7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты 'Ұлы Жеңіске 70 жыл!

Тәрбие сағаты 'Ұлы Жеңіске 70 жыл!

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Ұлы Жеңіске - 70 жыл
Сабақтың мақсаты: 1.Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы жеңістің мән-маңызы туралы мағлұмат беру. 2.Оқушылардың тіл байлықтарын, ойын ұштау.
3.Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, қазіргі таңдағы арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерліктерін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.
Отансүйгіштікке, елжандылыққа, батылдыққа, шыншылдыққа баулу.
Көрнекіліктер: Тақырып, шарлар, плакат, батырлар суреті.

Жүрісі:
Мұғалім:
- Құрметті ата-аналар,ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі 2 «Б»сыныбының «Ұлы Жеңіске - 70 жыл!» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
Сіздерді 9-мамыр Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтаймыз! Аталарымыздың, әжелеріміздің ерлігімен келген бұл Жеңіс мерекесі ұрпағымыздың есінде мәңгі сақталады. Бүгінгі өткізілгелі отырған тәрбие сағатымыз да осы Ұлы Жеңістің келбетін насихаттауға арналған.
- Балалар Ұлы Отан соғысы қай жылы басталды?
- Қай жылы аяқталды?
- 9 мамыр неліктен Жеңіс күні деп аталады?
Ұлы Отан соғысында Жеңіске жеткенімізге биыл 70 жыл толып отыр.Осы жеңіске жету жолында Қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан тарихындағы жарқын беттерге айналды. Ұлы жеңістің тарихтан алатын орны ерекше. Бүкіл Кеңес халқының 20-25 млн-нан астам ержүрек ұлдары мен қыздары құрбан болды.Бұл соғыста миллиондаған әйелдер жесір, балалар әкесіз қалды. Аналар ұлдарынан айырылды, оның құрбандығына шалынбаған отбасы қалмады.
Фашистік қарақшылар 1710 қала мен жұмысшы поселкелерін, 70 мың село мен деревняны құртып жіберді.Осы соғысқа Қазақстаннан 1млн.70мың адам қатысса, олардың басым көпшілігі ұрыс даласында қаза тапты, бірі хабар- ошарсыз кетті. Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Сондықтан Жеңіс күні әрқайсысымыздың жүрегімізге жақын.
Ендеше соғыс даласында хабар-ошарсыз кеткен,қаза тапқан ер жүрек батыр ата-әжелерімізді бір сәт үнсіздікпен еске алайық.
1 мин. үнсіздік
Өкінішке орай, уақыт сол ұлы оқиғаларға қатысушыларды біздің арамыздан алып кетіп жатыр.Олар азайған үстіне азайып барады.Бірақ ешкім де,ештеңені ұмытпауы тиіс! Себебі, бұл-біздің тарихымыз, біздің мақтанышымыз, біздің даңқымыз!

Қан майданның жүректе жарасы бар,
Қайғысы мен зілі бар, наласы бар.
Арамызда жүретін алшаң басып,
Ардагерлер, азайып барасыңдар.
Ерлік сүйген еліңе салтың ұнар,
Жүздеріңде жанған от жарқылы бар.
Соғыс деген салмағын жалғыз сөздің
Бүгінгі ұрпақ өздерің арқылы ұғар.
Жасқанбаған жауынан жарақта ер,
Ерлігіңді аңыз қып таратты ел.
Қаһармандық дегенді кейінге ұрпақ
Жүздеріңе сендердің қарап білер.

- Ендеше сол жылдарға көз жүгіртейік.


1941 жылы 22маусым күні, таңғы сағат 4-те таң шапағы жаңа арайлап келе жатқан кезде фашистік Германия тұтқиылдан Кеңес Одағына опасыздықпен басып кірді.
Бұлт түнеріп аспаннан,
Талай көзден жас тамған.
Тұтқиылдан жау келіп,
Қырғын соғыс басталған.

Оқ борады күні-түн
Жатты жерді от қарып.
Алға қарай ұмтылды,
Батыр қазақ оқты алып.
Туын жықпай қолдағы,
Опат болды елі үшін.
Кеудесімен қорғады,
Азаттықтың жемісін.
Солдаттар жаралы
Майданнан оралды.
Ажал боп төнген жауына,
Даулды көктің қыраны.
- Соғыстың алғашқы күндерінен-ақ бүкіл халық жан тәнімен өз Отанын қорғауға аттанды. Солардың арасында Бауыржан Момышұлы, Талғат Бегелдинов, Рақымжан Қошқарбаев, Мәлік Ғабдуллин сынды аталарымыз ерлік көрсетсе, Мәншүк Маметова, Әлия Молдағұлова сынды әжелеріміз Отаны үшін жандарын құрбан етті.
Кешіп өтіп кешегі от жалыннан
Дүниеге ерлігімен танылған,
Кең жауырынды,Талғардай тік иықты.
Бөрі кеуде, бүркіт қабақ Бауыржан.
-деп ақын ағаларымыз суреттегендей Бауыржан атамыз сұрапыл соғыстың басынан аяғына дейін қатысқан. Бауыржан атамыздың ерлігін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, ол соғыста жауынгерлерге басшылық еткен. Батыр атамыз 207 рет ұрысқа қатысып,5 рет өлімші болып жараланған екен. Ендігі кезекте Бауыржан Момышұлы туралы өлеңдер:

Қайтпаған дауылдан
Кек алған жауынан
Халқымның қастерлі
Жайсаңы Бауыржан.
Қазақтың қаны үшін
Жүрегі ауырған
Елімнің намысын
Қорғаған Бауыржан.
Жаралғандай жалыннан
Жайсаң батыр-Бауыржан,
Естігенде есімін
Жау есінен жаңылған.

Бауыржан атамыздың өмірінен көрініс: «Омыртқадағы оқ».

Бауыржан: Көпеков Аманжол

Дәрігер: Тынысбай Ақылбек
- Ал,Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов - Авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры, «Барыс» орденінің иегері. 1922 жылы 5-тамызда Сарыарқаның кең-байтақ даласында, Ақмола облысының Майбалық ауылында туған. Талғат Бегелдинов туралы өлең:
Батыр Талғат ағамыз
Құртып талай жау мысын
Мейірімді кескін жүз
Ерге біткен мінезі
Кеудесінде қос жұлдыз
Екі рет батыр - бір өзі.
- Қошқарбаев Рақымжан (1924 -1988 жж.) - Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақ азаматы, Халық Қаһарманы. 1924 ж. 19 қазанда Ақмола облысы Ақмола ауданында дүниеге келген. 1942 ж. әскерге алынған. Соғыс кезінде асқан ерлік көрсеткен. 1988 ж. 10 тамызда Алматы қаласында қайтыс болды.
Рақымжан Қошқарбаев туралы өлең:

Өр тұлғалы келбетті
Қошқарбаев Рақымжан
Сын сағатта ерлепті,
Ер сүйсінген батыр жан.

Жиырма сегіз гвардияшы Панфиловшылар -

жылдарында ерлікпен қорғаған қазақстандық жауынгерлер. 1941 ж. 15 қарашада әскерлері 51 дивизиямен Мәскеуге екінші "негізгі шешуші шабуылды" бастады. Батыс жауынгерлері ауыр ұрыстар жүргізді. Осы майданға кіретін 16-армияның құрамында Алматыда жасақталған басқарған (кейіннен 28-гвардиялық-панфиловшылар дивизиясы) Мәскеу түбіндегі тас жолын қорғады.

Ротаның саяси жетекшісі басқарған взвод жауынгерлері - барлығы 28 адам мылтықпен, жанармай құйылған шөлмектермен, гранаталармен қаруланып, жаудың 20 танкісімен 4 сағатқа созылған ұрыс жүргізді. Жаудың 14 танкісі қиратылып, панфиловшылар арасынан да бірнеше адам қаза тапты. Жау ұрысқа тағы 30 танк шығарды. Қазақстандық жауынгерлер соғыс тарихында сирек кездесетін ерлік жасап, жаудың болат құрсанған машиналарына төтеп берді. 28 панфиловшылардың 23-і қазаға ұшырады, бірақ жау танкілері олардың шебінен өте алмады.

Тастар көкке атылды,

Орман шулап, тау құлап,

28 батырды жеңе алмады жау бірақ.

Жамылды жер тұманды,

Өрт ішінде қалды бақ.

28 қыранды жеңе алмады жау бірақ.

Оқ астында зулаған,

Туған жермен бір болып,

Жау алдында тұр олар 28 мың болып,

28 батырын ұмытпайды ел мәңгілік.

Ән: «Ел қорғауға әзірміз!»

-Бұл соғысқа ер азаматтар ғана емес, қыздар да өз еріктерімен сұранып барған. Солардың ішінде Шығыстың қос жұлдызы Әлия мен Мәншүк те бар.
Қазақтың жауынгер батыр қызы Әлия Молдағұлова 1925 жылы Ақтөбе облысы, Қобда ауданында дүниеге келген. Ол әке-шешесінен жастайынан айрылып, ағасының тәрбиесінде болады. Кейін Ленинградқа көшіп , сол жердегі балалар үйінде тәрбиеленеді. 1941жылы Әлия 16 жаста болған. 1942жылы өз еркімен соғысқа аттанады. 1943 ж. Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 ж. бастап 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші жағалауы фронты). Жау әскерінің 30-дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған. 1944 ж. 14 қаңтарда 19 жасында Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты. Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға 1944 ж. 4 маусымда Кеңес Одағы Батыры атағы берілді. Ленин орденімен марапатталды.

Әлия Молдағұлова туралы өлеңдер:
Қош айтып оқу-ойынға,
Әжесін тастап қария.
Қол бұлғап туған Отанға,
Майданға кетті Әлия.
«Алтын жұлдыз»
Көкте зырлап барады
Алтын жұлдыз.
Жерде тұрып қарады
Әлия қыз.
Алтын жұлдыз алысқа
Кетті ағып,
Кетті ағып,жас қызға
Бір ой салып.
Алтын жұлдыз зымырап
Кетті алыс,
Кетті алыс мылтық ап
Бір жап-жас қыз...
Майдан кешті мылтық ап
Әлия қыз,
Өр төсінде жарқырап
Алтын жұлдыз.

Жер мен көктің арасын
Шарпығанда қалың өрт.
Әлия орыс қаласын
Азат етіп болды мерт.
Ол жеңісті көрген жоқ
Келді кейін азат күн.
Бірақ мәңгі өлген жоқ
Батыр қызы қазақтың.

Әлияны бұл күнде,
Барлық бала біледі.
Әлия аты-көңілде,
Әпкеміз деп жүреді.
- Мәншүк Мәметова (Жиенғалиқызы) 1922 Батыс Қазақстан қазіргі Орал облысының Орда ауданында туған. Шын есімі Мәнсия. Анасы еркелетіп Моншағым дей бергеннен, Мәнсияның тілі келмей өзін Мәншүк деп кеткен.

басталған кезде Мәншүк оқып жүрді. ж. тамызда ол өз еркімен қатарына алынып, құрамында ұрысқа қатысты.

, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түсті. Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты.
Сонау жылы жер көкті
Соғыс бұлты торлаған
Сонда Мәншүк әпкеміз
Жаудан елді қорғаған.
Үстінде сұр шинелі
Дулығасы болаттан.
Мәншүк әпке күн түні,
Жауға оқты боратқан.
«Гүл»
Мәншүк атыс толасында,
Жүр орманның арасында.
«Мені ал,мені ал» деп алуан гүл
Қолына оның таласуда.
Тығылып гүл омырауға,
Сұрағандай жанға сауға.
Ант еткендей тұрды Мәншүк
Гүлді жауға таптатпауға.
Жау еңсесін жаншып төмен,
Қуған оның жатыр ізі.
Есіңде ме Мәншүк деген,
Қазақтың жас батыр қызы.
Әпкеміз деп жүреді,
Атын аңыз жыр қылып
Елдің батыр түлегі,
Әр жүректе тұр күліп.
Бауыржан,Мәлік,Талғаттар
Сүйікті болып қалды аттар.
Олар аттас қаншама
Сәби бар,шәкірт,солдат бар.
Жанымдай сүйем халықты,
Ерлері мәңгі даңқты
Өнеге тұтып өсемін.
Әлия,Мәншүк,Мәлікті.
Аттары әнге ұласқан
Нұркен боп ашық тұр аспан,
Табылар Мәншүк,Әлия
Қарасаң әр бір кластан.
Ән: «Бозторғай».

-Сол сұрапыл соғыс жылдары ауыл- ауылдан сәбилер мен қарттардан басқа ер азаматтардың барлығын соғысқа алып кеткен.Ал ауылда қалған әйел адамдар тылда қызмет еткен. Яғни, оларға киімдер тоқып, тігіп, оқ дәрілер дайындап, біреулері егіншілікпен айналысып азық түлік жіберіп отырған. Ал ауылда қалған жастар Отан қорғап жүрген әкелеріне, ағаларына, әпкелеріне өздерін күтетіндерін, оларды үнемі қолдайтындарын, ауылдың жайын хат жазу арқылы жеткізіп отырған.
Олай болса ендігі кезек «Әскердегі ағама»өлеңі
Сау-саламат жүрмісің,
Әскердегі ағажан?
Түзеуде ел тұрмысын,
Туыстардың бәрі аман.

