7


  • Учителю
  • Қазақ тілі сабағынан ' тұрлаусыз мүшелер ' тақырыбында ашық сабақ (3 сынып)

Қазақ тілі сабағынан ' тұрлаусыз мүшелер ' тақырыбында ашық сабақ (3 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Шеңгелді ауылы.



Сабақтың тақырыбы: Тұрлаусыз мүшелер

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 3 сынып

Пән мұғалімі: Қайранова Назерке Қайранқызы

Мамандығы: бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Тұрлаусыз мүшелер

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Тұрлаусыз мүшелер туралы жалпы түсінік беру, сөйлемдегі бастауыш пен баяндуыштан басқа мүшелер тұрлаусыз мүшелер деп аталатынын түсіндіру.

Дамытушылық:

Сауаттылығын, ақыл - ойын, логикалық ойлау жүйесін дамытуды көздеп, арнайы жаттығулар жүргізу.

Тәрбиелік:

Ұстамдылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қозғау жұмысы

Сабақтың көрнекілігі: сөзжұмбақ, оқу құралдары, сызбалар.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық.

Әрбір адам -туысым, досым, жұрағатым,

Әрбір сабақ - үйрену, ұғыну, ұлағат.

Әрбір ісің - тірлік, тірек, адамдық.

Әрбір сөзің - шындық, бірлік, адалдық.

Сабаққа дайын болсақ үй тапсырмасын пысықтайық.

  1. Үй тапсырмасы

71-жаттығу

А) сурет бойынша әңгіме құрау

Б) тұрлаулы мүшелерді ата

В) тұрлаусыз мүшелерді ата

III. Жаңа сабақ

А) Көркем жазу сәті:

Ұұ____________________________________________________________________________________________________Ұя____________________________________________________________________________________________________тұяқ_________________________________________________________________________________________________

Ә) қызығушылықты ояту: Сөзжұмбақ шешу.

1. Дүниедегі ең асыл да, қымбатты адам кім? Ана

2. Ананың аяулысы кім? Бала

3. Елордамыз қай қала? Астана

4. Түнді жарық ететін не? Ай

Сөзжұмбақтан қандай сөз пайда болды? ( Абай ). Абай кім және оның қандай өлеңдерін білесіңдер? Қазір келе жатқан қай мезгіл? Сол мезгіл туралы Абай атамыздың өлеңін тыңдайық. Қыс өлеңін бір оқушы мәнерлеп оқып береді.

Б) Оқулықпен жұмыс.

72-жаттығу.( тақтамен жұмыс)

Сөйлемдерді көшіріп жаз. Сөйлем мүшелеріне талда.

Қонақтар төрге отырды. Мөлдір шай жасады. Дастарқанды дәмді тағамға толтырды. Шайды әжесі құйды.

73-жаттығу. Мақалды көшіріп жаз.

Кең киім оңай тозбайды.

Кеңесті ел озбайды.

Сергіту сәті: « Оңға, оңға түзу тұр »

74 - жаттығу. Жұмбақты оқы, шешуін тап. ( ауызша ). Сөйлем мүшелеріне талда.

А) әуеден күбі түсті

Күбінің түбі түсті

Ә) Қуыста қызыл әтеш билейді.

76 - жаттығу. Өлеңді оқып, жатқа жаз.

Лебі мұздай ызғарлы,

Алып келді қыс қарды

Қысқа түндер ұзарды

Ұзақ күндер қысқарды

77-жаттығу. Кел ойнайық. Адасқан сөйлем мүшелерін өз орнына қой.

  1. Бекіту

78-жаттығу

А) мен өзімді қалай сынаймын?

Ә) Міртай өзін -өзі қалай сынады?

Б) Сендер де өздеріңді - өздерің осылай сынап көріңдер?

Қосымша тапсырма. Сематикалық карта толтыру.

сөздер

бастауыш

баяндауыш

Тұрлаусыз мүше

Жүзді


Айнұр


Қызыл


Дәмді


киім

  1. Бағалау.

  2. Үйге: 75-жаттығу





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал