- Учителю
- Математика пәнінен 'Дөңгелек. Шеңбер ' тақырыбы
Математика пәнінен 'Дөңгелек. Шеңбер ' тақырыбы
Пән: Математика
Сабақтың тақырыбы: Дөңгелек. Шеңбер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «Радиус» және «диаметр»туралы түсініктерін қалыптастыру;берілген радиусы және диаметрі бойынша шеңбер сызуды үйрету.
Дамытушылық: Өтілген есептеу тәсілдерін бекіту.
Тәрбиелік: Өздігінен жұмыс жасауға,тазалыққа,ұжымдық жұмысқа,бірін-бірін сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ойын
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру
Сабаққа назарын аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
№7 Разрядтық қосылғыштар түрінді жазу
Жүздік Ондық Бірлік
ІІІ. Жаңа сабақ
- Бүгінгі біздің сабағымыздың түрі ертегі сабақ. Қалай ойлайсындар неге ертегі сабақ?
- Ертегі кейіпкерлері туралы болады.Ия бәріміз көптеген ертегілерді білеміз,соның ішінде орыс халықының ертегісі «Бауырсақ».Қане бәріміз ортаға бауырсақты шақырайық.
Бауырсақ шығады.
Бізге келген бауырсақ қандай екен сипаттайықшы.Ол әдемі,сары,дөңгелек. Дұрыс айтасыңдар дөңгелек .Буырсақ ертегі елінен келген себебі қазіргі жаңашыл оқушылардың білімін байқамақшы және өзі де сендермен қоса білім алып кетпекші. Қалай дайынбызба сабаққа?
-ИЯ
- Сабағымызға бауырсақ келгендіктен,бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Дөңгелек және шеңбер» -Дөңгелек деп қандай заттарды айтамыз?
- Шар,доп,жер,алма.т/б
Дұрыс айтасыңдар,ал шеңбер мен дөңгелекті толығымен білу үшін сендер жоғары сыныпта геометрия пәнінен оқып білесіңдер геометрия ол грек тілінен аударғанда гео-жер метрия өлшеу деген сөзді білдіреді,біз тек осы фигуралардың элементтерімен танысамыз.
Шеңбер - дөңгелектің шекарасы.
Дөңгелек-сызықтармен шектелген, барлық нүктелері центрінен бірдей қашықтықта жатқан фигура.
О нүктесі-шеңбердің центірі. Сызып көрсету
Радиус - центрден шеңберге дейінгі жүргізілген /арақашықтық/ кесіндісі.
№2
Бауырсақ айтады мен сынық сызықтардың буынынның ұзындықтарын табуды сендермен бірге үйренсем дейді.
Шарты: Шарты:
Барлығы -10 см Барлығы -100мм
1,2 буын -4см,3см 1,2буын -20мм,40мм
3буын -? См 3буын -? мм
Шешуі: Шешуі:
10-(4+3) =3 100-(40+20) =40
Жауабы: 3см Жауабы: 40мм
№3
А) Аю мен бауырсақ фигураларды қандай белгілеріне қарап топтауға болады дейді.
Көлемі: Үлкен, кіші
Түсі: Боялған, боялмаған. Қызыл, көк
Пішіні: Шеңбер, дөңгелек
Ә) Қоян бауырсақпен дос болып, ол да есеп үйренгісі келеді үйретеміз бе?
Шарты: Шешуі:
Р =45см 45-(13+10+7+5)=10
ВС=13см
СД=10см
ДЕ=7см
ЕА=5см
АВ-? Жауабы: 10см
№4 Қасқыр сендермен бірге ойнағысы келеді
А) Ә)
Шарты: Шарты:
8кг -5жәшік Барлығы -60 шам
Қалды-48кг 5қорап -3 шам
Шешуі: Қалды -?шам
8*5=40 40+48=88 (8*5)+48=88 Шешуі:
Жауабы: 88кг 60-5*3=45
Жауабы: 45 шам
ІҮ. Сергіту сәті: Аю шаршап қалыпты қане тезірек жаттығу жасап демалайық
№5 Бауырсақ, аю, қоянның қайсысы жылдам есептейді?- деп сұрайды. Сендер қалай ойлайсыңдар «Кім жылдам?»
Олай болса үш қатарға бөлініп жарысайық.
23+16= 80-56= 64+25=
58+18= 78-48= 71+27=
54+32= 97-27= 39+23=
39+14= 100-23= 14+26=
62+29= 93-32= 58+24=
Жарайсыңдар
ҮІІ. Қорытынды:
№7 Уақыт болса тақап қалды бауырсақ өз еліне аттанбақшы сол себептен біз сыйлық сыйлайық. Ол үшін мына кесіндіні сыз
Шешуі:
Х+(Х+2)=14 14-2/2=6
ҮІІІ.Бағалау: Оқушыларды бауырсақ /смайк/ арқылы бағалау
Үйге тапсырма:
№6 теңдіктер мен теңсіздіктер құрастыру
Нені білдік?
Не ұнады?
Нені үйрендіңдер?