Есімде айтқан ақылың,
Жақсы оқушы саналам.
Ойдағыдай оқуым,
Күнде үздік баға алам.
Алдық жазған хатыңды,
Келді жаңа суретің.
Көрдік нағыз батырды,
Өтеп жүрген міндетін.
Жарасып тұр формаң да,
Қызығып көп қарадым.
Өсіп жасым толғанда
Мен де солдат боламын.
Саған құрмет - бейбітшілік сақшысы.
Сен тұрғанда қуырылар жау апшысы.
Саған миллион жүректердің салюті.
Саған сөздің шұрайлысы, жақсысы.
-деп,ендігі кезек:
Би: «Сарбаздар»
Ұлы Отан соғысының дүние жүзі үшін маңызы зор болды.
1945 жылы 8-мамырда Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап қол қойды.
1945 жылы 9-мамырда бұрын-соңды болмаған мың зеңбірек, 30 дүркін салют атылды.
Міне, жеңіс күні осылай келген екен.
Дүние жүзі халқы бостандық алды.
Халық Отан ұғымын терең сезіне түсті.
Қаһарман ерлік пен еңбек жеңіп шықты.
Зұлымдық,басқыншылық тізе бүкті.
Бірлік,ерлік,халықтар достығы нығая түсті.
Айтып болды дүние талай әнді,
Аспан жүзін таң алды арай алды.
Жетсек деген арманға жетті-дағы,
Жеңіс деген бір сөзден ел оянды.

-Келесі кезекте жеңіс туралы өлеңдер.
Кетпес олар естен мәңгі,
Кектері тұр кеудемізде,-
Ерлік даңқы - жеңіс таңы
Жарқыратып келді бізге.
Жеңіс келді далама,
Жеңіс келді ән болып.
Жеңіс келді қалама,
Келді ауылға сән көрік.
Жеңіс күні құтты болсын,
Құтты болсын аталар
Ұмытпайды ешқашан да,
Жауынгерді балалар.
Алақай ай,әйгілі
9 май бүгін
Алғаш күні шаттықтың
Соңғы күні қайғының.
Ұлы күшке сенген күн
Фашистерді жеңген күн
Қырмызы гүл, қызыл гүл
Құшақтарға енген күн.
«Жеңіс күні»
Ойлап-ойлап тұрдым көп,
Сұрақ қойдым білгім кеп:
-Қуанышты мереке-
Жеңіс күні қай күн?-деп.
Атамнан да сұрадым,
Әкемнен де сұрадым,
Ағамнан да сұрадым,
Анамнан да сұрадым.
Тосты бәрі құлағын:
-Дұрыс,-десті сұрағың.
-Бейбіт күннің бәрі де
Жеңіс күні шырағым!

- Ендігі кезекте ер балалардың орындауында ән: «Солдат болам мен ертең!»
«Күн көзін бұлт баспасын»
Енді соғыс болмасын!
Қабаққа қайғы қонбасын,
Жер бетін өрт шалмасын.
Әр күні бейбіт таң атып,
Әлпештеп жұртты оятып,
Әр күні көкке күн шықсын!
Күрсінбесін аналар!
Күле берсін балалар!

Соғыс өрті жанбасын,
Сәбилер жетім қалмасын!
Есігіне әр үйдің
Бесігіне сәбидің
Мәңгілік бақыт орнасын
Болмасын соғыс болмасын!
Мәңгілік бақыт орнайды
Болмайды соғыс болмайды.
Ән: «Әр қашан күн сөнбесін»

Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін!
Есен - аман болайық,
Енді соғыс болмасын!
Өртенбесін туған ел!
Шайқалмасын асқар бел!
Шайқалмасын шалқар көл!
Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағыңа жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!
Осы тілекпен барша халайық түрегел!
- Жеңісті қолдан бермеген батыр ата-әжелеріміздің көпшілігі жеңіске жеткендерін көрген жоқ, бірақ қасық қаны қалғанша Отаны үшін, болашақ ұрпақ үшін шайқасты. Бүгінде солардың арқасында тыныш та бейбітшілік заманында өмір сүріп жатырмыз. Төбемізде Тәуелсіздіктің көк туы желбіреп тұр.
Келесі кезекте: Ән: «Бейбіт күн тілегі».

Орындайтын: Тынысбай Ақылбек
Қорытынды: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Осымен 2 «Б»

сыныбының дайындаған «Ұлы Жеңіске - 70 жыл!» атты тәрбие сағатын аяқтай отырып, баршаңызға бақыт, бірлік тілейміз. Әрқашан еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Бейбітшіліктің символы болған ақ көгершін ашық аспанымызда қанаты талмай биік самғай берсін деген ниетпен «Ақ көгершін» әнін тарту етеміз.

Ән: «Ақ көгершін»

Қорытынды сөзді ата-аналар мен ұстаздарға береміз.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал