- Учителю
- Дүниетану пәнінен сабақ жоспары:Өсімдікке ауа, жылу және жарық керек Әдіскер: Сүлейменова Сәния Ырзықбекқызы
Дүниетану пәнінен сабақ жоспары:Өсімдікке ауа, жылу және жарық керек Әдіскер: Сүлейменова Сәния Ырзықбекқызы
Пән: Дүниетану
Сынып: 2 «б»
Әдіскер: Сулейменова С. Ы.
Тәлімгер: Каукербек Гүлден
Тақырып: Өсімдікке ауа, жылу және жарық керек
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, әңгімелесу
Сабақтың мақсаты:
Біліміділік: Өсімдіктің маңызды мүшелерін айта отырып, өсімдік жақсы өсу үшін қажетті жағдайлар туралы мағлұмат беру;Оқуға деген қызығушылығын арттырып, өз бетімен өзін қызықтырған сұрақтардың жауабын таба білуі, дүниеге деген көзқарасын, дүниетанымын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды іздемпаздыққа, саналылыққа, тапқырлыққа, ұқыптылыққа, тәртіптілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Өсімдіктер тіршілігінде болатын өзгерістер туралы оқушылардың түсінігін қалыптастыруға жағдай жасау; қоршаған дүниедегі құбылыстар мен заттардың маңызын, тірі табиғат пен өлі табиғат арасындағы байланысты түсіну мүмкіндіктерін дамыту.
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлеметсіңдер ме балалар? Бүгінгі сабақты мен Каукербек Гүлден Сағыдатқызы беремін.
Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайында, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық
Оқушыларды сабаққа әзірлігін тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
-
Өсімдіктің тірі ағза екенін дәлелде.
-
Өсімдік өзіне қажетті қоректі қайдан алады?
-
Өсімдіктің өсуіне судың әсері қандай?
-
Шіріндісі көп топырақтың өсімдікке әсері қандай?
-
Тыңайту дегеніміз не?
ІІІ. Жаңа сабақ
Кітапта берілген мәтінді оқушыларға оқып беру. Сұрақтар қоя отырып түсіндіру
-
Тығыз топырақғы және қопсытылған топырақтағы өсімдік (Өсетін топырақ өте тығыз болса, өсімдікке ауа жетпейді. Сондықтан оның топырағын қопсытып отыру керек)
-
Құнарлы және шөлді жердегі өсімдік (Құнарлытопырақта өсетін өсімдіктің бойы биік, жапырақтары ірі келеді. Ал құнарсыз яғни шөлді жердегі өсімдік сирек және аласа болып келеді)
-
Көктемдегі өсімдіктердің қаулап өсуі неде? (көктемде күн көзі жылуынан топырақ жылиды. Осы кезде өсімдікке су, жылу, ауа жеткілікті болады.)
«Қызықты материал»
Ең үлкен гүл- раффлезия
Ең үлкен тамырлы өсімдік -жабайы фикус
Ең үлкен жидек - қарбыз
Ең үлкен сабағы бар өсімдік - ротанга пальмасы
Ең үлкен жапырақ - рафия пальмасы
Ең аз жапырақты - вельвичия
ІҮ. Сергіту сәті
Бейнебаян арқылы
Суретпен жұмыс
Жаз
Жазда күн сәулесі мол. Өсімдік пісіп жетіледі.
Күз
Күзде піскен өсімдікті жинауға кіріседі.
Көктем
Күн сәулесі жер бетін жылытады.
Бұл мезгілде өсімдік тіршілігін бастайды
Қыс
Қыста жер бетін қар басады. Қар мол жауса өсімдік жақсы өседі.
Ү. Қорытынды
Бүгін қандай тақырыппен таныстық?
Тығыз топырақғы және қопсытылған топырақтағы өсімдік?
Ең үлкен жидек не?
Өсімдікке қыстың пайдасы?
Бүгінгі сабақ ұнады ма?
ҮІ. Бекіту
ҮІІ. Бағалау
Оқушыларға мултьфильм кейіпкерлерін тарату арқылы бағалау
ҮІІІ. Үйге тапсырма
69 - 70 бет оқу мазмұндау
</<br>
Әдіскер:
Мұғалім:
Баға: