- Учителю
- 4- сынып қазақ тілі
4- сынып қазақ тілі
Пән: қазақ тілі 4 «Б» сынып күні: 29.04.16ж
Сабақтың тақырыбы: «Менің сүйікті жыл мезгілім»
Сабақтың мақсаты:
- Оқушылар жыл мезгілдеріне сипаттама бере алады;
-Табиғат құбыластарының өзгеруін түсіндіре біледі;
- Туған жеріне, табиғатқа деген құрмет, патриотизмді көзқарастарын
тәрбиелеу
Сабақтың түрі: қайталау сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, суреттер.
Сабақ барысы:
I.Психологиялық тренинг «Сәлемдесу» 1 минут
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай таза көңілмен,
Бүгінгі сабағымызды бастайық!
Бүгінгі сабаққа келген қонақтарымызбен амандасайық.
Сыныпта бүгін кім кезекші?
Енді алдарыңдағы жүрекшелерге өздеріңе немесе достарыңа тілек жазыңдар. (1 сөзбен) Жүрекшеге тілек жазу.
-
Балалар қалай ойлайсыңдар біздің сабағымызда не істеуіміз керек? 1 мин
-
Дұрыс айтасыңдар балалар. Ендеше іске сәт!
-
Бүгінгі сабақта біз топпен жұмыс істейміз. Топқа бөліну үшін мына қиық қағаздардан таңдап алыңдар және ортақ сурет құрастырамыз. 1 минут
Ал енді алдарыңдағы жүрекшедегі тілектерді оқимыз.
-
Дәптерлеріңді ашып бүгінгі күнді жазамыз. 1 минут.
-
Көркем жазу сәті.
-
Өө - дыбысы туралы мәлімет және жаңылтпаш айту.Әр топтан бір балаға жаңылтпаш айтқызу.
II.Үй жұмысын тексеру «Жыл мезгілдері» тақырыбын қайталау. 1
минут
Миға шабуыл • Бір аптада неше күн бар? Олар:...
-
Бір жылда қанша жыл мезгілі бар? Олар:...
• Бір мезгілде неше ай ?
• Қазір қандай мезгіл?
• Қазір қай ай?
Сенің сүйікті жыл мезгілің бар ма?
III.Жаңа сабақ
Ендеше бүгінгі тақырыбымыз «Менің сүйікті жыл мезгілім».
Тақырыпты дәптерімізге жазамыз.
-
Сенің сүйікті жыл мезгілің қандай?
-
Тақырыпқа назар аударыңдаршы қандай жалғау түрі кездеседі?
-
Сөз түбірі мезгіл. - ім қандай жалғау?
-
Тәуелдік жалғауы.
-
Қазақ тілінде неше жалғау түрі бар?
-
Қандай?
-
Ендеше осы мезгіл деген сөзді әрі қарай тәуелдейік. 3 минут.
Ол үшін әр баланың алдындағы кеспе қағазға назар аудармыз.
-
- жақ. Менің сүйікті жыл мезгілім.
2 - жақ. Сенің сүйікті жыл мезгіл...
Сіздің сүйікті жыл мезгіл...
3- жақ. Оның сүйікті жыл мезгіл...
1- жақ. Біздің сүйікті жыл мезгіл...
2 - жақ.Сендердің сүйікті жыл мезгіл...
Сіздердің сүйікті жыл мезгіл...
3- жақ. Олардың сүйікті жыл мезгіл...
1 - топ жекеше 2-топ көпше тәуелдейміз.
Тыңдалым.
-
Барлығымыз , қазір 4-тапсырманы тыңдаймыз, саусағымызбен жүргізіп отырамыз, және түсініксіз сөздерді белгілеп отырамыз.
-
Сөздік жұмысы. Мәтінді аудару.
IV. Сергіту сәті. Қара жорға.
V. Дәптермен жұмыс. Топта.
Қыс тобы - Мәтін бойынша диалог құрады.
Жаз тобы - Венн диаграммасын толтырады.
Көктем тобы - ассоциация жасайды.
</<font color="#000000">Күз тобы - мезгіл сөзіне фонетикалық талдау жасайды.
VI. Жұптар тексеру және қолдау көрсетеді.
VII. Қорытынды. Электронды оқулық бойынша қорытынды жасау.
Рефлексия Ағаштарға әр баланың алдында сары, жасыл жапырақ, алма
гүлі, жаңа жыл ойыншығы бар.Әр оқушы өзінің сүйікті жыл мезгілін
жазады
Үй жұмысы: «Менің сүйікті жыл мезгілім» эссе
Бағалау.