7


  • Учителю
  • Конспект урока по мир вокруг на тему 'Аңдардың қысқы тіршілігі'

Конспект урока по мир вокруг на тему 'Аңдардың қысқы тіршілігі'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Жабайы аңдар.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік мақсаты: жануарлардың тірі табиғатқа жататындығы туралы оқушылар түсінігін кеңейту, жабайы аңдар жайында ұғым беріп, олардың тіршілігін жыл мезгілдеріне байланысты бақылауға негіз салу;

2.Дамытушылық мақсаты:тірі табиғат пен өлі табиғаттың байланысын ұғындыру

3.Тәрбиелік мақсаты:табиғатты қорғауға, оған ұқыпты қарауға жануарларға қамқорлық көрсету жайында сөйлесе отырып, оларды қорғауға тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру;

Сабақтың түрі: интигрирлық сабақ.

Көрнекілігі:жабайы аңдар тіршілігін бейнелейтін суреттер, жабайы аңдар қорегін бейнелейтін тақырыптық суреттер, кірпі, аю, борсықтың суреттері, аңдардың тіршілік әрекетіне байланысты бейнетаспаларды пайдалану.Компьютер, мультикид, т,б.

Қолданылатын әдіс:қайталау, сұрақ -жауап

Пәнаралық байланыс:бейнелеу өнері, математика

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II. Психологиялық ахуал.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Бар адамды құрметтеп,

Бас иеміз біз!

III. Артикуляциялық жаттығулар.

Қазір мына мақтаны үрлеу арқылы артикуляциялық жаттығу жасаймыз.Кішкентай шарларды үрлейік.

ІІ.Үй жұмысын қайталау.

-Өткен сабақта біз сендермен үй жануарлары туралы өткен болатынбыз. Енді сол үй жануарларын есімізге түсіріп қайталап өтейік.

-Ол үшін мына кораптың ішінен қолымызбен сезу арқылы қандай жануар екенін айтамыз.

ІІІ. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

-Бүгінгі біздің өтететін жаңа тақырыбымыз «Жабайы аңдар» туралы әңгімелесеміз. Сабағымыздың мақсаты: осы жабайы аңдар туралы білу, немен қоректенетінін жіне қайда мекендейтіні жөнінде білімдерін кеңейту.

Суретпен жұмыс.

Суретті пайдаланып, күзде ұйқыға кететін жабайы аңдардың қысқа қарсы дайындығы туралы айту.


Борсық, аю, кірпі қысқа қарсы көп қоректеніп (қоңыздарды, тышқанды, бақаны, орман жидектерін, жемістерін, шөпті, т.б. жейді) семіреді. Олардың түр-түсін сипаттау.

Оқулықтағы мәтінді оқып беріп, мазмұны бойынша жұмыс жүргізу. Әуелі жеке сұрақтар бойынша сөйлетіп, кейін түсінігін тұтас айтуға жаттықтыру.

Кірпі, аю, борсық, қоректенеді, семіреді, ін, апан, т.б. тірек сөздері арқылы сөйлем құрастыру.

Тиін, саршұнақ, аламан қысқа қарсы азық қорын жинайды. Қасқыр, қоян, түлкі, бұғы, т.б. қысқа ешқандай қор жинамайды. Осылардың себебі туралы оқушылармен әңгімелесу. Сабақ барысында суреттер мен мазмұнды суреттерді молынан қолдануға және бейнетаспаларды пайдалануға болады. Сонымен қатар дәптердегі суреттер бойынша қай анның немен қоректенетінін талдату.

Аңдардың түлеуі туралы түсіндіру. «Табиғат ғажайыптары» кітабынан алынған «Жануарлар неге қыста тондарын ауыстырады?» деген мәтінді оқу.


«Қандай аң қайда мекен етеді?» ойынын ұйымдастыру. Бұл ойын компьютер арқылы ойналады. Ойынның шарты:

Компьютерден аңдар шығып отырады. Сендер сол аңдарды өз мекендейтін жерлеріне апару керексіңдер.



Қол моторикаларына арналған жаттығулар.

-Дәптермен жұмыс жасамас бұрын қолымызды демалтып жаттығу жасап алайық. Мына кішкентай допты алақанымызға уқалаймыз. Әр саусақтарымызды уқалалап шығайық.

Дәптермен жұмыс.

Дайын үлгіде берілген аңдардың суреттер таратылады. Тақтада алдарындағы суреттерге қарап бояйды.Оқушылар жұмыс жасап отырған кезде ақырын әуен ойналып тұрады.



Ойын: «Кім тез, жылдам?»

-мына шашылған суреттерді құрастыру керек. Әр окушыға аңдар таратылады. Олар дұрыс құрастыру керек.



ІҮ. Сергіту сәті.

Компьютерден сергіту сәтін қайталау. (Аңдарға байланысты секіріп, билеу.)

Жануарлар неге қыста тондарын ауыстырады? (түсіндіру)

Барлық аңдар күз түсісімен жаздықескі, сирек жүндерін қысқы -қалың және жылы тонға ауыстырады. Қараша айына қарсы олардың бәрі түлеп, қысқы киімдерін «киіп алады». Беймаза, тыным таппайтын тиін де түлейді. Оның қысқы тоны жазғы тонынан жылы, түсі де басқа.Қысқы ақ тонды аққоян мен аққалақ та киді. Бұл жануарлардың жазғы тоны - сарғыш қоңыр түсті. Енді бұлар ақша қардай аппақ тонға оранды. Күртік қардан оларды көре алмайсың.

Ойын: «Төртінші артық жануарды тап»

Суреттен артық затты тауып айту керек.

Көздеріне жаттығулар жасау.

Компьютерден көрсетіледі.

Ойын: «Аңдар құрастыру»

Жұмбақ арқылы мына ойынды ойнайық. Мына жұмбақты кім шешеді екен?

Сылдырдан қорқады, шошынып жортады. (қоян)

-Енді осы фигуралардан қоянның бейнесін құрастайық.

Оқушылар геометриялық фигуралардан аңдардың бейнесін құрастырады.


ҮІ. Ү. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі.

Оқушыларға төмендегідей сұрақтар қойылады:

-Қоян немен қоректенеді?

-Жануарлар не үшін тондарын ауыстырады?

-Аюдың түсі қандай?

Оқушылар сұрақтарға өз пікірлерін білдіреді.


Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.













 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал