- Учителю
- Қазақ тілі Тақырыбы: Кемпірқосақ (3 сынып)
Қазақ тілі Тақырыбы: Кемпірқосақ (3 сынып)
Белағаш мектеп- бақшасы
Жақсы ауданы
Ақмола облысы
Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Асылбекова А.С.
Ашық сабақ
3 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Кемпірқосақ»
Сабақтың мақсаты: тақырып бойынша түсінік беріп, сөздік қорларын, сөйлеу тілдерін дамыту. сауатты жазуға, оқуға дағдылау. Табиғатта болып жатқан өзгерістерді (кемпірқосақтың шығуы) сипаттай алуға үйрету, түстерді қайталау, тақырыпқа қатысты етістіктерді өткен шақта дұрыс қолдана алуға жаттықтыру. Табиғатты қорғауға, сауаттылыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас Сабақтың көрнекіліктері: көрнекіліктер, сөзжұмбақ,қима қағаздар,плакат, кемпірқосақтың түстері қиылған түрлі түсті қағаздар, кластер, жаңа технология. Сабақтың барысы: 1.Әнұран. 2.Кезекшімен әңгіме: 1.Қазір қандай жыл мезгілі? 2.Қазір қай ай? 3. Сыныпта кім жоқ? 3.Психологиялық жағдаят: 5 болсын алар бағамыз, Білімммен бақыт табамыз. Өнер- білім көп бақыт , Өсе берсін санамыз. 4.Кіріспе.Бір жылда неше жыл мезгілі бар? Мезгілдерді ата. Айлары ше? 5.Үй тапсырмасын тексеру: 1.Сөздер жаттау. 2.Сөзді жіктеу (сыйла). 1-ші қатар. Келер шақ . Мен сыйлаймын. Сен сыйлайсың. Сіз сыйлайсыз. Ол сыйлайды. 2-ші қатар. Өткен шақ. Мен сыйладым. Сен сыйладың. Сіз сыйладыңыз. Ол сыйлады. 6.Тақырыппен танысу үшін сөзжұмбақ шешеміз. Сөзжұмбақ. Кілт сөз «кемпірқосақ» Балалар бүгінгі өтетін тақырыбымыз кемпірқосақ. Біз кемпірқосақтың суретін саламыз. Оны салу үшін тапсырмалар орындау керек.Әр тапсырмадан соң түстерін жапсырамыз.Соңда сабақтың аяғында барлық тапсырмаларды орындап болғанда кемпірқосақтың суреті шығады. 7.Дәптермен жұмыс. 1.Көркем жазу. 2.Мақалды көркемдеп жазу. 8.Сөздік жұмыс: 1. Мұғалімнің айтуы. 2.Хормен қайталау. 3.Жеке-жеке айту. 4.Жазу. 9.Мәтінмен жұмыс. 1.Мұғалімнің оқуы. 2.Оқушылардың оқуы ішінен. 3.Дауыстап оқу. 4.Сұрақ- жауап. (қызыл түс) 10.Сегіту сәті. (қызғылт сары) 11. Тақтамен жұмыс. . Бүгін ауа райы (теплая). Күн (солнечный). Кенет аспанды(тучи) қаптады. (Дождь) жауды. Сәлден соң (радуга) шықты. (сары)
12.Өздік жұмыс. Толықтырып жазу. Кеше ...жаңбыр жауды. Жаңбырдан кейін ...кемпірқосақ шықты. Кемпірқосақтың жеті түсі бар: ...қызыл, қызғылт, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін. Кемпірқосақ ... әдемі болды. (жасыл) 13. Карточкамен жұмыс. 1-ші деңгей. Сәйкестендіру. әдемі күн түрлі түсті аспан бұлтты кемпірқосақ көгілдір гүл 2-ші деңгей.Сұрақ- жауап. Кемпірқосақ қашан шығады? -----------------------------------Кемпірқосақтың неше түрі бар? --------------------------------- 3-ші деңгей. Дыбыстық талдау. Көгілдір, жаңбыр. (көгілдір,көк,күлгін) Әр топ бір-бір түстен жапсырады. Кемпірқосақтың суреті шығады 14. Қорытынды. Сұрақ- жауап. Кластер құрастыру. 15.Үйге тапсырма:1. Сөздер жаттау. 2.Мәтінді мазмұндау. 16. Бағалау. 17. Ән шашу.
Көктем мезгілі туралы ән орындау.