7


ҚАзақ тілі 'Сұрулы сөйлем'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Сұрулы сөйлем
Пәні: Қазақ тілі
Сыныбы: 2 сынып
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға сұраулы сөйлем туралы алған білімдерін тиянақтап бекіту. Өз ойларын еркін айтуға, өз бетінше жұмыс істеуге, сауатты жазуға, сөздерден дұрыс сөйлем құрай білуге үйрету.
2. Оқушыларға сұрақ қою арқылы жан-жақты ойлауға үйретіп, тіл байлығын, сөздік қорын дамыту.
3. Оқушыларды елжандылыққа, өз Отанынын потриоты болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: бекіту сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, топтастыру, логикалық ойындар, салыстыру
Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта, СТО ВЕНН диаграммасы,фишкалар

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) сәлемдесу, түгендеу
ә) шаттық шеңбері
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген.
Шуақталған жанымыз, жүрегіміз,
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.

Жарқырап күнде ашылды,
Күн нұры түгел шашылсын.
Қайырлы күн достарым,
Біз әдепті боламыз.
Қайырлы күн ұстазым,
Біз көңілді боламыз.

Оқушыларды 3 топқа бөліп отырғызу.
Оқушылар мен сендерді сабаққа жауап берулеріңе қарай фишкалар арқылы бағалаймын.
Қызыл - 5, көк - 4, сары - 3
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
83 бет, 5 - жаттығу
Айтылу мақсатына және дауыс ырғағы бойынша қандай сөйлемдер болып табылады?
Тиісті дауыс ырғағымен оқытып. Тыныс белгісін қойып, көшіріп жазып келу.

- Марат, неге сыбырлап айтып қойдың? Сол үшін саған "екі" қоямын.
- Неге "екі" қоясыз? Мен Дәулетке де сыбырладым ғой! "Төрт" қойыңыз.

«Мен бастаймын, сен жалғастыр» ойыны
1) Сөйлем аяқталған ................(ойды білдіреді)
2) Сөйлем сөзден .....................(құралады)
3) Сөйлемдегі сөздер ................(бөлек жазылады)
4) Сөйлемнің бірінші ................(сөзі бас әріппен басталып жазылады)
5) Сөйлемнің соңына..................(нүкте қойылады)
6) Хабарлы сөйлемнен кейін ............(нүкте қойылады)
7) Сұраулы сөйлемнен кейін ............(сұрақ белгісі қойылады)

ІІІ. Жаңа сабақ
-Балалар, сендермен сабақты бастамас бұрын тақтадағы ребусты шешіп көрейік.
-Балалар, қане қандай сөз құрадыңдар, көрейік (сұрулы сөйлем) Демек бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз «Сұраулы сөйлем» тақырыбын алдыңғы сабақта алған білімдерімізді тиянақтап бекітеді екенбіз. Сабақтың мақсатын хабарлау. Бізге бұл тақырып таныс. Олай болса, алған білімдерімізді еске түсірейік.
• Сөйлем аяқталған ойды білдіреді. Сөйлемнен соң нүкте(.), не сұрау белгісі (?), не леп белгісі қойылады.
• Бірдеңенің жайын хабарлау мақсатымен айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз. Хабарлы сөйлемнің соңына нүкте (.) қойылады.
• Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз. Сұраулы сөйлемнің соңына сұрау белгісі қойылады.
Сұраулы сөйлем жасайтын шылаулар ма,ме,ба,бе,па,пе бөлек жазылады.
Мысалы: Олар қаладан келді ме? Асан сурет салды ма?

Бүгінгі сабақта әр түрлі тапсырмалар орындау арқылы білімдерімізді одан әрі жетілдіреміз. Енді бәріміз дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күн ретін жазыңдар.
Бүгінгі кезекші әрпіміз - Ғ ғ
Тақтамен жұмыс
1 - жаттығу
Хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөлемге айналдыр. Сөйлемнің соңындағы тыныс белгілердің қойылуын түсіндір. Қарамен жазылған сөздердің жазылуына назар аудар.

Хабарлы сөйлем Сұраулы сөйлем





2 -жаттығу
«Құрастыра біл» ойыны
Сөйлем соңындағы ма,ме,ба,бе,па,пе бірге жазылама, әлде бөлек жазыла ма?
Жақшаны ашып, дұрысын жаз. Тиісті жерге сұрау белгісін қой.

Түскі тамаққа кешікпе. Орталыққа кеткендер келіп пе?
Айтқанды түсіндің бе? Қараңғыға қалма. Күн суытты ма? Әр қашан қатарыңнан қалма. Қосымша сабаққа қалды ма?

Сергіту сәті
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үп-үлкен боп өседі.

Дәптермен жұмыс
3 - жаттығу
Хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдырып жаз.

Таң атты - таң атты ма? Күн шықты - күн шықты ма? Қанат ерте тұрды-Қанат ерте тұрды ма? Қоңырау соғылды- қоңырау соғылды ма? Мұғалім сыныпқа кірді- мұғалім сыныпқа кірді ме? Сабақ басталды - сабақ басталды ма? Сабақ қызықты өтті - сабақ қызықты өтті ме? Балалар үйлеріне көңілді қайтты - балалар үйлеріне көңілді қайтты ма?
Ал, балалар тақтаға қарайықшы не көріп тұрмыз. Тақтада жұлдызшаларды көріп тұрмыз,дұрыс айтасыңдар.Олай болса балалар, келесі тапсырмамыз.
«Кім жылдам?» ойыны
Әр топтан бір-бір оқушы шығып, тақтадағы жұлдызшаларды алып сұрақ бойынша жауап береді.

ІV. Сабақты қорытындылау
- Балалар, сендер бағанадан бері өздерінің білімдеріңді көрсеттіңдер. Жарайсыңдар! Енді осы үйренгендерімізді тағы да бір пысықтап, сабағымызды
ВЕНН диаграммасы арқылы қорытындылайық.

Хабарлы Сұраулы

V. Үйге тапсырма.
84 беттегі, 4 - жаттығу
VІ. Бағалау. Әр оқушының жинаған фишкаларына қарай бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал