- Учителю
- Сабақтың тақырыбы: К. Ахметова «Қазағым менің»
Сабақтың тақырыбы: К. Ахметова «Қазағым менің»
Сабақтың тақырыбы: К.Ахметова «Қазағым менің»
Сабақтың мақсаты:
Ақын шығармашылығынан мағлұмат беріп, өлеңнің мазмұны мен идеясын ашып түсіндіру.
Өлеңді мазмұнына, өлең құрылысына талдай білуге, ойларын көркемдеп жеткізуге дағдыландыру.
Туған халқының өміріне көз жібере отырып, Отанын сүюге,патриотизмге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Сыни тұрғыдан ойлау, пікір айту, ой белсенділігін арттыру
Түрі:
Көрнекілік: Тірек сызбалар, тарихи суреттер, саз әуені, ақпараттық құралдар.
Пәнаралық байланыс: тарих,саз.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
ІІ. Жаңа сабақ тақырыбын ашу.
Біздің ұлтымыз қалай аталады балалар? (Қазақ)
Қазақ деген сөзге кім түсінік беріп кетеді?
Түсіндірме сөздіктен «қазақ» сөзіне түсініктеме беріледі.
Сіздер қалай ойлайсыздар? «Қазағым менің» деген өлеңде не айтылуы мүмкін?
Қазағым менің
ІІІ. Жаңа сабақ.
Ал енді ақын К.Ахметова өзінің «Қазағым менің» өлеңінде не айтады екен соған тоқталайық.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы К.Ахметова «Қазағым менің»
Ең алдымен ақын өміріне шолу жасайық.
Өлең оқылады.
ІV. Жаңа сабақты талдау.
Оқушылар өлең мазмұны түсінікті ме?
Түсіндірме сөздік жұмысы.
Олай болса, өлең мазмұнына талдау жасайық.
Сұрақтар:
а) Қазақ еліне шапқыншылық жасаған елдерді суреттейтін жолдар
ә) Тарихи ескерткіштер туралы сұрақ
б) қазақ жерінің тамаша табиғаты, жаңа өлеңдердің дүниеге келуі қай шумақта көрсетілген?
в) Қазақ халқыны көп ұлттылығы, бәрі ақын, бәрі жауынгер халық екендігін суреттейтін жолдар?
г) 1931 жылы аштықта босып кеткен қазақтар туралы жолдар?
ғ) Қазір қандай мемлекетпіз, шет елдегі қазақтардың елге оралуын көрсететін жолдар
V. Өлең құрылысына талдау.
Оқушылар қараңдаршы, неше шумақ өлең?
жанр
авторы
шумақ
тармақ
бунақ
аллитерация
метафора
VІ. Слайдқа қайтадан түсу.
Сіздердің ойларыңызбен өлең мазмұны сәйкес келді ме?
Олай болса, сол өз ойларыңызды ақын ойымен ұштастырып жаза аламыз ба?
VІІ. Шығармашылық жұмыс.
Үйге тапсырма беру. Бағалау. Қорытындылау.
2- сабақ
Сабақтың тақырыбы: Елтаңба,ту туралы
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушының Елтаңба,ту туралы қарапайым түсініктерінің қалыптасуына мүмкіндік жасау.
2. Оқушының ойлау, шығармашылық дағдыларын дамыту.
3. Өмір сүрудегі сауаттылық, өзін-өзі басқара білу мүмкіндіктері екенін, өз Отанына деген құрмет екенін сезіндіру.
Сабақтың көрнекілігі:Рәміздер.
Сабақтың барысы:
Қызығушылығын ояту.
Оқу жылының беташар сабақтарының бірі болғандықтан, сабақ Қазақстан Республикасының Гимнімен басталады.
Балалар,Білім күні мерекелерің құтты болсын! 30тамыз күні тағы қандай мереке өткенін кім айта алады?
Оқушылырды тақтада жазылған: Заңды құрметтейміз, Заңды мойындаймыз, Заңды білуге талпынамыз, Рәміздерді мақтан етеміз топтарына бөліп отырғызу.
1-жұмыс:
Заң дегеніміз не?
Адам заңды қалай үйренеді?
Заң не үшін керек?
Білемін
Білгім келеді
Үйрендім
v Кестенің «Білемін», «Білгім келеді», «Үйрендім» бөлігін толтыру.
Мағынаны тану.
Сабақ тақырыбы тақтаға жазылып, автормен қысқаша таныстыру. Өлеңді мәнерлеп оқып береді.
Тапсырма:
1-топ. Ақын еліміздің заңын қалай дәріптеген?
2-топ.Адамның заңсыз өмір сүре алмайтыны қалай түсіндіред?
3-топ. Халықтың ізгі арманы не?
4-топ. Ақынның заңды көркем суреттеуін өлеңнен үзінділер келтіру арқылы пікірлерін дәлелдеу керек.
Көрнекілік ретінде Қазақстан Республикасының Конституциясының балалар ұғымына жеңіл кейбір заң баптары таңдап алынады, жақсы көрінетін жерге ілінсе, сабақ мазмұндырақ болады. Мысалы:
34-бап. «Әркім Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті»
38-бап. «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті»
Ойтолғау.
1-топ. Өз елдеріңнің заңын құрметтеу дегенді қалай түсінесіңдер?
2-топ. Заңның орындауын күнделікті өмірден қалай көруге болады? (Бұл сұрақ арқылы балалар білім алуға, демалуға, каникулға шығуға, дәрігерге қаралуға, сыныпта өз ойын ашық білдіруге т.б. құқықтары бар екенін айтады.)
3-топ.Заңды білмеуден адам қандай қиындықтарға ұшырауы мүмкін?
4-топ.Мемлекеттік рәміздерді құрмет тұту дегенді қалай түсінесін?
Сабақ соңында кестенің үшінші бөлігіне қайтарып ораламыз.
v Бүгін біз не үйрендік? (кестенің үшінші бөлігін толтырады)
v Өзің үшін қандай жаңалық аштың?
v Мектеп ережелері заң бола ала ма?