7


ӘДебиеттік оқу 'Абылай хан'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ержанова П. К.

«№2 МБК» КММ



Күні 21.11.2015ж.



Пәні:Әдебиеттік оқу



Сынып:4 «Г»

Сабақтың тақырыбы:

Абылай хан. Шоқан Уәлиханов.


Ресурстар:

Оқулық,слайд,интерактивті тақта. Әдістемелік құрал,бағалау бетшесі.

Міндеті:

Мәнерлеп, түсініп сауатты оқу оны талдай алу. Сыни Тұрғыдан Ойлау модулі бойынша диалогтік оқыту бойынша тапсырмаларды орындау.

Мақсаты:

Оқушылардың Абылай хан туралы білетіндерін жаңа мағлұматтарымен кеңейте отырып, тарихи әңгімені түсініп оқуға дағдыландыру, өз еліне, халқына, жеріне деген азаматтық борыш сезімін тәрбиелеу. Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

Тапсырмалар

Миға шабуыл. Өткенді еске түсіру арқылы жаңа білімді қосу.

1-тапсырма. 1. 3- сыныптың «Әдебиеттік оқу» оқулығынан Шоқан Уәлиханов туралы білетіндерін сұрау. Шоқанның өзінің айтқан сөзін оқыту.

2-модуль Сыни тұрғыдан ойлау әдісі

2-тапсырма. Мәтінді түсініп оқу. Іштей оқу, тізбектей оқу,жеке-жеке оқу.

1 модуль.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

3-тапсырма. «Абылай» сөзжұмбақ шешу.

2-модуль Сыни тұрғыдан ойлау әдісі

Оқу нәтижесі:

Абылай хан туралы білетіндерін жаңа мағлұматтарымен кеңейте отырып, тарихи әңгімені түсініп оқуға дағдыланады, өз еліне, халқына, жеріне деген азаматтық борыш сезімі қалыптасады,мәнерлеп оқуға дағдыланады.

Бағалау

Қалыптастырушы бағалау: өзін-өзі бағалау, топтық бағалау, мұғалімнің бағалауы.

Кері байланыс

«Алма ағашы»

Сабақтың жүрісі:


Сабақтың этаптары,уақыт

Мұғалім мен оқушының іс-әрекеті

Модуль.

І. Ұйымдас-у кезеңі. 1-мин.

Сыныппен байланыс орнату



2.Үй тапсы-н тексеру:3-мин.



Топқа бөлу 2-мин.



Сыныптың білім деңгейін анықтау. 5-мин.


1.Ұйымдастыру бөлімі.

Үй тапсырмасын сұрау: «Бұрыш» әдісін қолдану.

Мұғалім:-Өткен сабақта не өттік?

Оқушы: Жолда

Сынып ережесін шығару. Оқушылар сынып ережесін құрады.

Мұғалім: Құнанбайға сипаттама бер. Абайға мінездеме бер. Олардан өзіңе қандай жақсы қасиет алдың?



2. Оқушылар Қабанбай,Бөгенбай,Наурызбай,Ағыбай болып 4 топқа бөлінеді

Мағжан Жұмабаевтың «Өткен күн» өлеңінен үзіндіні пайдалану. (еске түсіру)

Хан Назар сынды әділ хан, Абылай сынды ер сұлтан...

Ақ найзаның ұшымен. Ақ білектің күшімен

Дұшпанға қысым көрсеткен.


1-модуль. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

1-модуль. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.Диалог

1-модуль. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.Топқа бөлу

Сабаққа кіріспе

Сабақ әрекетін қызықтыру.

3- минут.

Логикалық ойлауға жетелеу

2- минут



Сабақ мақсатын анықтау.2- мин

Тұсаукесер

Жоңғар шапқыншылығы.(видеоүзік)

Шоқан Уәлиханов кім?

Үйрену мақсаты мен табыс критерийін анықтау.Мұғалім оқушыларға сұрақ қоя отырып, өтілетін сабақтың мақсатын, критерийін анықтап алады.


АКТ модулі.

Интерактивті тақта

2- модуль. Сыни тұрғыдан ойлау


Саб. мақ.жүзеге

асуы 5-мин.



Түсіну кезеңі 5-минут



Талдау

10-мин

Сергіту сәті: 2-минут



Формативті баға-у: 1мин




Оқулықпен жұмыс.

Миға шабуыл. Өткенді еске түсіру арқылы жаңа білімді қосу.

Мағжан Жұмабаевтың «Өткен күн» өлеңінен үзіндіні пайдалану. (еске түсіру)

Хан Назар сынды әділ хан, Абылай сынды ер сұлтан...

Ақ найзаның ұшымен. Ақ білектің күшімен

Дұшпанға қысым көрсеткен.



ІІІ. Жаңа сабақ: Кіріспе.

1. 3- сыныптың «Әдебиеттік оқу» оқулығынан Шоқан Уәлиханов туралы білетіндерін сұрау. (Шоқан Уәлиханов - ғалым, саяхатшы. 1835 - 1865. Омбыда кадет корпусында оқыған, өзі зерек, ақылды).

2. Шоқанның өзінің айтқан сөзін оқыту. «Мен ең әуелі қазағымды жақсы көремін. Одан кейін Сібірді, одан кейін Россияны, одан кейін бүкіл адамзатты жақсы көремін ...».

Мұғалім мен оқушылар сергіп алады.

3. Абылай хан - қазақ ордасының ханы. Қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері. Жиырма жасында хан сайланған Абылай жарты ғасырға жуық хандықты абыроймен басқарды. Абылай хан (шын аты Әбілмансұр) (1711 - 1781) қазақ ханы, батыл қолбасшы. 15 жасында жоңғарларға қарсы соғысқа қатысып, ерлік көрсеткен. Орта жүз ханы Әбілмәмбетпен бірлесіп, елді шығыстан торыған жауға қарсы күреске ұйымдастырады. 1771 жылы Әбілмәмбет өлгеннен кейін хан болады.

Абылай хан - өктем әкім, айлакер дипломат, өте шешен, үлкен өнер иесі, арқалы күйші. Оның «Алабайрақ», «Ақ толқын», «Қайран елім», «Қара жорға», «Шаңды жорық», және тағы басқа күйлері осы күнге дейін жеткен. Ресей патшасы, Қытай империясы, Жоңғар, Бұхар, Хиуа хандары Абылай хан тұсында қазақ елімен қызу қарым-қатынас жасады. Он сегізінші ғасырда Қазақстанды жаулап алуды көздеген Жоңғар хандығымен Маньчжур-Қытай империясына қарсы күресте үш жүздің басын қосып күшін біріктіруде Абылай хан зор рөл атқарды.

Оқулықпен жұмыс. Іштей оқу.Тізбектей оқу.

Сөздік жұмыс. Тауқымет - ауыртпалық, бейнет, азап. Қонтайшы - жоңғар ханы. Ақ киізге көтеру - қазақтар хан сайлаған кезде, оны халық ақ киізге көтеріп, сонан кейін ғана таққа отырғызатын. Тәңірі - құдай, Алла Тағала. Тәбәрік - естелік үшін қасиеттеп берілетін дүние, мүлік. Дәрмені - қуаты, күші.

4. «Абылай» сөзжұмбақ шешу. (Қалмақ, Башқұрт, аштық, Қалдан Серен, Йасауи, Ресей.)

Оқушының

Аты -жөні

Бүгінгі сабаққа қатысуы

Топтық баға

Жұптық баға

Жалпы ұпай саны

Бағасы



4-модуль АКТ

2-модуль.Сыни тұрғыдан ойлау



2-модуль Сыни тұрғысынан ойлау

4- модуль. АКТ. интерактивті тақта.



3- модуль. Оқыту үшін бағалау модулі.

Рефлексия 3-мин.

Шоқан кім? Абылай ханның шын аты кім? Халық неден қатты қиналады? 1730 жылы шабуыл жасаған Жоңғар қонтайшысы кім? Әңгімеден тағы не түсіндің?



Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.Қалай оқытуды үйрету.

Үйге тап-ма

1 -мин.

85-бет. Мәтінді түсініп оқу, мазмұнын айту.

Приозерск қаласы «№2 мектеп-балабақша кешені» КММ

Әдебиеттік оқу



Тақырыбы: «Абылай хан»

Сынып: 4 «г»

Сынып жетекшісі: Ержанова П.Қ.

2015-2016 оқу жылы.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал