7


  • Учителю
  • Заттың атын білдіретін сөздер. Сауысқан мен көкек

Заттың атын білдіретін сөздер. Сауысқан мен көкек

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Тақырыбы: Заттың атын білдіретін сөздер. «Сауысқан мен көкек» 87- 88 жаттығу Мақсаты: Білімділік: Оқушыларға заттың атын білідіретін сөздер туралы түсініктерін одан әрі дамыту, жаттығулар арқылы меңгерту. Құстар туралы ертегімен таныстыру. Мәтінді түсініп, оқи білуге, маз
предварительный просмотр материала

04. 03. 2015ж.

Тақырыбы: Заттың атын білдіретін сөздер. «Сауысқан мен көкек» 87- 88 жаттығу

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға заттың атын білідіретін сөздер туралы түсініктерін одан әрі дамыту, жаттығулар арқылы меңгерту. Құстар туралы ертегімен таныстыру. Мәтінді түсініп, оқи білуге, мазмұнын баяндауға баулу.

2. Дамытушылық: сөздік қорын байыту, ауызша сөйлеу тілін, ойлау қабілетін дамыту;

3. Тәрбиелік: Құстар туралы түсінік бере отырып, қамқорлық жасауға баулу.

Сабақтың түрі: проблемалап оқыту.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: қайталау сабақ

Сабақтың көрнекіліктері: тақырыпқа сәйкес суреттер

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз. Бүгін «Білгенімізді қайталаймыз!» деген мақсатпен жұмыс істейміз.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру: «Құстарым, келіңдер» өлеңін және ережені жаттап келу.

86- жаттығу 1. Кім? сұрақтарына жауап беретін сөздерді тапқызу, астын сызғызу.

ІІ Өтілген материал бойынша тексеру: .

Жылдың қай мезгілі келді? Табиғаттан қандай өзгерістер байқалады? Құстарды қалай қарсы алуға болады? Қандай құстардың атауларын білесіңдер?

ІІІ Мақсат қою кезеңі: 1) сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау

Өздері білетін құстардың атын атату, сөздерге сұрақтар қойғызу. Заттың атын білдіретін сөздер қандай сұрақтарға жауап береді?

ІҮ Жаңа материалмен жұмыс: а) дәптермен жұмыс: Күннің жадын, тақырыпты жазғызу

көркем жазу: Н н

Сауысқан мен көкек

(Ертегі)

Ертегіні оқыту, не түсінгендерін ортаға салу, талдау. Мазмұнын ашу.

1. Сауысқанның көкекке ұя салуға ұсыныс жасау себебі не?

2.Көкектің қандай ойы болды?

3. Сауысқан ұяны қалай салды?

4. Көкек қандай құс?

5. Сауысқанның ұя салу әдісін тапқызу, оқыту.

Ү. Сергіту сәті:

Жұмбақ шешкізу

Қайталап атымды,

Ән салып аламын.

Кез келген ұяға

Жұмыртқа саламын. (Көкек)

88- жаттығу 1. Сөздерді оқытып, ауызша сұрақ қойдырту.

Алдымен Не? Сұрағына, соңынан Кім? Сұрағына жауап беретін сөздерді жазғызу.

Егінші, бағбан, бұлт, трактор, тырма, омарташы.

Қосымша дәптермен жұмыс: Кім? Сұрағына жауап беретін сөздерді тауып жазу

ҮІ Қорытындылау

1.Қандай шығармамен таныстық?

2. Көкек қандай құс? Сауысқан ше?

ҮІІ Үйге тапсырма: «Сауысқан мен көкек» ертегісін оқып, мазмұнын айту және ережені жаттап келу.

87- жаттығу 1. Кім? сұрақтарына жауап беретін сөздерді тапқызу, астын сызғызу.

ҮІІІ Оқушыларды бағалау




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал