7


  • Учителю
  • Ашық сабақ жоспары тақырыбы “Қамқорлық”

Ашық сабақ жоспары тақырыбы “Қамқорлық”

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Атырау қаласы ""

Ф.Оңғарсынова атындағы орта мектеп

Сабирова Сәуле





Сабақтың тақырыбы: «Қамқорлық» Б.Соқпақбаев

Сабақтың мақсаты: 1.Жазушы өмірін еске түсіре отырып мағлұмат беру,мәтіннің негізгі идеясын ашу,оқушының оқу дағдысын қалыптастыру.

2.Оқушының ойлау қабілеті мен есте сақтауын өз беттерінше жұмыс істеу қабілетін дамыту.

3.Ізденімпаздыққа,тапқырлыққа, табиғатты қорғап аялауға баулу.



Сабақ типі: Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақ әдісі: Түсіндіру, баяндау, Венн диаграммасы, сұрақ-жауаптар т.б.

Сабақтың құрал-жабдығы: Сурет,оқулық, жұмыс жасайтын орталықтар

1.Оқу, жазу орталығы

2. Драма орталығы

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа керекті құрал-жабдықтарын дайындатып, зейіндерін сабаққа

аудару.



Психологиялық дайындық



Біз бақытты баламыз,

Ойнап, күліп аламыз.

Жетілсін деп санамыз,

Оқып білім аламыз.

2. Үй тапсырмасы



- Үйге қандай тапсырма берілді?

-«Көжек» ертегісінің мазмұнын айтып, сұраққа жауап беру.

1)Шаруа көжекке қандай аяушылық білдіретін сөз айтты?

2) Көжектің қорқынышты халін баянда.

3)Шаруа неліктен көжекті үйіне әкелмекші болды?

4) Туған-жер, отан туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

5) Көжек неге жылы үйден қашты?



Тақтаға бес оқушыны шығарып, ертегі мазмұнын сұрап, оқушыларға сұрақ қойғызу, туған жер туралы мақал-мәтел айтқызып бағалап, қорытындылау.



3. Жаңа сабақ

1. «Пікірлер ағашы» арқылы жазушы Бердібек Соқпақбаев туралы білетіндерін сұрау.

• Б.Соқпақбаев 1924 жылы .Алматы облысы Нарынқол ауданында дүниеге келген.

• Балалар жазушысы

• Қазақфильм студиясында

• «Қазақ әдебиеті» «Балдырған » журналында жұмыс істеген .

• Шығармалары «Алыстағы ауылда », «Балалық шаққа саяхат» «Менің атым Қожа» , «Өлгендер қайтып келмейді »



1.Ол кім?

2.Қайда туған?

3.Қай жылдары өмір сүрген?

4.Қандай шығармаларын білесің?

5.Қандай қызмет атқарған?

2. «Жақсыдан үйрен» бөлімінде не өттіңдер?



1.Үлкенді сыйлау

2.Адал достық

3.Әдептілік

4.Мақтаншақ болмау

5.Қамқорлық т.б



4.Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы «Қамқорлық»

Авторы Б.Соқпақбаев



Бүгінгі өтетін тақырып мазмұнын меңгерту үшін оқушыларды орталықтарға бөліп әр орталыққа тапсырма беру.



5. Тапсырмаларды орындау.

1-қатар. Оқу мен жазу орталығы

1. Әңгімені оқып түсінігін айту.



2-қатар. Мінездеме орталығы.

Әңгімедегі Жантас пен Қожаға мінездеме беру Венн диаграммасы арқылы



3-қатар..Драма орталығы

1.Әңгіме мазмұнын оқып, көрініс қою.





6. Дәптермен жұмыс.

Мақал-мәтел жазу.

Әдепті бала - арлы бала, әдепсіз бала - сорлы бала.

Жақсының ісі-береке, жаманның ісі- келеке.

Балапан ұяда не көрсе , ұшқанда соны іледі.

Талапты бала талпынған құстай, құмары қанбас аспанға ұшпай.



7. Тест тапсырмасы.

1.Ж. Аймауытовтың әңгімесі.

А) Бүркіт. Ә) Торғай. Б)Көжек.

2. Өзен кімнің өлеңі?

А) Ыбырай. Ә) Абай. Б) Шәкәрім

3. «Азықсыз аш адамға ат басындай алтыннан түк пайда жоқ»

А) Таза бұлақ. Ә) Нағыз адам. Б) Бір кесе меруерт.

4.Абайдың ұлы кім?

А) Әбіш. Ә) Шоқан. Б) Шәкәрім.

5. Күзек сөзінің мағынасы не?

А) Көктемгі егіс даласы. Ә) Қойды күзде қырқатын қоныс.

6. Шоқанның әкесі кім?

А) Абай. Ә) Шәкәрім. Б) Шыңғыс.

7.«Жылан торғайды арбап жейді»деген сөз кімнің әңгімесінде айтылған?

А) М. Сүндетов. Қайырымдылық. Ә) Ж. Аймауытов. Торғай.

8. Киіктің жаңа туған лағын қалай атайды?

А) Құралай. Ә) Қозықа. Б) Ақбөқен. В) Марал.

9. Көкшені гауһар тастан жасалған күмбезге теңеген кім?

А) С. Сейфуллин. Ә) М. Сүндетов. Б) С. Мұқанов.

10. Наурыз қандай мейрам?

А) Діни мейрам. Ә) Мемлекет мейрамы. Б) Ұлттық мейрам.





7. Қорытындылау

«Венн» диаграммасы

Ж.Аймауытов Б.Соқпақбаев



1.Ж.Аймауытовтың әңгімесі әңгімесі қалай аталады?

2.Б.Соқпақбаевтың әңгімесінің аты қалай?

3.Жүсіпбектің торғайы неден қорқып еді?

4.Бердібектің торғайы ше?

5.Жүсіпбектің торғайына ара түскен кім?

6.Бердібектің торғайы ше?



8. Бағалау

Сабаққа жақсы араласқан оқушыларды мадақтап, бағалау.



9. Үйге тапсырма.

«Қамқорлық» тақырыбына сүйене отырып эссе жазу.

















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал