- Учителю
- Математика пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары Натурал және рационал сандар
Математика пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары Натурал және рационал сандар
Математика пәнінен қысқа мерзімді жоспарМектеп: Балтасап негізгі мектебі
Сынып: 1
Мұғалім: Ахметжанова Ж.С
Күні: 10.05.16
Қатысқаны:
Қатыспағаны:
Сабақтың тақырыбы:
1.1.Натурал және рационал сандар
Сабақтың мақсаты:
1.1.1.4. 20-ға дейінгі сандарда 2-ден топтап тура және кері санын 20-ға дейінгі жұп/тақ сандарды білу.
Жалпы мақсат:
-20-ға дейінгі сандарда 2-ден топтап тура және кері санын 20-ға дейінгі жұп/тақ сандарды білу.
-сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру.
-АКТ-ны тиімді пайдалану
Бағалау критерийлары:
Барлық оқушы
-20 көлеміндегі жұп және тақ сандарды атап айтады.
Көптеген оқушы
-2-ге дейінгі жұп және тақ сандарды екі-екіден санай алады
Кейбір оқушылар
-екі-екіден санау барысында және 20 көлеміндегі жұп және тақ сандарды атауда қиналады
Тілдік мақсат:
Оқушылар тәжірибеде жүзеге асырылатын санау нәтижесін дұрыс сипаттай алады, заттың ретін номерін атау;
Осыған дейінгі меңгерген білім:
Күнделікті өмірде немесе балалар бақшасында сандар ретімен санауды үйрену тәжірибесі
Жоспар
Жоспарланған уақыт есебі
Жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар
Психологиялық ахуал
Басы 0-5 минут
1, 2, 3
Сынып іші тып-тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз ,
Сабақты біз бастаймыз.
Үй жұмысын тексеру
Топқа бөліну.
Жұппен санауды үйренбеген оқушыларға практикалық тапсырма беру.Мысалы: ойыншық аюға қолғап, аяқ киім, санауды ұсынады.
Қағазға басылған 1-100-ге дейінгі сандар кестесі, сонымен қатар интерактивті тақтада көрсету немесе флипчартта үлкейтілген. Сандық жолақша 1-20 дейін.
Ортасы
5-30 минут
(Ұ)Оқушылар жұппен бір сызық бойына тұрады.(қолдарында сандар жазылған карточкалар). Әр топтағы оқушылар өздерінің нөмірлерін атай бастайды.Нөмірлеу сол жақтан басталады.Монымен, бірінші жұп 1-2, екінші жұп 3-4, келесі жұп 5-6... деп әрі қарай жалғаса береді.Балалар толығымен нөмір алып шығады. Сонан соң тек оң жақтағы оқушылар өз нөмірлерін кезекпен атағанда (2,4,6,..)әрі қарай нөмірлері айтылуы тиіс) бұл сандар жұп сандарды білдіретінін түсіндіру. Бұл сандарды тізбек ретінде білдіретінін түсіндіру. Келесі сан қандай болады?
Дәптермен жұмыс.
1 тапсырма. Қалдырған сандарды жаз. Әрбір екінші жапырақты сары
түспен боя.
2 тапсырма. Әр ыдысқа бір қарындаштан қос. Әр ыдыста неше
қарындаштан болады?
Мына екі ыдыстағы қарындаштарды бөліп салайық және екі ыдыстағы
қарындаштарды тағы қалай өзгертіп салуға болады? Мысалы:
3+2=5
4+1=5
2+3=5
Сергіту сәті
«Австралиялық жаңбыр»
(Ө)Оқушыларға 100-ге дейінгі сандар кестесінен н/е сан қатарындағы жұп сандарды табуды және түрлі түсті қарындашпен н/е маркермен бояуды ұсыныныз.
Жұп сандар қатарын басқа түспен бояп, 100-ге дейінгі сандық түзуді дайындаңыз.
(Ж,Ө,Қ) Оқушыларға алғашқы 20 жұп санды ретімен жазып алуды ұсыну. Қандай сандарды байқадыңдар? Енді алғашқы 20 тақ санды ретімен жазу.
Не байқадыңдар? Оқушылардан сандар арасындағы байқаған заңдылықтарын түсіндіріп айтуын сұраңыз. Жұп сандар әрқашан 2, 4, 6,8,0-ге, тақ сандар 1,3,5,7,9-ға аяқталатынына көңіл аудару.
Соңы 35-45 минут
Кері байланыс
Жұлдызшаларда жазылған 0-ден 20-ға дейінгі сандарды кері және тура санап шығу.Жұп/тақ сандарды 2 қатарға бөліп жазу.
Деференция
Бағалау
Пәндік байланыс
«Жетістік» баспалдағы бойынша бағалау
Кері байланыс
</<br>
Рефлексия
Сабақ мақсаты орындалды.
Бүгін балалар тақырыпты түсінді.
Уақытты тиімді пайдаландым.