7


  • Учителю
  • Қазақ тілі. Тақырыбы: Жұрнақ. 2- сынып

Қазақ тілі. Тақырыбы: Жұрнақ. 2- сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ



Сабақтың мақсаты: Оқушыларға түбір мен қосымша, сөздің түбіріне жалғанғанда, оның мағынасын өзгертіп, туынды сөз жасайтын жұрнақ туралы түсінік беру. Ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.



Сабақтың көрнекілігі: карточкалар, тірек сөздер, суреттер



Сабақтың түрі: аралас сабақ



Сабақтың әдісі: түсіндіру, ауызша, жазбаша жұмыстар.



Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиеттік оқу



Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.



Сыныбымыз тап-таза,

Бор да дайын тақтада.

Ойымызды жинақтап,

Отырайық партаға.



II. Үй тапсырмасын тексеру.

4-жаттығу. 114-бет

1. Көркем жазу (Жж әрпін дәптерлеріне көркемдеп жазу)

2. Үлкендерге әр уақытта сәлем беру керек.



1. Сөз және оның құрамы дегеніміз не?

2. Түбір мен қосымша дегеніміз не?

3. Жұрнақ дегеніміз не?

4. Туынды сөз ққалай жасалады?



III. Жаңа сабақ. Пысықтау



1-жаттығу .Сөздерді оқып мағыналарындағы айырмашылықтарын салыстыру.



Тау-таулы, сыпыр-сыпырғыш, ойын-ойыншық, ем-емхана, біл-білгір.

Тау -түбір сөз. Таулы-түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған туынды сөз.

(Әр сөздің мағыналарына түсінік беру)



2-жаттығу . Жұмбақты көшіріп жазып, қарамен жазылған сөздің түбірі мен жұрнақтарын тауып белгілеу. Жұмбақтың жауабын бірінші тапқан оқушы орындайды.



Жаздай тынығады,

Қыстай зымырайды. (шана)



Үстінде есігі,

Өзі орындық, өзі үстел

Оқушының бесігі (карта)



Сергіту сәті: Ойын: Менің орным қайда?

3-жаттығу. Сөздерге -шы,-ші, -лы, -лі,-ды,-ді жұрнақтарынның тиістісін жалғап жазу.

Оқу, сурет, су, пайда, жауын, көңіл.



IV. Сабақты қорытындылау.

1. Карточкамен жұмыс. Мына схема бойынша түбір сөз тап.

...-дық, ...-тық, ...-лық, ...-лік, ...-қыш, ...-кіш.



2. Мына сөздерден туынды сөз жаса.

Жұмыс, еңбек, бас, оқу, біл, ас.

(Жұмысшы, еңбекші, басшы, оқушы, білгіш, астық)



1. Түбір деген не?

2. Қосымша деген не?

3. Жұрнақ дегеніміз не?

4. Туынды сөз қалай жасалады?

5. Кітапхана сөзінің түбірі қалай?



V. Сабақты бекіту.



Сөздің түбіріне жалғанғанда, оның мағынасын өзгертетін қосымшаларды жұрнақ дейміз. Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалғанн сөзді туынды сөз дейміз.

VI. Бағалау.

Үйге тапсырма беру: Жұрнақты қайталау. 5-жаттығу (көшіріп жазу)



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал