7


Ә Дыбысы мен әрпі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сауат ашу. Тақырыбы: Ә дыбысы мен әрпіМақсаты: Ә дыбысымен әрпін таныстыру. Ә әрпіне байланысты сөздерді буынға бөлу, дыбыстық талдау жасату, сөйлеу қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту. Табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу. Көрнекіліктер: жылжымалы тақта, суреттер т.б.
предварительный просмотр материала

Сауат ашу.

Тақырыбы: Ә дыбысы мен әрпі

Мақсаты: Ә дыбысы мен әрпін таныстыру. Ә әрпіне байланысты сөздерді буынға бөлу, дыбыстық талдау жасату, сөйлеу қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту. Табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: жылжымалы тақта, суреттер т.б.

Әрекет кезеңдері: Тәрбиешіңің әрекеті. Баланың әрекеті.
І. Ұйымдастыру бөлімі.

-Сәлеметсіздерме балалар. Бүгінгі сауат ашу сабағы өзгеше өткелі отыр, оған себеп, бүгін бізге қонаққа апайлар келіп отыр.Солармен амандасып алайық.

ІІ. Психологиялық дайындық.

Қайырлы таң досым.

Қайырлы күн болсын.

Жеті күннің әр кезі,

Сәттілікке толсын.

Біздің алар бағамыз, кілең бестік болсын!


Шаттық шеңберінде тұрып жаттығу жасайды.



-6-

Ұйымдастырушылық, ізденушілік.

-Апайлармен бірге бізге қонаққа әже де келіп отыр. Ол кісі сендерден көмек сұрай келіпті. Әженің Әсет және Әсел деген екі немересі бар екен. Әкі бала ауыл сыртындағы орманға саңырауқұлақ теруге шығып адасып кетеді. Сол балаларды тауып беруіміз керек. Қане әжемізге көмектесеміз бе?

-Иә.

-Ол үшін балалар сендер менің сұрағымды мұқият тыңдап, жауап беріп отырыңдар

ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру. «Кім зерек?» ойыны (сұрақ-жауап)

-Өткенде қай әріппен таныстық?

-І дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?

-Неге дауысты дыбысқа жатқызамыз?(ереже)

-Қане, сол Ідыбысына сөздер ойлап жіберіңдерші.

-Жуан айтылып тұр ма, жіңішке айтылып тұр ма?

-Дыбыс деген не? (Дыбысты естиміз, айтамыз)

-Әріп деген не? (Әріпті жазамыз, көреміз, оқимыз)

Өте дұрыс, біз әжемізге көмектесуге дайынбыз.


-7-

-Әжеміз келе жатса алдынан бір үлкен өзен шығыпты. Бұл кісіні өзеннен өткізу үшін тапсырма орындауымыз керек.

«Өзеннен өту».


Жұмбақтың шешеуін дұрыс шешшеңдер әже өзеннен өтеді.

-Бұрап қойған сағаттай

Айқайлайды таң атпай.(әтеш)

Жарайсыңдар балалар біз әжемізді өзеннен өткәіздік.

-Әтеш сөзі қай дыбыстан басталып тұр?

-Ә дыбысынан. -Бүгін Ә дыбысы және әрпімен танысады екенбіз.

-Ә дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба? Бұны білу үшін бәріміз Ә деп әндетейік.

-Қандай дыбыс екен? -Дауысты

-Ә ауыз мол ашылып, тіл мен иектің төмен түсуінен пайда болатын жіңішке дауысты дыбыстың таңбасы. Көбінесе сөздің бірінші буынында қолданылады.

-8-


Өзеннен өтіп орманға келдік.

-Орманды қане көз алдымызға елестетейікші.

(балалар өз ойларын айтады)

-Қандай аңдарды білетін едік?

-Олай болса әжеге кедергі келтіріп тұрған әрі қарай орындап біз әжеге көмектесейік.

І-аң қасқыр.

Қасқырдың тапсырмасы: Әәрпінен сөз ойлау, дыбыстық талдау жасау,буынға бөлу.

-Қасқырдың тапсырмасын орындаймыз.Ә әрпінен басталатын сөздер ойлап, дыбыстық талдау жасаймыз.(дыбыстық талдау)

-Ән, дәрі,әтеш, әке -Өте жақсы.

-Қасқырдың сыйластық жақсы сөзі: Жолың болсын!

Сергіту жаттығуы:

Орнымыздан тұрайық,

Көгершінге ұқсайық.

Кәне қанат қағайық,

Орнымызды табайық.

-9-

Әдемі етіп, жазайық.

Келесі кедергіде тұрған аң-

Қоянның тапсырмасы: оқулықпен жұмыс.

Қоянның сыйластық сөзі: «Саған сәттілік тілеймін!»

Келесі кездесетін аң-аю.

Аюдың тапсырмасы: «Ажырату».

а) Сөздерді буынға бөліп көрсет.

Әншілер, әпкелер, бәйшешек.

ә) Буындардан сөз құрау.

ән-ші, кә-рі, шә-лі, т.б.

Аюдың сыйластық сөзі: «Рахмет сау бол!»

Дыбысты біз айтамыз, естиміз.

Әріпті біз жазамыз, көреміз.

-10-

Әріптің баспа, жазба түрі бар. Біз мектепалды даярлық тобында баспа түрімен танысамыз.

Ә әрпін мен тақтаға жазып көрсетемін сендер соны мұқият қараңдар:

Ауада жазу, тақтада жазу.

Дәптермен жұмыс.

Жазу кезінде кеудені тік көтеріп дәптерді қиғаштап, қаламды дұрыс ұстап жазамыз. Балалар өткен дыбыстарды еске түсіріп, дауысты, дауыссызын ажыратады. Сұрақтарға жауап береді.

Қорытындылау: -Мінеки, балалар, біз сендермен әжей мен немерелеріне көмектестік. Біз әрқашан әже ақылын тыңдап, әдепті, әдемі, мейірімді болып өсеміз.Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтап.Әженің сыйлығы ретінде жұлдызша тарату.

Мұғалімнің айтқанын

Мықтап миға тоқимыз.

Бар ынтамен тыңдасақ,

Кілең беске оқимыз.

Күтілетін нәтиже:

Баланың білуі: Ә дыбысы мен әрпі туралы ақпарат алды.

-11-

Баланың меңгеруі: дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырату әдісін меңгерді.

Баланың жасай алуы: Өз бетімен оқуды, жазуды үйренді.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал