7


Тәрбие сағаты 'Асыл ана'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Мұғалім сөзі: Көңілдерге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып тағы да 8 наурыз халықаралық әйелдер күні келді.Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім , алғыс пен құрмет ешқашан сөнбес емес. Ана деген – өмірдің гүлі көңілдің
предварительный просмотр материала

№140 қазақ орта мектебі

Тақырыбы: Асыл ана



Қызылорда қаласы



Тақырыбы: Асыл - ана

Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер ,өлеңдер ,әндер арқылы аналар мен ұстаздарды мерекемен құттықтау.

Оқушыларды Халықаралық әйелдер күні пайда болу тарихымен таныстыру және олардың ой өрісін дамыту ,оқушы бойында әлемдегі асыл ананы сыйлауға ,адамгершілік сезімін оятуға ,әсемдікті сүюге баулу.

Түрі: пікір алмасу

Көрнекілігі : аналар жайлы нақыл сөздер.

Барысы:


Мұғалім сөзі: Көңілдерге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып тағы да 8 наурыз халықаралық әйелдер күні келді.Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім , алғыс пен құрмет ешқашан сөнбес емес.

Ана деген - өмірдің гүлі көңілдің жыры , әр отбасының алтын діңгегі мынау тынымсыз тіршілікпен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы.

Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса , бүгінігі тәрбие сағаты аналарға арналады.

Инзелья:

Анашым , алтын анам,жаным анам,

Сен маған не айтсаң да қабыл алам-

Деп ақындар жырлағандай, бүгін біз 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне арналағн« Асыл-ана »атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

Өлең : Анаға сәлем (хор)


2-жүргізуші:

Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар,

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі.

Армысыздар қасиетті аналар!

1- жүргізуші: Адам баласы үшін ең аяулы , ең қасиетті , қадірлі Ана .Бала дүниеге келген күннен бастап өзінің жұмсақ алақаны,жылы жүзі , ыстық құшағы , мейірім жасы көз қарасы арқылы барлық сүйіспеншілік, мейірімділік махаббатын бере алған аналар үшін жер дүниені мекендеген адамзат қауымы бір күнді мейрам етіп белгілеген.Ол 8 наурыз.

Мұғалім: Халықаралық әйелдер күнінің пайда болу тарихы .

Би : Қазақ биі.

Ана есімін аузына алмайтын адам баласы жоққа тән.Бұл есім жер шарындағы күллі адамзатқа тән.Жердің өзіне де.Жер - Ана деп теңеу айтып жүрміз.

Ана жақында ғұлама атаулының бәрі де жүректерінен жарып шыққан асыл сөздерін қалдыруы сондықтан.

Аналардың қоғам өмірінде алатын орны да алабөтен.Ана - перзент тәрбиелеуші , ана - қызметкер!

Сондықтан да болар әркім өз анасы жөнініде толғанады , ойланады , сағынады , қолынан келгенше мәпелейді.

Ақындар аналарға арнап өлең жазады, композитор ән , күй шығарады.

Тарихқа көз жіберсек ,1910 жылы Копенсагенде социолист әйелдердің халықаралық екінші конференциясында әйелдер күнін атап өтуді мәселе етіп көтеріпті.Содан кейін де яғни 1911 жылы Германияда , Австрияда , Швейцарияда және Данияда. 1913 жылы Петерборда халықаралық әйелдер күні мерекеленіп өтеді.

Барша әйел - аналар мейрамы құт - қуаныш әкелсін!

2-жүргізуші: Адам бойындағы бар жақсылық ананың ақ сүтінен бастау алған ,сондықтан да бар ғалам ,бар адам ананы құрмет тұтады.Ана мейірімімен ыстық , ана құшағынан жылы ештене жоқ.Отан мен ана сөзін егіз десек артық болмас Отан сенің мекенің ,туып өскен жерің.Оны саған сыйлаған ана.

Әдеби музыкалық монтаж.

М.Нарқыз:

Халқымызға билік дана айтар даналар

Данлардың өзі анадан жаралар.

Жүрегіңнің бір бөлшегі - бала үшін

Сізден жақын адам бар ма аналар

Балаға ең жақыны сіз ғой ,ана

Сіздің ыстық құшағыңыз бізге пана

Сіздерге теңестірер еш нәрсе жоқ

Теңесе алар бірақ нәрсе - Отан ана.


Ө.Ақмарал:

Әр сөзіңді жаттағам жүрегімде сақтаған

Анашым деп мақтанам,

Айналайын ,ақ анам!

Ана - көркі көгімнің

Ана- нұры жерімнің

Ана - бағы баланың

Мақтанышы елімнің!

Мұғалім: Балалар ,мынадай сұраққа жауап беріңдерші:

Дүниедгі ең сұлу кім?

1-оқушы: Дүниедегі ең сұлу - ол қазақ әйелі .

2-оқушы: Қазақ әйелі- бар тілегін перзенттің жолына арнаған әлемдегі ең мейірбан ана.

3-оқушы: Ұлттың ұйытқысы

4-оқушы: Ұрпақтың анасы.


Мұғалім:

2-сұрақ: Анаға деген ыстық лебізіңді қалай білдіресіз?Ана туралы мақал - мәтел келтіріңіз.

5-оқушы:Ананы сыйламаған адам басқаны да сыйлап жарытпас

2.Алып анадан туады.

3.Ананың сүті балдан да тәтті.

6-оқушы:Бүкіл әлем аналардың сүтінен нәр алған .

Бүкіл әлем аналардың үмітінен тараған.

Әлемде сен болмасаң осылайша

Барма еді жүрегімде биік,мақсат игі арман?

Ән: Ана тілегі. II бөлім.

1- жүргізуші: Әрбір ана өз баласының сүйікті дос мақтанышы.Бізге ананың ерлігі мен еңбегі - мақтанышы.

7-оқушы:

Мақтаныңдар аналар,

Қыздардан батыр ,дана бар

Әлем сүйген батырлар

Әлия,Мәншүк,Валялар

Менің анам - мұғалім

Менін әжем - шын ғалым

Одан жас та ,кәрі де

Оқып шыққан бәрі де.

8-оқушы: Ана - мақтан , ана- жыр

Ана - бақыт жанашыр

Бәімізде анамыздай боламыз!


2-жүргізуші: Анаға құрмет - елдіктің өлшемі.Дүниедегі сұлулық атаулыны.Күннің нұрынан , ананың мейірімінен жаралған,деген даналық сөзі бар.Енді болашағын ойлаған ел ең алдымен аналарды ардақ тұтқан Фариза Оңғарсынованың " Анама "өлеңі.Орындайтын : Рүстемова С

Көрініс : «Сіз бен Сен»

Келген қонақтарға сұрақтар қою.Тілші Қуатбаева А« Хабар» телеарнасынан.

1.Балалық шақтарыңыз туралы әңгімелеп берсеңіздер.

2.140 мектебіңіз туралы не айтасыз?

3.Бала тәрбиелей отырып,еңбек ету дұрыс па?

4.Кейбір шет елдерде әйелдер үйде отырып бала баққаны үшін ақша алады.Бұған көзқарасыңыз қалай?

5.Еңбек еткен уақыттағы есте қалған қорыққан немесе қуанған кездеріңіз бар ма?

6.Болашақ ұрпаққа тілегіңіз.


2-жүргізуші: Біздің жанұямызда қамқоршы аналарымыз бар.Ал мектептегі қамқоршымыз ұстаздар.Енді сол асыл жандарға жыр жолдарын арнаймыз.

1.Толқын апай:

Сан тармақты тәрбиенің саласы,

Көп апайдың өткізетін шарасын

Тәрбиеге үйрететін біздерді

Толқын апай - апайлардың сарасы.

2.Балжан апай:

Балжан апай орыс елін танытқан

Айнымайсыз сабырлық қалыптан

Ұстаздық жол қанша қиын болса да

Жеріңіз жоқ бізден жеріп жалыққан.

3.Мәрзия апай:

Кірер сізбен әрқашан берекеміз

Математика білімін көл етеміз

Еңбегіңіз әрқашан жемісті боп

Құтты болсын ,бүгінігі мерекеңіз.

4.Нағима апай:

Нағима апай - жетекшісі сыныптың

Бізді көрсең қиындықты ұмыттың

Қуансаң да бізбен бірге қуанып

Мейірімімен жүректерді жылыттың.


5.Манат апай:

Манат апай нәп - нәзіксіз әдемі

Әппақ гүлге ұқсатамын мен сізді

Жүре берші әдемі.

6.Гүлбаршын апайға:

Гүлбаршын апай әрқашан

Күлім қағып жүреді

Балаларды арманға

Жетелеуді біледі.

7.Гүлмира апайға:

Тілім барда желбірейді айбарым

Ана тілім - айбарым мен байрағым

Ана тілін қастерлеген ұстаздың

Әр сөзіне тебіреніп , намысымды қайрадым.

8.Мереке апайға:

Ағылшынша сөйлесеміз өзімізбен

Күн сайын мейірім көріп көзіңізден

Қиялдан қияларға келеміз біз

Нәр алып,әсерлі,әсем өзіңізден.

1-жүргізуші: Келесі ән ,қымбатты ұстаздар ,сіздереге арналады!

Сандуғаштың орындауында« Бала тілегі » әнін қабыл алыңыздар! 7 сынып жетекшілері: Мәрзия апай , Гүлмира апай ,Нағима апайларымызды бүгінгі аналар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

2-жүргізуші: Дендеріңізге саулық ,еңбектеріңізге шығармашылық табыс,жанұяларыңызға бақыт тілейміз.Келесі орындалатын ән сіздердің құрметтеріңізге арналады қабыл алыңыздар!

«Ұстазым»әні.

VI Қонақкәде

1-жүргізуші: Келген қонақтардың біреуі ән я өлең оқып ,немесе өз өнерлерін қызықты оқиға айтып берсе дейміз.

VII Бата

2-жүргізуші: Аналардың үлкені балаларға тілек айтып , ақ баталарын берсін.


VIII Дастарханға шақыру

1-жүргізуші: Шын жүрек ақ көңілмен алғашқы көктемнің күлімдеген 8 наурыз мерекесі халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!

2-жүргізуші: Аналарға деген біздің деген көңіліміз,мейірімізұшан теңіз ,аналарымыздың көңілі шат , жүзі жарқын , дені сау болуын әрқашан тілейміз.Сіздерді аналар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.

Ана дейміз бәрімізде аңқылдап

Ана - дейді жас сәбиде жарқылдап

Ана -деген бәйтерегі өмірдің

Ана деген - алтын қазық , алтын бақ.


Ана деген - асыл жандар болаттай

Ана деген- мөлдір жандай бұлақтай

О,адамдар қадірлей біл ананы,

Жат қылыққа ақыл ойды танатпай.


1-жүргізуші: Ал енді құрметті қонақтар сергіту сәті ретінде ойын ойнап жіберсек.Ойынның аты «Білгенің тоғыз » деп аталады.Мен сізге 9 сұрақ және 3 көмек беремін.Егер көмексіз 9 сұрақтың бәріне жауап берсеңіз сізге кішкене сыйлығымыз бар.

1.Аты - жөніңіз

2.Киіз үйдің сүйектері

3.Қыз баланың ұлттық бас киімін білесіз бе?

4.Қазақтың тұңғыш ғарышкері

5.Ислам дінінің негізгі кітабы

6.Қазақтың суретшісі

7.Материкті атаңыз

8.Мұхитты атаңыз

9.Бес қарудың бірі

Қорытынды. 2-жүргізуші:

Ардақты ұстаздар , аналар!Сіздерге осынау мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін.Жүздеріңізден қуаныш пен шаттықтың нұры кетпесін.Еңбектеріңіз табысты болып,шаңырақтарыңызға құт-береке дарысын.

Аспанымыз ашық,мемлекетіміздің іргесі берік болсын.

Аналарымыз аманшылықта болсын.


Хор:« Әрқашан күн сөнбесін»


«Ананың ақ сүтін ақта» тақырыбында өздерінің шығармашылықтарынан жазылған өлең жолдарын оқып жіберсін.

1-жүргізуші: Осымен бәріңіздің қадамдарыңызға гүл бітсін! Деп аналар мерекесіне арналған тәрбие сағатымыз аяқталды деп жариялаймыз.Ардақты аналар , №140 мектебіміздің ұстаздары мерекелеріңіз құтты болсын!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал