7


  • Учителю
  • Конспект на тему 'Сенің отбасың'

Конспект на тему 'Сенің отбасың'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Сенің отбасың.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға отбасы туралы ұғым бере отырып, отбасындағы өзінің орнын түсіндіруге жағдай жасау, отбасы қамқорлығымен қатар сол ортада өзінің де еңбек етуі, адамдармен қарым-қатынасқа түсуі, әдепті сөздер мен өнегелі істер істеуін үйрету.

Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: адамдардың арасындағы өзара қарым-қатынастың маңызын түсінуге мүмкіндік туғызып, оны дамыту.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:

  • Әңгімелесу әдіс-тәсілі

  • Топпен жұмыс жасау

  • Түсіндіру әдісі

  • Оқулықпен жұмыс істеу әдіс-тәсілі

  • Мәтінмен жұмыс жасау әдісі

  • Шешім қабылдау әдісі

  • Ой қозғау әдісі

  • Жобалау әдісі

  • Дәптермен жұмыс тәсілі

Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, кеспе, әріптер, суреттер, карточкалар

Сабақ жоспары: І. Ой қозғау кезеңі

а) Ұйымдастыру

ә) Топқа бөлу, топ басшыларын сайлау.

б) Топпен жұмыс

ІІ. Мағынаны тану

а) Тақырыппен жұмыс

ә) «Болжау» әдісі

ә) Мәтінмен жұмыс

б) Дидактикалық «А» ойын

б) Сергіту сәті

д) Суреттермен жұмыс

в) Топпен жұмыс «Үйде кім бар?» ойыны

д) Карточкамен жұмыс «Сөзді тап»

г) Дәптермен жұмыс

ІІІ. Ой- толғаныс кезеңі

а) Бақылау жұмысы

ә) «Сөз ойла, тез ойла»

ә) Бағалау парағы

б) Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:

-Балалар, біз бүгін сабақты бастамас бұрын топқа бөлініп отырамыз.

І топ-айналайын ІІІ топ-ботақаным

ІІ топ-алтыным IV топ- жұлдызым-деп аталады.

Бұл сөздерді бізге кім айтатынын және қайда, қай жерде үнемі еститінімізді сабақ барысында біле жатармыз. Енді отырған ортамызға, яғни партаның орналасуына көңіл бөлейік:

-Қандай әріпке ұқсайды?

-«О» әрпі

-Онда тақтаға «О» әрпі орналасқан суретті ілемін. Сабақтың соңына дейін осы суреттің жалғасын құрастырып шығамыз.

-Қандай жұмыс түрлерін көрсетеміз деп ойлайсыңдар?

-«Т» әрпі

-Енді топқа бөліндік, топтың атауы бар, топпен жұмыс жасайсыңдар, енді сол топты басқаратын кімдер керек?

-Басшылар

-Қандай әріптен басталып тұр?

-«Б» әрпі (осыған байланысты тақтаға сурет ілінеді.)

Топпен жұмыстың мақсаты әріптерден дұрыс сөз жинасаңдар, сабақтың тақырыбын өздерін айтып бересіңдер.


Ы

С

О

А

Б

Т

2 3 4 1 5 6

Әр топтан бір оқушы шығып, әріптерді орналастырып, сабақтың тақырыбын айтады. Осыдан кейін тақырыппен жұмыс жасау.

*Тақырыпты естігенде кімдер көз алдарыңа келеді?

*Отбасына кімдер жатуы мүмкін?

Кітаппен жұмыс, яғни оқулықтағы «Отбасы» деген мәтінмен таныстырмас бұрын «болжау» әдісі жүргізу. Әрбір оқушы осы тақырыпты естігенде не түседі және не туралы болуы мүмкін деген ойларын ортаға салып бөліседі.

Мәтінмен жұмыс

*топта оқу

*топта мазмұндау

*топтан бір оқушы шығып, мазмұндау.

Дидактикалық «А» ойын «Қай сөзде бар?»

Сергіту сәті: Кел санайық бәріміз

Бір үйде біз нешеуміз?

Ата, әже, шеше және мен

Бір үйде біз нешеуміз?

Біз санадық, бесеуміз.

Суреттермен жұмыс. Әр топқа әртүрлі суреттер беріледі, сол суретке байланысты 3-5 сөйлем құрастырады.

Құрастырған сөйлемдерін бір оқушыдан шығып қорғайды.

Топпен жұмыс «Үйде кім бар?» ойыны

Тапсырма «Үйде кім бар?»



Топпен жұмыс оқулықтағы карточкамен жұмыс жасау, яғни

«Сөзді тап»

Ә ШЕ

БА ТА

А КЕ

ШЕ ЛА

І ҒА

ТӘ НІ

ӘП ЖЕ

Дәптермен жұмыс жүргізгеннени кейін, оқушыларды бүгінгі сабақты қаншалықты меңгергенін бақылау жұмысы арқылы тексеруге болады.

«Дұрыс тап»

(Бақылау жұмысы)



«Сөз ойла, тез ойла» ойыны сабақтың бекіту ретінде орындалады.



Оқушылардың қаншалықты сабақты меңгергенін бақылап, әрбір топтың топ басшыларының бағалау парағын тексеріп, тиісті бағаларын қою.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал