7


  • Учителю
  • Открытый урок по казахскому языку на тему Казақстан

Открытый урок по казахскому языку на тему Казақстан

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан



Сабақтың мақсаты:

Дамытушылық: Оқушылардың танымдық деңгейлерін өрістету, тіл байлығын, өз ойын жеткізу, қазақ тілінде еркін сөйлей білу әрекеттерін жетілдіру.

Тәрбиелік: Оқушыларды отаншылдыққа, туған жерін сүюге, мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, мемлекеттік тілін құрметтеуге, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу.



Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, компьютер, видеоролик, смайликтер



Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз ерекше болмақ, өйткені біздің сыныпта қонақтар бар.

Айдай жарқырап,

Күндей жадырап.

Судай мөлдір таза көңілмен,

Бүгінгі сабағымызды бастайық.

Ол үшін әрбір топтан бір оқушы мына карточканың бірін таңдау керек.

І топ. ....

ІІ топ. ....

ІІІ топ. ....





ІІ. Жаңа сабақ.

1.Балалар мен сендерге қазір бір өлең оқып беремін осы өлеңде не туралы айтылғанын анықтаңдар.

Отан - жерім, Отан - суым,

Отан - қуат, нәр береді.

Отан - ұран, Отан туым,

Отан мәңгі гүлденеді.

Отан туралы. Жарайсыңдар балалар, біздің Отанымыз не?

Қазақстан. Дұрыс айтасыңдар, бүгінгі біздің тақырыбымыз «Қазақстан»

Балалар әлемде көптеген елдер бар. Осы елдердің бәрінде өз рәміздері бар. Біздің Отанымыз - Қазақстанның да рәміздері бар. Олар ту, елтаңба және әнұран. (тақтадағы суреттерді көрсету).



2. Оқулықпен жұмыс.

1 тапсырма. Суретке қара. Оқы.

Мен Қазақстанда тұрамын.

Қазақстнның жері үлкен.

2 тапсырма. Диалогты оқы.

  • Сен қайда тұрасың?

  • Мен Қазақстанда тұрамын.

  • Қазақстанның жері қандай?

  • Қазақстанның жері үлкен.

3. Тапсырма: Енді балалар, парталарыңда қызыл хатқалта бар. Онда мақалдар бар. Сол мақалдардан Отан турасындағыны белгілеңдер.

Қазақстан туралы ролик. (комп.)

Тақтадағы суреттерге қарап сұрақтар қою. (Президент, карта, астанасы, рәміздер)

  • Балалар, ал мына суреттегі кісі кім?

  • Дұрыс, бұл біздің Президентіміз - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

  • Ал мынау ненің суреті?

  • Бұл біздің еліміздің астанасы - Астана қаласы.

  • Ал мынау ненің суреттері, бұлар не?

  • Бұлар Қазақстанның рәміздері.

Сөздікпен жұмыс. (сөздікке жазу)

Елбасы, елорда сздерінде ел деген сөз бар.

Ел - страна, народ.

Елбасы - Президент

Елорда - столица





4. Тапсырма: Бос орынға керекті сөзді қой.

Қазақстанның елбасы - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Қазақстанның елордасы - Астана қаласы.

Керекті сөздер: елорда, елбасы.





Дәптерлерімізді ашамыз бүгінгі күнді жазамыз.

Тапсырманы дәптерде орындаймыз.

Жарайсыңдар балалар.





5. Тапсырма: мәтінді оқып, аударыңдар. Дәптерге жаз.

Мен Қазақстанда тұрамын. Қазақстанның жері үлкен. Қазақстанның елбасы - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Қазақстанның елордасы - Астана қаласы. Астана әдемі қала.

(жасыл парақта)





Сұрақтарға жауап бер.

  1. Сен қайда тұрасың?

  2. Қазақстанның жері қандай?

  3. Қазақстанның елбасы кім?

  4. Қазақстанның елордасы қай қала?

6.Сергіту сәті.

7. Мен сендерге екі дос туралы әңгімені оқып берейін.



Екі дос кездесіп, әңгіме -дүкен құрды. Біріншісі:Ұйықтап, жүз жылдан соң оянып, елімнің қандай болғанын көрсем ғой) деді. Ал екіншісі тұрып:Мен ұйықтағым келмейді, мен елімнің болашағын өз қолыммен тұрғызғым келеді. деді.



Сұрақтар: Сендер екеуінің жауабының қайсысын қолдар едіңдер?





8. Тапсырма: Парталарыңдағы көк хатқалтаны алыңдар. Мозайка (құрастыру).

Шыққан суретті тақтаға ілу.





Балалар мен сендерге спортсмендердің суреттерін құрастыруға берген себебім біздің Қазақстанда спортсмендер бар. Олар: Серик Сапиев, Илья Ильин, Зульфия Чиншанло, Майя Манеза, Геннадий Головкин және т.б.

Спортсмендер ролик (комп.) «Жаса Қазақстан»





</ 9. Балалар мен сендерге қазір өлең оқып беремін. Сендер сөйлемнің алғашқы сөзінің бірінші әріпін жазып алыңдар. Соңында бізде сөз тіркес шығады.

БОЛАШАҒЫМ ҚАЗАҚСТАН

Б- білімімді арнайтын

О- отанымды қорғайтын

Л- лаңкестікті даттайтын

А- адалдықты жақтайтын

Ш- шуағымды шашатын

А- асулардан асатын

Ғ- ғарыш сырын меңгергн

Ы- ынтымақты тең көрген

М- менмендікті жек көрген





Қ- қазаққа қызмет ететін

А- арманына жететін

З- заңды жақсы білетін

А- алға қарай жүретін

Қ- қайырымды елімнің

С- салтанатты жерімнің

Т- толықтырам сенімін

А- абыройын,жігерін

Н- намысын қолдан бермейтін.

Қазақстанның болашағы бізге байланысты. Егер біз еңбек етіп жақсы оқысақ біздің болашағымыз жарқын болады. (Будущее Казахстана зависит от нас. Если мы бдем трудиться и учиться то унас будет светлое будущее.)





10. Ойын. «Иә, жоқ»

1. Қазақстан жері үлкен

2. Елордасы - Алматы

3. Ту, Елтаңба, Әнұран еліміздің рәміздері

4. Мемлекеттік тіл - орыс тілі

5. Менің Отаным - Қазақстан





ІІІ. Қорытынды.

-Енді сұрақтарға кезек берейік.

1.Қазақстан қандай?

2.Елбасы кім?

3.Қазақстанның астанасы қай қала?

4.Астана қандай қала?

5.Мемлекеттік тіл қай тіл?

6.Мемлекеттік рәміздерді ата.

Егемен елге ақ тілек



Үйге тапсырма: Қазақстан туралы 1 шумақ өлең тауып жаттап келу.

Бағалау.

















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал