- Учителю
- Жарыс сабақ. Тапқыр болсаң, тауып көр. 2 - сынып.
Жарыс сабақ. Тапқыр болсаң, тауып көр. 2 - сынып.
Сабақтың тақырыбы: «Тапқыр болсаң, тауып көр!»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың танымдық қабілетін пәнге деген
қызығушылығын арттыру. Қызықты әзіл
есептерді шығару,
математикалық ребустарды, дидактикалық
ойындарды, логикалық жаттығуларды
орындау арқылы, олардың ақыл-ойын, қиялын,
ой ұшқырлығын дамыту.
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ.
Сабақтың әдісі: Топтық, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: Әртүрлі тапсырмалар, ойындар, өрнектер, фигуралар,
шаршылар.
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Негізгі бөлім.
а) Бірінші біздің өтетін шарамыз жарыс түрінде өтеді. Оқушылар
2 топқа бөлінеді.
1-топ - «Жүйріктер» тобы
2-топ - «Білімділер» тобы
-
Осы топтардың бағасын беретін «әділ-қазылар алқасымен»
таныстырып өтейін.
ә) Сайыстың ретімен таныстырып өтейін.
Сайыс 8 бөлімнен тұрады.
1-бөлім - таныстыру; 2-бөлім-миға шабуыл ойыны; 3-бөлім -амал
таңбаларын қою; 4-бөлім - гүлдер жинау; 5-бөлім - капитандар
сайысы; 6-бөлім-сиқырлы шаршылар; 7-бөлім-білгің келсе, шешіп
көр; 8-бөлім - мақалдар сайысы; 9-бөлім - қорытынды.
«Таныстыруды» бастайық.
1-топ «Жүйріктер» тобы.
Біздің топтың аты: «Жүйріктер»
Біздің ұранымыз: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»
2-топ «Білімділер» тобы.
Біздің топтың аты: «Білімділер»
Біздің ұранымыз: «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады»
Келесі бөлімнің аты: «Миға шабуыл» сайысы. Әр топқа 10 сұрақтан беріледі.
1-топ. 2-топ.
-
5 т = ? кг. 1. 5 дм = ? см.
... ...
Сайысымыздың келесі бөлімі «Амал таңбаларын қою»
47*40=87 90*30=60
83*3=86 100*45=145
35*49=84 84*34=50
46*8*8=30 11*18*9=20
12*5=17 89*19=70
Келесі бөлім «Гүлдер жинау»
Әр топтан 3 оқушы гүлдер теруге шығады. Ол гүлдерді алу үшін қызықты, әзіл есептерді шешу керек.
Келесі бөлім «Капитандар санды тап». Сандардың орналасу заңдылықтарын анықтап, артық санды табу.
Сайсымыздың келесі бөлімі «Сиқырлы шаршылар»
Келесі бөлім «Білгің келсе, шешіп көр»
Әр топқа жай және күрделі теңдеулерді шешу беріледі.
Үй тапсырмасы:
1) «Мақалдар сайысы» - сан есімі бар мақалдар айту.
2) Белгісіз қосылғышты табу.
IX. Қорытынды.
Әділ-қазылар қорытындылап, бағасын берді.
</ Сайсымыз аяқталды. Қатысқандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар.