7


  • Учителю
  • Қонақжай қазақ әдебиет пәнен сабақ жоспары

Қонақжай қазақ әдебиет пәнен сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні: 22.04.2016 жыл.

Пән: Әдебиеттік оқу.

Сабақтың тақырыбы: Қонақжай қазақ

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік мақсаты: Қонақ күту - қазақ халқының дәстүрлерінің бірі. Бұл - адамдар арасындағы қатынастың көрінісі екенін түсіндіру. «Қонақжай», «меймандостық» деген ұғымдарды түсіндіру.

2. Дамытушылық мақсаты: Ой - өрістерін, сөйлеу мәдениеттіліктерін, адамгершілік сапаларын дамыту.

3. Тәрбиелік мақсаты: Әдептілікке, қамқорлыққа, ізгілікке, сыйластыққа, адалдыққа, салт- дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекіліктері: Ұлағат сөздер, суреттер, сызбалар, техникалық құралдар, киіз үй макеті, дөңгелек үстел, орындық, қоржын.



Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес. Топпен жұмыс

Сабақтың типі: Жаңа білімді оқып үйрету.

Сабақтың әдіс- тәсілдері: Әңгіме, сұрақ -жауап, көрнекілік, оқулықпен жұмыс, топтық, жұптық.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, назарын сабаққа аудару. 1-2 мин.

Психологиялық даярлық. 2 мин.

Бір-біріне сәттілік тілеу:

Қайырлы күн, досым

Қайырлы күн болсын

Бүгінгі жұма күні

Сәттілікке толсын!

-Балалар, сендер 3 топ боп бөлініп отырсыңдар, топ басшысын сайлап алыңдар, енді топ ережесін анықтап алайық.

• Өз ойыңды, пікіріңді анық жеткіз.

• Басқалардың сөзін бөлмей, олардың пікірін аяғына дейін тыңда.

• Өз пікіріңді дәлелде. Партаның үстінде бағалау парағы жатыр - топ басшысы әр орындаған тапсырмадан кейін баға қойып отырады. «5», «4», «3» деген бағалар.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 4-5 мин.

- Балалар, Қажымұқан Манейұлы қай жылы туды? /1871 жылы ,7 сәуірде/

- «Бала балуан» деп неге аттанды? /Күрес жолына түсіп, той-жиындарда халықтың назарын өзіне аударды./

- Қажымұқан дүниежүзінің неше мемлекетін аралап шықты? /28 мемлекетті/

- Оның қоржынында неше медаль бар? /56 медаль/

- Салмағы қанша болды? / 174 кг./

- Бойы ше? /195 см/

- Аяқ киімінің размері қанша еді? /54 размер/

- Қазіргі таңда Қазақстан мемлекетінде балуандар бар ма? Оларды ата? / Берік Ыстыбаев, Айбек Нұғымаров, Руслан Әбдіразақов/

- Болашақта күш атасы - Қажымұқан сияқты балуандарымыз көбейіп, біздің еліміздің даңқын көтере беруіне тілектеспін.

ІІІ. Жаңа сабақ. 5-7 мин.

  • Балалар, бәріміз тақтаға назар аударайықшы?

  • Не байқадыңдар? (оқушылардың жауаптары тыңдалады).

  • Дердің үйлеріне қонақтар келе ме? Жие келе ме? Ат а-аналар қонақты қалай қарсы аласыңдар?

  • Бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз «Қонақжай қазақ» .

  • Бүгінгі сабақтың мақсаты - қонақжайлықтың белгісі неде, қонақтың қандай түрлері бар екендігімен танысамыз және мәтіннің мазмұнын ашамыз.

  • Қонақ деп кімді айтамыз?

  • Қонақжайлылық дегенді қалай түсінесіңдер? (Балалардың жауаптары)

Қосымша мәлімет: Қазақ халқы - ежелден қонақ десе ішкен асын жерге қоятын халық. Үй иесі бұрын танысын, танымасын «Құдайы қонақпын» десе болды, жылы шыраймен қарсы алып отырған. Қонақты үй иесіқарсы алып, есікті өзі ашып, үйге кіргізіп, соңынан өзі кіріп есікті жабады. Бұл - қонақпен еріп келген «құт» бірге кірсін дегені. Алдымен қонақтарға сусын, қымыз, шұбат беріледі. Содан кейін шай ішіледі.

Әдетте ,қазақ ауылының қонақтары есепсіз көп болады. Әрине олардың арасында сыйлысы да, қадір- қасиеті кемдері де кездеседі.

Баяғыда батыр атамыз Сырым Датұлы өз үйіне қонып отырған сыйлы қонағы Төленді биден:

- Биеке! Қазақтың қонағы неше түрлі болады, соны айырып беріңізші,- деген екен. Сонда би:

- Қазақта 4 түрлі қонақ бар. Олар: арнайы қонақ, құдайы қонақ, қыдырма қонақ және қылтима қонақ- деп жауап береді.

- Ал олардың бір- бірінен қандай айырмасы бар? - деп сұрағанда Төленді би былай депті.

- Арнайы қонақ - алыстан әдейі іздеп келген тума- туыстардың, жолдастарың. Мал сойып шақырылған сыйлы қонақ.

- Құдайы қонақ - бейтаныс, шалғай ел, алыс жерден бір түнеп аттанатын бейтаныс жолаушылап жүрген тосын қонақ.

- Қыдырма қонақ - ерігіп, үйден- үйді, ауылдан- ауылды кезіп, қымыз ішіп, ет жеп жүрген сандалма қонақ.

- Қылтима қонақ - тамақ піскенін аңдып жүріп, шақырусыз келіп, ет жеп кетер сүйкімсіз нағыз сұғанақ қонақ осы - депті би.

«Көз - адамның айнасы » сөз адамның бет пішінін білдіреді. Адамның көзінен, жүзінен оның қандай көңіл күйде екені сезіліп тұрады. Сондықтан келген қонақты жылы жүзбен, шын көңілмен қарсы алу керек.

а) Мәтінмен жұмыс. Абзацты іштей оқып шығады.Абзацта кездесетін түсініксіз сөздерді түртіп алу және оқыған абзацқа ат қояды. Мәтіннің мазмұнын ашады.







Сөздік жұмыс. 5 мин.

Жетектеп - малдың байлаған жіппен ұстап жетеле.

Төр - үйдің ішіндегі ең құрметті орын, үйдің босағасына қарама-қарсы жоғары жағы.

Ығысу - орнынан қозғалу, жылжу.

Құмар - қызықтау, өуес, құштар.

Сыбаға - қадірменді, сыйлы адамға арнайы сақтаған соғым еті.

1 топ: 1-2 абзацты оқиды.

2 топ: 3 абзацты оқиды.

3 топ: 4-5 абзацты оқиды.

Шығармашылық тапсырмалар: 4-5 мин.

1 топ: Үйіңе келген қонақты қалай қарсы аласыңдар? Қонақты қалай күтесіңдер? (сахналап көрсету).

2 топ: Дастархан басында бата беру.

3 топ: Қазақтың салт дәстүрлерін атап, олардың біреуінің мағынасын аш.

Сергіту сәті: 1 мин.

Қазақы дастарқан

Ей,халайық,халайық,

Бар өнерге салайық

Уайым қайғы жоқ болсын

Қуанышын көп болсын

Қайырмасы

Дастарқан-ау,дастарқан

Мерекелі дастарқан

Берекелі дастарқан,ей(2 рет)

Жақсы келсе,құт болар

Жаман келсе,жұт болар

Жолаушымыз біз деген

Асыл мұра іздеген

ІҮ. Бекіту. Тест.

1.Келген қонақты қай жерге отырғызамыз ?

А ) төрге Ә ) босағаға Б) диванға

2. Үйге келген қонақты кім қарсы алу керек ?

А) баласы Ә) үй иесі Б) көршісі

3. Төрге қандай қонақ отырады ?

А) кіші қонақ Ә ) жас қонақ Б) бас қонақ

4. Алдымен қонақтарға не беріледі ?

А) сусын Ә ) ет Б) су

5. Қонақ әңгімесіне әсіресе кімдер құмар болады?

А) балалар Ә) анасы Б ) бойжеткен

6.Сыбаға деген не ?

А) сыйлық Ә ) жеміс Б ) қонаққа арнайы сақтаған ет



Топтастыру стратегиясы - Күн құрастыру.

  • Балалар партаның үстінде күннің сәулелері жатыр, сол әр сәулеге «Қазақ халықы» қандай деген сұраққа жауап бересіңдер. Қонақжай қазақ әдебиет пәнен сабақ жоспары

Ү. Сабақты қорыту.

Бүгінгі сабақтан не үйрендің?

Бүгін сабақта алған білімін өмірде саған керек бола ма?

Саған не қызықты болды?

Сенің тілегін.

ҮІ. Бағалау. Үйге тапсырма беру:

ҮІІ. Топ басшылардың бағалауы.

Қонақжайлық салтымыз,

Оқып - біліп жатырмыз.

Ата салтын сақтасақ,

Арта берер даңқымыз - деп сабағымызды аяқтаймыз.Сау болыңыз!



























































Бағалау парағы:





Бағалау парағы:









Бағалау парағы:





Бағалау парағы:



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал