7


  • Учителю
  • Ғылыми жоба Абылай хан- дарынды қолбасшы

Ғылыми жоба Абылай хан- дарынды қолбасшы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Ә.Марғұлан атындағы жалпы білім беретін орта мектебі













Ғылыми жоба



Тақырыбы: Абылай хан - ұлы қайраткер, дарынды қолбасшы









Жобаның авторы: Акишева Айнур Багдатовна



Ғылыми жетекшісі: Сулейменова Зульфия Забировна











































Баянауыл - 2016

Мазмұны





І. Кіріспе

1.1. Қазақ хандығының аса көрнекті саяси және мемлекет қайраткері .....................3



ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Абылай хан туралы зерттеулер ...........................................................................4

2.2. Қазақ жерлерін біріктіру жолындағы күресі .....................................................5



ІІІ. Қорытынды

3.1. Абылай ханның қазақ тарихында алатын орны ...................................................6



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ................................................................................7























































1.1

Қазақ хандығын билеушілерінің бірі Абылай өзін аса көрнекті мемлекет қайраткерлеріне тән қасиеттерімен көзге түскен. Өзінің бүкіл ғұмырын қазақ мемлекеттілігін нығайту мен халықтың бірлігін қамтамасыз ету ісіне арнаған. Алғыр, жігерлі, қайратты, намысқой, өр мінезді, сөзге ұста, қайсар Абылай сұлтан 1711 жылы Түркістан билеушісі Көркем Уәлидің шаңырағында дүниеге келген. Биыл Абылай ханның туғанына 305 жыл толып отыр. Азан айтып қойған есімі Әбілмансұр. Абылай сұлтан мұсылманша жақсы білім алған, шығыстың жеті тілін білген. Өзара бақталастық, алауыздық салдарынан болған соғыстар кезінде жастайынан жетім қалады. Он бес жасқа толған кезінен бастап жоңғар басқыншыларымен соғысқа белсене араласады.

</ Сұлтанның бойы ортадан жоғары, жауырыны қақпақтай, дене күші зор, замандастары оны батылдығы, ержүректігі үшін қатты құрметтеген. Сөзге шебер, әрі тапқыр болған. Өз замандастары арасында сөзіне берік, алғыр ойлы, барынша адал әрі әділдігімен көзге түскен. Керемет шешендігімен, қазақтардың ежелден келе жатқан әдет заңдарын және шежіресін өте жақсы білетіндігімен ерекшеленген. Өз төңірегіне халықтың құрметіне бөленген ең беделді әрі адал адамдарды топтастыра білген.













































3

2.1

Абылай ханның елді басқарудағы мақсаты орталықтан басқарылатын тәуелсіз мемлекет құруға бағытталған. Абылай ханды халық қолдап, ол шексіз билікке ие болған. Оған дәлелді Шоқан Уәлихановтың еңбектерінен оқуға болады. Ш.Уәлиханов былай деп жазған: «Қазақтардың аңыз-әңгімелерінде Абылай айрықша қасиеті бар, киелі, керемет құзірет иесі болып саналады. Ешбір ханның Абылайдан шексіз билікке қолы жеткен жоқ».(1)

Абылай хан бір орталықтан басқаратын мемлекет құрды, сот билігін күшейтті, қақтығыстар мен мал ұрлығын тоқтатты, егіншілікке, шөп шабуға, балықшылыққа қолдау көрсетті. Керуен саудасын күшейтуге көңіл бөліп, темір ұстаханаларын салудың бастамашысы болған.

Абылай хан өзінің негізгі күш-жігерін жоңғар шапқыншылығын әлсіретуге жұмсаған. 1741 жылы жоңғар қазақтарға тұтқиылдан баса-көктеп енгенде Абылай хан тұтқынға түсіп қалады. Бұл жайлы Ш.Уәлиханов былай деп жазған: «Менің ұлымды өлтірген сен бе?», деген жоңғар қонтайшысы Қалдан Сереннің сөзіне Абылай: «Ұлыңызды өлтірген халық, мен тек халықтың еркін орындадым», деп жауап берген.(2) Абылайды тұтқыннан босатып алудың сәті 1743 жылы, яғни екі жылдан соң Жоңғар мемлекетімен бейбіт келісім жасалғаннан кейін ғана түскен. Абылай хан жоңғарлардың тақтан үміткер мұрагерлеріне қолдау көрсету арқылы олардан қазақ жерлерін қайтарып алуға қол жеткізді.

