамыз емес пе? Олай болса, әр баланың өзі дайындаған аналарына сыйлықтары бар екен, соны табыс етсін!

Келген қонақтарға құттықтау сөзі беріледі.

Ата - аналардың құттықтау сөз кезегі.

Жүргізуші: Өмірде ана - бұлақ, ана - пана

Өмірді өркендетер ана ғана,

Өсірген талай көсем, талай шешен,

Талай ер, талай ақын, талай дана.

Баршаңызды көктемнің алғашқы мерекесі 8-наурыз халықаралық ана - қыздар мерекесімен құттықтаймыз. Отбасыларыңызға бақыт, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілейміз дей отырып, бүгінгі шағын кешімізді «Көктем келді» әнімен аяқтаймыз.

















































































































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал