- Учителю
- ӘДебиеттік оқу 2 класс Сабақтың тақырыбы: Бір минут
ӘДебиеттік оқу 2 класс Сабақтың тақырыбы: Бір минут
Сабақтың тақырыбы : « Бір минут» (балдырған журналынан )
Сабақтың мақсаты: тақырып мазмұнын терең меңгерту, мәтіндегі негізгі ойды ұғындыру.
Сабақтың міндеттері:
1) Білімділік: Мәтіннің мазмұнын ашу, негізгі ойды ұғындыру. мәтінді саналы түсініп оқу .Оқушыларды білімділікке үйрете отырып, кітап оқуға деген қызығушылығын ояту. Бір минут уақыттың үлкен рөл атқаратынын оқушыларға жеткізу.
2) Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, ойлау қабілетін, ақыл ойын, тіл байлығын, сөздік қоры мен сөйлеу тілін дамыту, шапшаң оқу дағдыларын қалыптастыру.
3) Тәрбиелік: Мәтіннің тәрбиелік мәнін түсіндіру. Оқушыларды еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа , әр істі жауапкершілікпен уақытында жасауға және уақытты дұрыс пайдалануға, жинақылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: баяндау, сұрақ-жауап, әңгімелеу, талдау,жинақтау.
Сабақтың көрнекілігі: сағаттың моделі,слайд, нақыл сөздер,
Сабақтың барысы
I.Ұйымдастыру бөлімі
1. Оқушылармен сәлемдесу, оларды түгелдеу,
2. Оқу-құрал жабдықтарының түгел болуын қамтамасыз ету.
3.Психологиялық дайындық
Үлкенге де сіз ,
Кішіге де сіз.
Бар адамды құрметтеп ,
Бас иеміз біз .
ІІ.Үй жұмысын тексеру.
1.Ертегіні мазмұндау.
2.Етікшіге жазып келген мінездемені оқу.(кедей, ақылды, мейірімді)
3.Жаттап келген жаңылтпашты жаңылмай айтқызу.
ІІІ.Үй тапсырмасын қортындылау
1. Иесіз қыстау деген сөздің мағынасын ашу?
2. Етікшіні өлімнен не құтқарады?
3. Етіктің сыртқы көрінісінің басқа етіктерден айырмашылығы қандай?
4. Мұрат деген сөздің мағынасын түсіндір?
5. Дәуді сипатта?
6. Дәу үйіне кіргенде кімді көреді?
7. Дәу етікшіні не деп қорқытады?
8. Етіктің керемет қасиеті қандай?
9. Еңбек туралы мақал - мәтел айт?
10. Етікші дәудің үйінен не тауып алды?
11. Етікші тұратын ауыл қалай мұратына жетті?
Өткен сабақты қорытындылау.
Балалар , етікші мұратына қалай жеткен екен ?
IV. Жаңа сабақты меңгерту.
Ребус шешу : Берілген суреттердің алғашқы дыбыстарын қоссақ сабағымыздың тақырыбын оқуға болады .
Ендеше бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбымыз «Бір минут».
-
Қызығушылықтарын ояту,(сағаттың суреті).
Сағаттың тілі туралы, уақыттың маңызы туралы айту.
Сағаттың үлкен тілі - минут тілі, ал кішісі- сағат тілі деп аталады.Үлкен тілі толық бір рет айналып шыққанда 60 минут, яғни 1 сағатқа тең.Кіші тілі тура сағатты көрсетеді
Оқулықпен жұмыс
Мәтінді мұғалімнің оқуы
VІ.Тапсырмалармен жұмыс
-
Оқушылар 1 минут уақыт көп па? (пікірлерін тыңдау)
-
1 минутта неше секунд бар?
-
1 минут уақыттың аз немесе көп екендігі туралы мәтінен тауып оқиық.
-
Мәтінді мәнерлеп, тізбектей оқыту.
-
Талғаттың сөзін мәтіннен тауып оқу.
-
Талғат неліктен жеңімпаз болмады?
-
Ылғи Талғатты шақырған кезде ол не деп жауап беретін?
Сергіту сәті.
Сағаттың тіліндей,
Иіліп оңға бір,
Сағаттың тіліндей.
Иіліп солға бір,
Оң аяқ, сол аяқ
Жаттығу оңай - ақ
VІІ.Дәптермен жұмыс
-Бір минутта мәтіндегі есте қалған сөздерді жазу. Уақытты белгілеу. Ең көп жазған оқушыны анықтау,ең аз жазған оқушыны анықтау.
- бір минутта __сөз оқыдым.
-бір минутта __секунд бар.
«Кім тапқыр» ойыны
Жұмбақтар шешу
1. Тық - тық ұрып,
Шегесін қадап.
Мезгілді саған
Айтады санап (сағат)
2. Сыртылдайды күнімен
Сыртылдайды түнімен
Білгің келсе мезгілді
Көрсетеді тілімен (сағат)
3. Тілі бетінде
Сөзі шетінде (сағат)
4. Еңбеккерге дос қайшы,
Еріншекке қас қайшы.
Өтпейді бір бос күні. (сағаттың қос тілі)
5. Жұмысқа, сабаққа
Шақырып тамаққа,
Тоқылдап соғады.
Хабаршы болады (сағат)
VІІІ.Сабақты бекіту.
Қызықты сұрақтар
- Бір сағатта неше минут бар?
- Бір минутта неше секунд бар?
- Сен бір минутта неше сөз оқи аласың?
- Сен бір минутта не істей аласың?
-Өзің бір нәрсеге кешіккенде ренжисің бе және қимылмен кимылмен көрсет.
IХ. Қорытынды: Әр ісіңді өз уақытында орындауға және уақытыңды үнемдеуге тырыс. « Уақыт алтыннан да қымбат .»
Уақыттың маңызы.
Сонымен оқушылар, бір минуттың қадірін пойыз, автобус немесе үлгермей қалған жолаушылардан сұрау керек.
пойыз ұшақ автобус
-
Бір минут уақыттың үлкен рөл атқаратынына мысал келтіру.(Шаршы алаңға шыққан спортшылар:боксшы,шахматшы тағы басқа спортшылар уақытқа қарай сайысқа түседі.)
-
Елімізде өткен 2010жылғы Азияда ойындарында біздің еліміздің де шаңғышылары өнер көрсетіп,жүлделі орындардан көріне білді. А. Полторанин мен Д. Чебатко мәре алаңына бірінші келіп,нәтижесінде Чебатко 3секундқа кешігіп күміс жүлдеге ие болды. Міне уақыттың тығыздығын осыданда байқауға болады.
-
Мәтіндегі Талғаттың іс-әрекетіне мінездеме беру.( Талғат үнемі кешігетін және өзгелерді тостырып қоятын).
Х. Үй тапсырмасы: . Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын айтуға дайындалып келу.
ХІ.Бағалау.
Сабаққа жақсы дайындықпен келіп, сабаққа қатысып отырған оқушыларды бағалау.
№ 39 қазақ орта мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы : « Бір минут.»
( 2 «Б » класс)
Өткізген :Кереева Самал Айтургановна
Ақтөбе қаласы