- Учителю
- Ашық тәрбиелік шара «Ұлы Жеңіс көркем бейнелеуде»
Ашық тәрбиелік шара «Ұлы Жеңіс көркем бейнелеуде»
Қазақстан Республикасы
Атырау облысы
Жылыой ауданы
Шоқпартоғай ауылы
«№3 жалпы орта білім беретін мектеп»
мемлекеттік мекемесі
Ашық тәрбиелік шара
Тақырыбы: «Ұлы Жеңіс көркем бейнелеуде»
(Жеңістің 70 жылдық мерекесіне орай
бейнелеу өнері пәнімен байланыстыра өткізілген шара)
Өткізген: Ешибаева Нелла Бақтыбайқызы
Ашық тәрбиелік шара
Тақырыбы
«Ұлы Жеңіс көркем бейнелеуде»
Жалпы мақсаты
* Бейнелеу өнеріндегі батальдық жанр туралы түсінікті кеңейте отырып, түрлі әдіс-
тәсілдерді орындау арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту, сөздік қорын молайту.
* Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие бере отырып, олардың бойында отансүйгіштік, елжандылық қасиеттерін қалыптастыру, дамыту.
* Оқушыларды көркем сурет өнеріне баули отырып, әдемілікті ұға білуге,шеберлікке бағыттай отырып, ел ертеңі жас ұрпақтың қолында екенін сезіндіру, Отан, ата-ана алдындағы борышын түсінуге тәрбиелеу,болашаққа мақсат құра білуге баулу
Күтілетін нәтижелер
* Оқушылардың бейнелеу өнеріндегі батальдық жанр туралы түсініктері кеңейтіле отырып, түрлі әдіс- тәсілдерді орындау дағдылары қалыптасады, сол арқылы оқушылардың шығармашылығы дамып, сөздік қоры мен сөйлеу мәдениеті артады.
* Оқушылар әр түрлі өнер түрлері арқылы ҰОС туралы мәліметтер алады,патриоттық тәрбие беру бағытындағы әңгімелерді тыңдай отырып, олардың бойындағы отансүйгіштік, елжандылық қасиеттері артады.
* Оқушылар көркем сурет өнерінің қыр-сырын түсіне отырып, әдемілікті ұға білуге дағдыланады, шеберлікке бағыттала отырып, ел ертеңі жас ұрпақтың қолында екенін сезінеді, Отан,ата- ана алдындағы борышын сезініп, ел ертеңі жас ұрпақтың қолында екенін түсінеді,болашаққа мақсат құра білуге дағдыланады.
Сабақта қолданылатын модульдер мен әдіс-тәсілдер
АКТ,СТО. Топтық жұмыс, сұрақ-жауап,ой қозғау, түсіндірмелі, диалогтік оқыту, шығармашылық тапсырмалар
Сабақта қолданылатын рессурстар
Слайд ( Ұлы Отан соғыс кезіндегі техникалар, бейнелеу өнері туралы мағлұмат, соғыс жылдары, майдангер-суретшілер суреттері) шарлар, соғыс эмблемасы, бейнебаяндар, плакат, флипчарт,стикерлер, фломастер, интерактивті тақта
Кезеңдері,тапсырмалар
Кіріспе бөлім
1.Кіріспе сөз . «Ұлы Жеңіске - 70 жыл»
2.Шараның өту барысымен таныстыру.
3.Оқушыларды топқа бөлу. Топтың аты мен ұранын айқындау.
Негізгі бөлім
1.Бейнелеу өнері, оның түрлері мен жанрлары туралы қайталай отырып, Батальдық жанр туралы және майдангер суретшілер туралы мағлұмат беру.
2. Топтар арасындағы сайыс:
1) Шебер - класс - коллаж жасау:
«Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан»
Ән «Қазақ сарбаздары» орындайтын Әнен Заманбек
2) Жобалық- сызба -сызба дайындау:
«Менің қиялымдағы Жеңіс бағы»
Көріністі ән «Землянка» орындайтын Жанәбіл Райымбек және 10-сынып оқушылары.
3) Монотипия - бір басылымды сурет: «Ұлы Отан соғысының техникалары. Ардагерлердің наградалары мен ордендері».
Ән «Синий платочек» орындайтын Амандыққызы Мөлдір
Қорытынды бөлім
-
Сайыстың қорытындылау. Әділқазылар шешімі
-
Қорытынды сөз.
-
Кері байланыс«Енді соғыс болмасын!» - жас ұрпақтың тілегі. Тілек ағашы, «От шашу»
Тақырыбы: «Ұлы Жеңіс көркем бейнелеуде»
Мақсаты: Бейнелеу өнеріндегі батальдық жанр туралы түсінікті кеңейте отырып, түрлі әдіс-
тәсілдерді орындау арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту. Сөздік қорын
молайту. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Тәрбиелігі: Жас ұрпақты отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу. Оларға патриоттық тәрбие
беру.
Көрнекілігі: Слайд ( Ұлы Отан соғыс кезіндегі техникалар, бейнелеу өнері туралы мағлұмат,
соғыс жылдары, майдангер-суретшілер суреттері) шарлар, соғыс эмблемасы,
бейнебаяндар
І.Кіріспе бөлім
1- жүргізуші: Кеш жарық, аяулы ұстаздар, білімге құмар шәкірттер! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, Ұлы Отан соғысының 70 жылдық мерекесіне жетуімізге де санаулы күндер қалды. Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар өмірдің мәні, көңілдің жыры, әр отбасының алтын қазығы.
Күй ойнап тұрады
1-слайд: Шара тақырыбы, Жеңіс туралы фотосуреттер
2-жүргізуші: Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескермейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бәрі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетін батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес. Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941 жылы маусымның 22 - де болған еді. Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 9 - мамырда Ұлы Жеңіспен аяқталды. Міне, содан бері 70 жыл мерзім уақыт өтті. Биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдығы.
1- жүргізуші: Иә, аспанымызда Жеңіс туы желбірегеніне - 70 жыл. Соғыс өрті өшіп, қайғы мұңнан арылып, бейбітшілік орнап, бақыт гүлін тергенде - 70 жыл.
70 жыл - бейбір көктем таң атқалы,
70 жыл - шуақты күн таратты әнін.
Талай құс содан бері қайта оралды,
Талай бақ әлеміне қайта оранды.
Соғыста өлгендер тек оралмайды,
Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді.
70 жыл - жауыздықтың ажал оғы,
Біздің елдің үстінен ұшпағалы.
2-Жүргізуші:
Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағына жүре бер! - деп Жеңісті жырлай келе,
Бүгінгі ««Ұлы Жеңіс көркем бейнелеуде»» тақырыбында өткелі отырған ашық тәрбиелік шараны бастауға рұқсат етіңіздер!
ІІ.Негізгі бөлім
Шараның өту барысын түсіндіріп, тақырыбын ашу үшін сөз бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Нелла Бақтыбайқызына беріледі.
Мұғалім: Бүгінгі шарамыз Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне орай бейнелеу өнерімен байланыса өткізілмекші. Шарамыз сайыс түрінде өтпек. Ол үшін ортаға оқушыларды шақырайық! 2 топқа бөлінуіміз керек.
2-слайд: Ұлы Отан соғыс кезіндегі техникалар
Мына жерде соғыс кезіндегі техникалар бейнеленген қима суреттер бар. Сіздер берілген қима суреттерден негізгі сурет шығарып 2 топқа бөлінесіздер. Қима суреттерді құрастыру арқылы әр оқушы өз суреттеріне топталады. 1-суретте танк бейнеленген, ал 2-суретте ұшақ бейнеленген. Танк туралы не білеміз? (1-топ оқушылары жауап береді) Ұшақ туралы не білеміз? (2- топ оқушылары жауап береді.) ( Екі топ атаулары мен ұрандарымен таныстырады. )
3-слайд: Топ аттары мен ұрандары
Қанша ғасыр өтсе де адамзат тарихында елі мен жерін қорғаған батырлардың ерлігі мәңгі есте сақталады. Батырлық жасау оңай іс емес, алайда ол-адамдарға қажетті істі орындау кезінде олардың қорқыныш сезімін жеңіп шығуына жәрдемдесетін рухани күш.
Олай болса, 1-топтың аты - Батырлық.
Ерлік, көбінесе, қоғамдық мәні бар істерде көрінеді. Сондықтан да ол адамның азаматтық қасиеттерінің негізгі көрсеткіштерінің бірі. Ерлік қоғамдық мәнді мақсаттарды алға қойып, қабылданған шешімді жүзеге асыру барысында айқын көрінеді.
2-топтың аты - Ерлік.
Ұрандарымен таныстыру: 1-топ: Батыл болсаң батыр да боласың.
2 - топ: Ерлік - елдің қасиеті, жүректілік - жігіттің қасиеті.
Сайысымызды бастамас бұрын бейнелеу өнері туралы түсінікті пысықтап алайық.
4-слайд: Бейнелеу өнері туралы мағлұмат
Бейнелеу өнері өмірді қолмен ұстап, көзбен көргендей етіп, көркем бейнелер арқылы баяндайды. Көркем шығармалар айналамыздағы дүниені жақсырақ, толығырақ түсінуге үйретіп қана қоймай, ол біздің ой-санамыз бен түйсік-сезімімізге тікелей әсер етеді. Сол себепті біз бейнелеу өнері туындыларын әр деңгейде қабылдаймыз. Олардың мазмұнына мән беріп қараймыз. Бейнелеу өнерінің адам үшін берері мол. Көркем шығармалар арқылы өткен өмір тарихына назар аударып, оны көз алдымызға елестете аламыз. Бейнелеу өнерінің ерекшелігі - суретшінің өз көзімен көріп, түсінген шындығын сол сәтімен айқын көрсетуінде.
1) Бейнелеу өнері дегеніміз не? (Оқушылар жауап береді)
Бейнелеу өнері - дүниені көзбен көріп, түйсіну негізінде бейнелейтін пластикалық өнердің бір саласы.
2) Бейнелеу өнерінің түрлерін ата.
Кескіндеме, графика, мүсін, сәулет өнері, сәндік қолданбалы өнер
3) Бейнелеу өнерінің қандай жанрларын білесіңдер?
Батальдық жанр, пейзаж, натюрморт, анималдық жанр, портрет
Олай болса, біз бүгін бейнелеу өнерінің жанры батальдық жанрға тоқталамыз.
5-слайд: Батальдық жанр
БАТАЛЬДЫҚ ЖАНР- (француз тілі Bataille) - бейнелеу өнерінің кескіндеме, графика және мүсіндеуінде соғыс көріністері бейнеленген жанр. Батальдық жанр - соғыс оқиғалары, Отан қорғау, жер қорғау көріністері бейнеленген көркем шығарма.Суретші образдардың, өмір шындығының типтік жағын таңдап ала отырып, заманның тыныс-тіршілігін жинақтап, жан-жақты бейнелейді. Батальдық жанрда әскери жорықтар,лагерьлер, казармалар, соғыстың нағыз қайнаған сәтін, соғыс батырын бейнелеген. Тарихи тақырып тарихи тұлғалар образын қайта жандандыруда тарихи портретте, тарихта нақты болған әскери жорықтар мен соғыс көріністерін бейнелеуде батальдық жанрмен мығым байланыс тауып отырды. ҮІІІ ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың басында Америка бейнелеу өнеріндегі тарихи кескіндеменің даму барысына көз жүгірте отырып, тәуелсіздік идеясының жетекші рөл ойнағанына куә боламыз. Америка бейнелеу өнерінің, әсіресе, портреттер мен тарихи тақырыптағы кескіндемелердің романтикалық сипатта көрініс табуы оқиға барысын идеяландыру, ұлықтау, қастерлеу сезімдерінен туындаған көркемдік мәнер болды. Болған оқиғаны көре отырып, бейнелеген Қазақстандық майдангер - суретшілер де жоқ емес.
6-слайд: Майдангер - суретшілер
Майдангер-суретшілердің шығармалары да құжат, нағыз шындықтың айнасы, куәгерлердің көзбен көргені, көңілге тоқығаны. Олар жүректің тереңінен шыққан, есте қалған, қағазға түсірілген сурет нышандары, күнделік негізінде салынған, олардың сюжетінде де өмірбаяндық арқау бар. Майдан ардагерлері өз шығармаларында тек соғысты ғана бейнелеп қоймайды, олар қазіргі замандастарымызды, бүгінгі бейбіт өмірді, жасампаз еңбекті де паш етеді.
Қазақстанда майдангер-суретшілердің алғашқы көрмесі 1970 жылдың мамырда Ұлы Жеңістің 25 жылдық мерекесі қарсаңында ашылды.
Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры, халқымыздың біртуар перзенті - Қасым Қайсенов Ұлы Отан соғысының қиын-қыстау кезеңін, жауынгерлердің ерлігін суреттейтін «Жас партизандар» (1954), «Ажал аузында» (1959), «Жау тылындағы бала» (1961), «Жау тылында» (1973) секілді көптеген шығармалардың авторы. Есіркеев Райымқұл 1957 жылдан бері Р.Есіркеев облыстық және республикалық көрмелерге үзбей қатысып келген.
Хайдаров Әмен Әбжанұлы Әскери міндетін өтеп болғаннан кейін Алматы көркемсурет училищесің бітіреді.
Рахимов Хайдар Соғысты Германияда аяқтайды. Ол жүзден аса майдан суреттерін сақтап қалыпты, онда майдангер суретші өзінің көзімен көрген оқиғаларды бейнелеуге тырысқан.
1950 жылдан бастап туған қаласы Өскеменде тұрады, жергілікті суретшілердің коллективін басқарады. Мектепте және Металлургтер мәдениет сарайы изостудиясында сурет пен кескіндемеден (живопись) сабақ береді.
1969 жылы Қазақ педагогика институтының көркемсурет-графика факультетін бітірді.
«Кеңес Одағының Батыры Нүркен Әбдіровтің бейнесі» (1970) туындысы бар.
Батальдық жанр туралы қысқаша мағлұмат осы. Енді шарамызды жалғастырамыз. Жүргізушілер сөз өздеріңізде.
1-жүргізуші: Сайыстың әділқазылар алқасын сайлап алайық.
Сайыс шарттарымен таныс болыңыздар:
7-слайд: Сайыс шарттары
1) Шебер-класс
2) Жобалық - сызба
3) Монотипия
2-жүргізуші: Ұлы кешке сенген күн,
Фашистерді жеңген күн.
Ағаларға ерген күн,
Бақыт гүлін терген күн - деп ақын Қадыр Мырза Али жырлағандай «Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан» тақырыбындағы бейнебаянды көреміз.
1-бейнебаян: «Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан»
Екі топқа берілетін тапсырмамен таныс болыңыздар: 1) Шебер - класс
Тапсырма: Қазақстандықтар Брест қамалын қорғап, Мәскеу түбінде де өлімге бастарын тіккен, Сталинград, Курск доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түскен, Берлинге шабуыл жасап, Рейхстагқа қазақ жігіті Рақымжан Қошқарбаевтың Жеңіс туын тігу сәтін постерге бейнелеп, коллаж жасаймыз.
1-жүргізуші: Сайыскерлер жұмыстарын аяқтағанша келесі кезекті әнге берейік. Ән: «Қазақ сарбаздары» орындайтын «Менің елім» атты аудандық, облыстық патриоттық ән фестивалінің І орын жүлдегері Әненов Заманбектің орындауында қабыл алыңыздар.
(Ән орындалады. Постермен әр топтан бір оқушы шығып жұмыстарын қорғайды. )
Жазылған жоқ өткен күн жаралары
Сиреп кетті-ау қарттардың аралары
Бабам жауға бермеген туған жерді
Қорғайды әлі бабамның балалары - дей келе, «Мен елімді мақтан етемін!» тақырыбында өткен аудандық сайысқа қатынасқан 2 сынып оқушысы Серік Расулдың бейнебаянын көруге шақырамыз.
2 - бейнебаян: «Жеңіс бағы»
Екі топқа берілетін келесі тапсырмамен таныс болыңыздар: 2) Жобалық- сызба
Тапсырма: Ауылымыздың болашағын дамытып, көркейтетін сіздерсіздер. Олай болса, ауылдың «Жеңіс бағын» болашақта қалай көркейтер едіңдер? Постерге Жеңіс бағының жобасын сызамыз.
2-жүргізуші: Сайыскерлер жұмыстарын аяқтағанша көрініс тамашалаймыз. Көрініс: «»
3-бейнебаян: соғыс көріністері
(Көрініс қойылады. Постермен әр топтан бір оқушы шығып жұмыстарын қорғайды. )
Атам Отан қорғаған
Онда қорқақ болмаған
Алтын жұлдыз кеудеде
Нағыз батыр ол маған - дей отырып, келесі слайдқа назар аударамыз!
8-слайд: Ұлы Отан соғысының техникалары. Ардагерлердің наградалары мен ордендері.
Екі топқа берілетін келесі тапсырмамен таныс болыңыздар: 3) Монотипия- бір басылымды сурет.
Тапсырма: Постерге 1 - топ орденнің, 2 - топ мәңгілік алаудың суретін бейнелеп, монотипия дайындау.
1-жүргізуші: Сайыскерлер жұмыстарын аяқтағанша келесі кезекті әнге берейік. «Менің елім» атты аудандық патриоттық ән фестиваліне қатынасушы Амандыққызы Мөлдірдің орындауында «Синий платочек» әнін қабыл алыңыздар.
ІІІ.Қорытынды бөлім
1-Жүргізуші: Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!
«Енді соғыс болмасын!» Екі топ өздерінің тілектерін тілек ағашына «От шашу » арқылы орындайды. (От шашу шапалақ арқылы орындалады. Тілек айтқан сайын шапалақтары күшейе түседі) Келесі сөз кезегін сайыстың қазылар алқасына береміз!
2-жүргізуші: Қорытынды сөз кезегі Нелла Бақтыбайқызында: Ардагерлер ерліктері арқасында біз осы күнге жеттік. Біздің өз қалауымызбен еркін өмір сүріп, мектепте алаңсыз білім алып жатқанымыз, шаттана күлгеніміз, жайраңдап күлгеніміз - бәрі де сол Ұлы Отан соғысы Жеңісінің жемісі. Әрине, соғыс болмасын! Біздер соғысқа қатысып батыр болмайық. Біз бейбіт күннің батырлары болуға тырысайық. Ел үшін аянбай еңбек етіп, білім алып, өз жеріміздің патриоттары болуға мүмкіндіктер бар.
1-жүргізуші: Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар! Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын! Қайратты, мақсатты болыңыздар! Еңбекте табыс тілейміз,- дей келе бүгінгі ««Ұлы Жеңіс көркем бейнелеуде»» атты тәрбиелік шарамызды аяқтаймыз! Көңіл қойып, тамашалағандарыңызға көп рахмет!