Абылай хан қазақтардың өз арасында ғана емес, сонымен қатар көрші халықтардың арсында да орасан зор бедел мен сый-құрметке бөленген. Қазақтар жауға аттанғанда, оның атын «Абылай! Абылай! » деп ұран етіп шапқан.

Ә.Бөкейханов өзінің «Қырғыздар» (қазақтар) деген еңбегінде Абылай ханның атын тіпті Сібір қазақтарының ұран ретінде пайдаланатыны туралы былай деп жазды: «Абылай! » деп ұран тастау тіпті Сібір қазақ-орыстарында да бар.Олардың біреуі өзінің ұлын 1904-1905 жылдардағы орыс-жапон соғысына аттандырып тұрып, оған бата ретінде: «Абылай! Абылай! Деп атай сал ... Абылай деп шабуыл жаса! » дегенін көрдім деп жазған. (3)

Тарихи тұлға Абылай ханның қол жеткізген жетістіктері сол кезеңде қазақ мемлекеті өте күшті болғанын айғақтайды.











__________________________________________________________

(1) Ә. Тарақ Абылай хан. Алматы-2003, 32 бет

(2) Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы 1 том

(3). Қазақстан тарихы. З.Е.Қабылдинов, Алматы-2016, 42 бет.

4

2.2.

Абылай хан, Төле, Әйтеке, Қазыбек билер және Бұқар жыраумен кеңесіп отырған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Шақшақұлы Жәнібек, т.б батырларды түгелдей жанына біріктірушілік әрекеттерінің міндеттері мен маңызын түсіне алатын алдыңғы қатарлы қайраткерлерді жинауға тырысқан. Абылай хан тұсында Бұқар жырау «ақылшы ақсақал» және «дана кеңесші» ретінде танылған.

Абылай хан үш жүздің басын қосып, қазақ хандығын нығайтуды мақсат етеді. Ұлытау мен Көкшетау, Сайрам мен Түркістан сияқты қазақ даласының қасиетті жерлерінде бүкіл қазақтың құрылтайлар шақырып, онда соғыс пен бітім, қоныс пен жайылым, басқа елдермен сауда және мәмілегерлік қатынас жасау мәселелерін де шешіп отырды. Қазақ даласын тоз-тоз болып жойылып кетуден сақтады.Абылай ханның тұсында патшалық Ресей, Қытай, Жоңғар,Бұқар және Хиуа хандықтары қазақ елін еріксіз мойындап, байланыстарын жақсартты. Орынбор, Троицк, Семей, Қызылжар сияқты елді жәрмеңкелер пайда болып, елшілік қарым-қатынас жақсарды. Ресей мен Қытай елдері Абылай ханның ел басқарудағы абыройымен санасуға мәжбір болып, екі мемлекет те Абылай ханды

қазақ хандығының ресми билеушісі ретінде құжат жүзінде мойындаған

Абылай хан қазақ пен қырғыз шекарасында тыныштық орнатуға арналған шараларды жүзеге асырған. Абылай хан 1779 жылы мазасыз қырғыздарға жорық жасауға мәжбүр болып , бейбіт келісім жасаумен аяқтаған. Ең атақты деген манаттардың балаларын аманатқа алып келіп, олардан Жаңақырғыз және Байқырғыз деген екі болыс құрастырып, Көкшетау аумағындағы атығай руының арасына қоныстандырған. Абылай ханның бұл шаралары туысқан екі халықтың қарым-қатынасын жақсартуға үлкен себеп болды.





























5



3.1.

Абылай хан 1781 жылы дүние салып, Түркістандағы Қожа Ахмет Йасауи кесенесіне жерленген.

Абылай хан қазақ халқының тарихында ерекше маңызды орын алады. Абылай ханның күш- жігері ең алдымен күшті және тәуелсіз Қазақ мемлекетін құруға жұмсаған. Орыс ғалымы И.Крафттың сөзімен айтқанда, «Ол (Абылай) қалыптасқан нақты жағдайларға қарай бірде Ресейге, бірде Қытайға, енді Жоңғарияға шын берілген болып көріне білді, ол шын мәнінде ешкімге де бас иген жоқ.» (4)

Абылай хан қазақтардың басын қосып біріктіру үдерісіне басшылық етті және ұлан-байтақ далада бір орталыққа бағынатын мемлекет құруға зор ықпал жасады. Жоңғар және Еділ қалмақтарын тас-талқан етіп, жеңіп шығуда аса маңызды рөл атқарған тұлға.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Абылай аңсаған азаттық» деген мақаласында былай деген: «Қазақ халқы талайлы тағдырында ұлтқа ұстын болған хандардан, ел қорғаған батырлардан, кемел билерден кенде болмаған. Солардың қатарындағы шоқтығы биік ұлы тұлғаның бірі-Абылай хан ... өз дәуірі артқан ұлы жүкті қайыспай көтеріп, ел алдындағы перзенттік парызын атқарып кетті.

... Айбарлы Абылай аңсаған асқақ арманға, ұлы мұратқа бүгінгі ұрпақ жетті. Байтақ өлкеміздің шекарасын заман талабына сай халықаралық нормаларымен бекітіп, әлемдік қауымдастықты мойындаттық. Сол арқылы көршілерімізбен мәңгілік достастыққа, өзара тиімді сауда-экономикалық, мәдени байланыстарға негіз қаладық. Бұл күнде ешқандай елдің қазақ жеріне қатысты дауы жоқ »(5).

Қазақстан қалаларының басты көшелері Абылай ханның атымен аталады. Алматы қаласында Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетіне Абылай ханның есімі берілген. Көкшетаудың етегінде Абылай ханның құрметіне алып ескерткіш стелла орнатылған. Қазақ халқы аса көрнекті қазақ ханның есімін бүгінде өздерінің перзенттеріне зор ықыласпен қояды.













_______________________________________________________________

(4) Қазақстан тарихы. З.Е.Қабылдинов, Алматы-2016, 42 бет.

(5) Егемен Қазақстан. 2013ж, 2 қазан

6



Сәлеметсіздер ме, әділқазылар алқасы, сайысқа қатысушы оқушылар

Мен, Акишева Айнур Багдатовна Ә.Марғұлан атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің 3-сынып оқушысымын.

1-сл.Менің тақырыбым «Абылай хан-ұлы қайраткер, дарынды қолбасшы»

2-сл. Абылай хан - Қазақ хандығын билеушілердің бірі, аса көрнекті мемлекет қайраткері, алғыр, жігерлі, қайратты, намысқой, өрмінезді, сөзге ұста, қайсар. 1711-1781 жылдары өмір сүрген. Азан айтып қойған есімі Әбілмансұр. Шығыстың жеті тілін білген.15 жастан жоңғар басқыншыларымен соғысқа белсене араласады.

3-сл. Абылай ханның ел басқарудағы мақсаты: бір орталықтан басқарылатын тәуелсіз мемлекет құруға бағытталған. Абылай ханды халық қолдап, ол шексіз билікке ие болған. Оған дәлелді Шоқан Уәлихановтың еңбектерінен оқуға болады. Ш.Уәлиханов былай деп жазған: «Қазақтардың аңыз-әңгімелерінде Абылай айрықша қасиеті бар киелі, керемет құзірет иесі болып саналады. Ешбір ханның Абылайдан шексіз билікке қолы жеткен жоқ».

4-сл. Абылай хан бір орталықтан басқаратын мемлекет құрды, сот билігін күшейтті, қақтығыстар мен мал ұрлығын тоқтатты, егіншілікке, шөп шабуға, балықшылыққа қолдау көрсетті. Керуен саудасын күшейтуге көңіл бөліп, темір ұстаханаларын салудың бастамашысы болған.

5-сл. Абылылай хан өзінің негізгі күш-жігерін жоңғар шапқыншылығын әлсіретуге жұмсаған. 1741 жылы жоңғар қазақтарға тұтқиылдан баса-көктеп енгенде Абылай хан тұтқынға түсіп қалады. Бұл жайлы Ш.Уәлиханов былай деп жазған: «Менің ұлымды өлтірген сен бе?», деген жоңғар қонтайшысы Қалдан Сереннің сөзіне Абылай: «Ұлыңызды өлтірген халық, мен тек халықтың еркін орындадым», деп жауап берген.

6-сл. Абылай хан Төле, Әйтеке, Қазыбек билер және Бұқар жыраумен кеңесіп отырған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Шақшақұлы Жәнібек, т.б батырларды түгелдей жанына біріктірушілік әрекеттерінің міндеттері

мен маңызын түсіне алатын алдыңғы қатарлы қайраткерлерді жинауға тырысқан.

7-сл. Ә.Бөкейханов өзінің «Қырғыздар» (қазақтар) деген еңбегінде Абылай ханның атын тіпті Сібір қазақтарының ұран ретінде пайдаланатыны туралы былай деп жазды: «Абылай! » деп ұран тастау тіпті Сібір қазақ-орыстарында да бар.Олардың біреуі өзінің ұлын 1904-1905 жылдардағы орыс-жапон соғысына аттандырып тұрып, оған бата ретінде: «Абылай! Абылай! Деп атай сал ... Абылай деп шабуыл жаса! » дегенін көрдім деп жазған.

8-сл. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Абылай аңсаған азаттық» деген мақаласында былай деген: «Қазақ халқы талайлы тағдырында ұлтқа ұстын болған хандардан, ел қорғаған батырлардан, кемел билерден кенде болмаған. Солардың қатарындағы шоқтығы биік ұлы тұлғаның бірі-Абылай хан ... өз дәуірі артқан ұлы жүкті қайыспай көтеріп, ел алдындағы перзенттік парызын атқарып кетті.

... Айбарлы Абылай аңсаған асқақ арманға, ұлы мұратқа бүгінгі ұрпақ жетті. Байтақ өлкеміздің шекарасын заман талабына сай халықаралық нормаларымен бекітіп, әлемдік қауымдастықты мойындаттық. Сол арқылы көршілерімізбен мәңгілік достастыққа, өзара тиімді сауда-экономикалық, мәдени байланыстарға негіз қаладық. Бұл күнде ешқандай елдің қазақ жеріне қатысты дауы жоқ ».

9-сл. Қазақстан қалаларының басты көшелері Абылай ханның атымен аталады. Алматы қаласында Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және дүниежүзі тілдері университеті Абылай ханның есімі берілген. Көкшетаудың етегінде Абылай ханның құрметіне алып ескерткіш стелла орнатылған. Қазақ халқы аса көрнекті қазақ ханның есіміне бүгінде өздерінің перзенттеріне зор ықыласпен қояды.















Ә.Марғұлан атындағы жалпы білім

беретін орта мектебінің 3-сынып оқушысы

Акишева Айнурдың ғылыми жобасына





ПІКІР



Акишева Айнур Багдатовна 3-сынып оқушысы. Ғылыми жұмыстарымен былтырдан бастап айналысып келеді. Жалпы Айнур алғыр, еңбекқор, дарынды, өнерлі. Ән сайыстарына, биге, мәнерлеп оқуға үнемі қатысып отырады. Айнур 2-сыныпта «Балдәурен-2016» фестиваліне «Мәнерлеп оқу» сайысына қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болды. Айнур көп оқиды. Әсіресе тарихи тұлғалардың өмірі, ерлігі Айнурды көп қызықтырады. Соған дәлел Айнурдың бүгінгі таңдаған тақырыбы.



Бүгінгі ғылыми жобада Шығыстың ұлыларының бірі-Абылай ханның өмірімен танысып, қазақ елінің іргелі мемлекет болуын, оның тәуелсіздігі үшін күресіп, бейбіт өмір орнықтырғанына талдаулар жасаған.



Негізгі бөлімінде зерттеу жұмысының мазмұны толықтай, жан-жақты баяндалып, ғылыми жобаның мазмұны тиісті дәрежеге жеткізілген.



Зерттеу жұмысына сипаттама талдау, жүйелеу әдістерін пайдаланған. Мән- мағынасын аша білген. Сондықтан да мен, осы жобаны жазу барысында оқушының еңбектеніп іздену нәтижесін ескере отырып, қорғауға лайықты деп ойлаймын.













Ғылыми жетекшісі: Сулейменова З.З.

Бастауыш сынып мұғалімі















Мақсаты:

Абылай ханның туғанына 305 жыл толуына, ұлы тұлғаның қазақ

елінің іргелі мемлекет болуын, оның тәуелсіздігі үшін күресіп,

бейбіт өмір орнықтырған мемлекет қайраткері екенін дәлелдеу





Осы мақсатқа жетуге мынадай міндеттер алға қойылды:



-Абылый хан туралы мәліметтер жинау;



-Жиналған мәліметтерді талдау, саралау;



-Абылай ханның, қазақ үшін, қиын кезеңдерде өмір сүріп, күресіп,

қазақ хандығын ірі мемлекетке айналдырғанын зерттеу;





Жаңалығы: Абылай ханның ерлік істерінің жаңа қырларын ашу.





































Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:



1. Ә. Тарақ Абылай хан. Алматы-2003, 32 бет

2. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы 1 том

3. Қазақстан тарихы. З.Е.Қабылдинов, Алматы-2016, 42 бет.

4. Егемен Қазақстан. 2013ж, 2 қазан









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал