- Учителю
- Сан есім
Сан есім
Пәні:Қазақ тілі 3-сынып
Сабақтың тақырыбы: Сан есім (407-410) жатттығу
Сабақтың мақсаты: Сөз таптарының бірі - сан есім туралы білім беру,жаттығулар орындату,сан есімдерді табу, сұрақ қою, байланысын анықтау .
Сабақтың дамытушылығы: Сан есімдерге байланысты жұмыс түрлерін түрлендіру:өтірік өлең, 5 жолды өлең,ассосация, жұмбақ құрастыру.
Сабақтың тәрбиелілігі: Дұрыс сөйлеуге, бірін-бірі тыңдай білуге, сұрақ қоюға, мәнді сөйлемдер құрастыруға уйр ету.
Сабақтың көрнекілігі: Ережелер, жұмбақтар, суреттер,карточкалар, мақалдар, есептеу кестесі.
Сабақ әдісі: Топпен жұмыс
Сабақ барысы: Ұйымдастыру, үй тапсырмасын сұрау,тексеріп шығу,бағалау.
1-топ Білгірлер 2-топ Алғырлар
(Топтарымен таныстыру)
ЖАҢА САБАҚ
1. 1-топпен жұмыс:
Сұрақ: Бүгін сәуір айының нешесі?
Жауап: Бүгін сәуір айының он сегізі.
Сұрақ: Сан есім бар ма?
Жауап: Он сегізі
2-топпен жұмыс:
Сұрақ: Күрделі сан есім бе, әлде дара сан есім бе?
Жауабын Тыңдау. Есептеу кестесіне бағалары қойылып тұрады.
Дәптерге бүгінгі күн реті жазылады.
2. 407-жаттығу
Берілгені бойынша 2 топқа карточка дайындау.
Тапсырма: 1-топқа
Сан есімдердің қасына тиісті зат есімдерді қой, жаз, сөйлем құра, дара не күрделі екендігін ажырат.
Төрт, он жеті.
Тапсырма: 2-топқа
Алты, жиырма төрт.
3. 408-жаттығу
Өтірік өлеңді оқыту. Сан сан есімдерді табу, сұрақ қою.
4.
1-топ 2-топ
Әр топ өздері өтірік өлең құрастыру керек.
Оқыту.
5. 409-жаттығу
Жігіттің құны- жүз жылқы,
Ары- мың жылқы.
Мақал мағынасын ашу.
Қай топ мағынасын дәл түсіндіреді?
Әр топқа бағасын қою.
6. Мақал жарыс- Сан есімдерге байланысты болуы шарт.
Қай топ көп құрайды?
Бағасын есептегіш кестеге қою.
7. 5 жолды өлең құрастыру- санға байланысты.
Оқыту, бағалау.
8. Ассосация
1-топ 2-топ
Екіге , беске байланысты ассосациясын бағалау.
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА
410-жаттығу
Түсіндіру.
Сабақ қорытындысын есептегіш кесте арқылы қай топтың қандай нәтижеге
жеткенін хабарлау.
Сабақта белсенділік танытқан оқушыларды марапаттау.