- Учителю
- Сабақтың тақырыбы 'Денім сау болсын десең. . . '
Сабақтың тақырыбы 'Денім сау болсын десең. . . '
Пәні: дүниетану
Күні:
Тақырыбы:Денім сау болсын десең...
Максаты:
1. Мектептегі спорттық үйірмелер,оларға қатысудың пайдасы жайында оқушылар ұғымын кеңейту;
2.тілін, сөздік қорын дамыту; салауатты өмір сүруге,
3.денені шынықтыруға тәрбиелеу.
Сабақ типі: Аралас сабақ.
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
1.Адам табиғаттың бір бөлігі екенін дәлелде.
2.Адамның ішкі бөлігін ата.
ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:
-Адам табиғаттан нені үйренеді?
-Адамдар мен жануарлар арасындағы қамқорлықты салыстыр.
IV. Мақсатын қою кезеңі:
Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Денім сау болсын десең не істеу керек?
V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
1. Мұғалімнің түсіндірмесі.
денсаулық кепілі- дене шынықтыру,спортпен айналысу
спорттың түрлері :спорттық және ұлттық ойындар
2.«Денім сау болсын десең»-түсіндіру
3.Сурет бойынша жұмыс.
Сергіту сәті
VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
1.Оқулықпен жұмыс 11-12 бет.
Оқушыларға оқыту:іштей, тізбектей
VII. Бекіту.
Сұрақтарға жауап алу
-Мектепте қандай спорттық үйірмелер бар?
Ертеде балаларды қалай шынықтырған? Қимыл-қозғалыстың қандай пайдасы бар? -Қазіргі кезде спорттың қандай жаңа түрлерін бісесің?
VIII. Бағалау
ІХ.Үйге тапсырма беру : 11-12 бет оқу, мазмұнын айту.