7


  • Учителю
  • 'Нан туралы аңыз'. Ашық сабақ. Әдебиеттік оқу.

'Нан туралы аңыз'. Ашық сабақ. Әдебиеттік оқу.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала







Ергалиева М.А.












Қазақ әдебиеті


Сабақтың тақырыбы : Нан туралы өлең

Білімділік : Нанның шығу тарихын білу,іздену.

Дамытушылық : Оқушылардың топпен жұмыс,жеке жұмыс істеу

арқылы ойлау, есте сақтау, зерделеу қабілеттерін

дамыту.

Тәрбиелік : нанды қадірлеудің маңыздылығын ұғындыра

отырып,бейнеролик арқылы диканның және де

басқа да еңбек адамдарының адал еңбегіне көзін

жеткізу,ұқыпты таза жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : Жаңа сабақ

Сабақтың типі : Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдіс - тәсілдері : мәнерлеп оқу ,әңгімелеу,сұрақ- жауап,

топпен жұмыс,жұппен жұмыс,ой қозғау,

сызбамен жұмыс,диалог.

Сабақтың көрнекіліктері : «Ас атасы - нан» бейнеролигі, суреттер,

сызбалар,интерактив аспаптары

«перде»,флипчарт,бағалау парақтары.

Пәнаралық байланыс : дүниетану, сурет, ана тілі

Сабақтың барысы:

Сабақтың бөлімдері

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі:

Кіріспе бөлім:

Дайындық алаңы


Негізгі бөлім:


Ізденіс алаңы

1 -тапсырма:

Жеке жұмыс:

2 - тапсырма:

«Көрініс»


«Бейнеролик»

көрсету


Жеке жұмыс:

3 - тапсырма:

Жеке жұмыс:

Жұппен жұмыс


4 -тапсырма:

Жұппен жұмыс:


1 нұсқа:

«21 ғасыр инновациялық» жобасы бойынша қолданылған элемент


2 - нұсқа:


5-тапсырма:

Жеке жұмыс:

(жатқа айту)

6-тапсырма:

Шығармашылық жұмыс:


1 - нұсқа:

Жұппен жұмыс:

2 - нұсқа:

7-тапсырма:

«Ой қорыту» алаңы

«Бағалау» алаңы

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды топтарға бөлу.Әр топтың топ басшысымен таныстыру.

«Неге дайындық алаңы» деп аталды?

Себебі оқушылар осы бөлімде сабақтың тақырыбын біліп,мақсатын ажыратуға,

сабақтың барысында істелетін жұмыстар ретімен танысады,дайындалады.

Оқушылардың назары интерактив тақтаға аударылады: перденің артынан не көріп тұрсыңдар,ол туралы не айта аласыңдар?

Осы сөздерді жинақтай отырып,бүгінгі сабақтың тақырыбын айта аласыңдар ма?Ол қалай аталады?

Мұғалім мақсатымен таныстырады.

Ал оқушылар сабақтың мақсатын өздері іздестіреді.Мұғалім ары қарай өзі толықтырып,мақсатты нақтылай түседі.

«Неге ізденіс алаңы» деп аталды?

Себебі оқушылар осы бөлімде қажетті ақпаратты осы бөлімде іздеп тауып,

білімдерін толықтырады.

Кәрім Сауғабаев туралы білген мәліметіңді кластерге орналастыр:

Әр оқушы өз дәптерінде орындайды.Автор туралы мәлімет парағы әр оқушының алдында жатады.Өзінің автор туралы білген жаңа мәліметін сыныппен бөліседі.


«Көрініс»

Балалар коридорда ойнап жүр.Буфеттен келген Ердаулет нанын жеп тауыспай,

лақтыра салып балалармен ойнауға кірісті.Оны көріп қалған Диана:

- Ердаулет нанды лақтыруға болмайды,-деді.

- Біздің үйде нан көп,қаласам басқасын жеймін,-деді Ердаулет.

- Сен олай деме,сен өзің нанның дастарқанға келуі үшін қаншама адамдардың тер төгетінін білесің бе?


Бейнеролик көрінісі (интерактив тақтада)

Бейнероликтегі еңбек түрлері көрсетіледі.

Назарларыңды салып мұқият тыңдаңдар,

қараңдар,себебі келесі тапсырманы орындау осы арқылы жүзеге асады.


Оқулықпен жұмыс:

Әр оқушы өз бетінше ішінен мәнерлеп оқып шығады.Ол баланың тақырыпты өздігінен меңгеруіне көмектеседі.


Неге жұппен жұмыс таңдалды?Себебі оқушы өзіне назар болған кезде жауаптылықты сезініп,тапсырманы тез орындауға,дұрыс орындауға тырысады.

Жұппен жұмыстың жүргізілуі:

Бірінші оқушы 1- шумақты оқиды,екінші оқушы оны тыңдайды,ал қасындағы оқушы 2-шумақты оқығанда бірінші оқушы оны тыңдайды.Солай өлең соңына дейін жалғасады.


Неге жұппен жұмыс таңдалды?Себебі екі оқушы бір-бірінің түсінбегенін,білмегенін екеуара іздеп толықтырады және бір-бірін тексереді.

Неге 2 нұсқаға бөлінді?Себебі жұмыстың екі түрін оқушылар қалай меңгеретінін білу,қай түрі тиімді екенін анықтау,

тақырыпты қалай түсінгенін білу мақсатында жүргізіледі.

Қысқаша конспект құрылымын жасау.( оқытудың 101 техникасы» )


1-нұсқаның жұмысы:

Әр шумақтың мағынасын аша отырып,

кестеге орналастыру.

Мысалы: бірінші шумақта ана болсаң да,бала болсаң да,дана болсаң да нанды баспауды,қадірлеуді өтінеді.


2-нұсқаның жұмысы:

Бұл сызба «қысқаша конспект құрылымы» деп аталады.Мақсаты: оқушының түсінгенін қысқаша конспектілеп жазу.

«А» бөлігіне оқушылар не жазуы мүмкін: Өлеңнен жалпылама не түсінгенін жүйелеп жазады.

«Б» бөлігіне өлеңге байланысты сұрақтар туындаса,сол сұрақтарды жазады.Ал кездескен жаңа сөздердің мағынасын ұғыну үшін немесе мұғалімнен сұрап білу үшін осы бөлікке жазып алады.

«В» бөлігіне автордың қорытынды ойы,

өзінің осы тақырыпты қалай түсінгені,

тәрбиелік мәнін жазып,өз өміріндегі қажеттілікпен салыстыра ойын қорытады.


Өзіңе ұнаған шумақты дауыстап айтып беруге дайындал.

Өлеңдегі ұйқас сөздер арқылы бір шумақ өлең құрастырып жазыңдар.

1 - нұсқа: үлгіге сәйкестеп өлең жолдарын жазады: Мысалы:

О, адамдар!

... ... ақтаңдар,

... ... баспаңдар.

... ... ..,

... ... сақтаңдар.


2 - нұсқа: нанды қадірлеу туралы ақыл-кеңестер жазады және оның дұрыстығын дәлелдейді.

Өз сыныптастарыңа,достарыңа нанды қадірлеу туралы қандай ақыл-кеңестер берер едің?

1 . ....................................

2. .....................................

3. ....................................

Неге «ой қорыту алаңы»деп аталды.Себебі оқушылар осы бөлімде бүгінгі тақырыпты қалай түсінгендерін,автордың ойын,

тәрбиелік мәнін,қорытынды ойларын ортаға сала алады.

  1. Ізденіс сұрақтары:

Автор неге анадан,данадан,баладан нанды баспа деп өтініп сұрайды?

Неге нансыз көкіректі мұң,жерді шаң торлайды?

Кімнің еңбегін ақтау керектігін ескертеді?

Дәнді неге ұқсатады?Неліктен?

Жерде жатқан дәнге не үшін еңкею керек?Себебеі неде?

Сендердің нанды жерден көтерген кездерің болды ма?

2.«Авторлық үстел».Әр жұп өзінің осы сабақта неге жеткенін,нені ұғынғанын

әңгімелейді,қорытындылайды.

Бағалау: Әр жұп өзінің жұмысына баға беріп,не үшін ондай баға қойғанын дәлелдейді.

Бағалау парағына түсініктеме: Әр оқушы өзінің бағалау парағын сабақ басталғанда алады.Аты жөнінжазады.Жеті

тапсырманың астына қажетті ұпайды жазып отырады.Яғни сабақ соңында бала неше ұпай жинағанын біледі және бұл оқушының қалай жұмыс істеу картасы ретінде қолданылады.Бұл мұғалімнің әр оқушыны нақты түрде бағалауын көп көмегін тигізеді.


1тап.

2т.

3т.

4т.

5т.

6т.

7т.

3ұпай

2ұ.

2ұ.

10ұ.

3ұ.

3ұ.

1ұ.


Оқушылар қалай бағаланады?

«5» 20-24 ұпай жинаған оқушы.

«4» 15-19 үпай жинаған оқушы.

«3» 10-нан 18 ұпайға дейін жинаған

оқушылар.

Сәлемдесу.

«Перденің» артындағы сурет арқылы «нан» екенін біліп шығады.

Нан туралы не біліп шығатындарын,

оның қажеттілігін,ол үшін еңбек етеін адамдар туралы айта отырып,мақсат қоюға тырысады.












Кәрім Сауғабаев 1941 жылы қазіргі Қазыбек би ауданында дүниеге келген. Қарағанды педагогикалық институтының тарих-филология факультетін бітірген. Балаларға арналған «Мойындау»,Көктем келді, «Алақай!» , «Ақша қар» , «Сылдырмақ» кітаптарының, «Күдеріңді үзбе» , «Балқантаудың басында» , «Үшқара оттары» жыр жинақтарының авторы. Ақынның өлеңдерін 3,4,5-сыныптарға арналған оқулықтардан да таба аласыз. Шығармалары орыс, қырғыз, түрікмен тілдеріне аударылған. Қазыбек би ауданының Құрметті азаматы.

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қарағандыға ғана емес, республикаға есімі белгілі ақын, жазушы-журналист.


Тәрбиелік мәні сұралып өтеді.


Бейнеролик неге көрсетілді?Себебі оқушы көз алдындағы суреттерді көре отырып,нанның тер төгу арқылы келетінін анықтайды және тапсырманың дұрыс орындалуына көмек құралы ретінде беріледі.


Нанның дастарқанға келу кезеңіндегі ретін тауып жаз және цифрмен көрсет.









1- шумақтан түсінгенім:


3- шумақтан түсінгенім:

2- шумақтан түсінгенім:


4- шумақтан түсінгенім:



5- шумақтан түсінгенім:



6- шумақтан түсінгенім:



Сергіту сәті: (1-нұсқа)

Нан қиқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып,қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.



А Негізгі жазба

Б

Өлеңге қажетті сұрақтар мен жаңа сөздер


В Қорытынды ой


Сергіту сәті: (2-нұсқа)

Нан болса ойнап - күлеміз,

Нан барда еркін жүреміз.

Тіршілік көзі - нан ғана,

Нан қадірін білеміз.


Мысалы: мен сыныптасыма мынадай ақыл-кеңестер айтар едім:

1.Дүкенге барғанда нанды қолмен ұстап көру - мәдениетсіздік.

2.Нанды таза пакетке сал.

3.Нанды таза тақтайдың үстіне қойып тураған жөн.

4.Нанды бір қолмен үзуге болмайды,

себебі бір ғана қолы бар мүгедек қана қолы жоқ болғандықтан осылай үзуі мүмкін.

5.Егер далада нанның жатқанын көрсең,қолыңмен көтеріп жоғары жерге қой немесе торғайларға бер.

Ізденіс сұрақтарына жауап алынады.

Үстелге отырып,әр жұп өзін бағалайды.

Бағалау парағы: Оқушының аты-жөні:


1тап.

2т.

3т.

4т.

5т.

6т.

7т.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал