- Учителю
- «Кел, балалар, оқылық!»/бастауыш сыныптар арасында мәнерлеп оқу сайысы/
«Кел, балалар, оқылық!»/бастауыш сыныптар арасында мәнерлеп оқу сайысы/
Тақырыбы :
«Кел, балалар, оқылық!»
/бастауыш сыныптар арасында мәнерлеп оқу сайысы/
Мақсаты :
Оқушыларға қазақ халқының дана ақыны, ғұлама ойшылы, бірінші педагогі Ыбырай Алтынсарин өлеңдері мен әңгімелерінің таралуын насихаттау, оқып - білуге, тани түсуге ынталандыру. Ыбырай Алтынсариннің шығармаларымен таныстыру, оқушыларымыздың мәнерлеп , түсініп оқу дағдыларын дамыту.
Жүргізуші :
-
Армысыздар , саналы сөзді сары алтыннан артық бағалаған қадірменді қонақтар мен құрметті ұстаздар және оқушылар!
-
Күміс қоңырау күмбірлеп,
Кең далаға жар салды
Ыбырай ата күлімдеп
Әр баланы қарсы алып
«Кел, балалар, оқылық!»
Оқымасаң білім жоқ
Қаласыңдар өкініп
Деп тұрғандай күбірлеп -
-
демекші, бүгінгі 4-сыныптар арасында өткізгелі отырған «Кел, балалар, оқылық!» атты мәнерлеп оқу сайысымызға қош келдіңіздер!
-
Ыбырай Алтынсарин - алғашқы мұғалім, қазақ халқының біртуар азаматы. Оның өлеңдері мен әңгімелері терең ойлы, халық жайлы.
Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері халық өмірімен байланысты болып келеді. Өз әңгімелерінде Ыбырай достық, білім, еріншектік, тәрбие туралы ой қозғайды.
-
«Көптен күткен іс - оқытушылық» демекші Ыбырай атамыз 1861 - 1863 жылдар аралығында Торғайда бір сыныптық мектеп ашу ісін бастайды. 1864 жылы бұл мектеп салтанатты түрде ашылады.
-
«Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» -
деп, Абай атамыз айтпақшы Ыбырай Алтынсарин бүгінде жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге жасасып келеді.
-
Бүгінгі «Кел, балалар, оқылық!» атты мектепішілік мәнерлеп оқу байқауы екі бөлімнен тұрады.
-
1 бөлімде оқушылар Ыбырай атаға арнап жазған шығармаларын оқиды. «Ыбырай атаға арнау» деп аталады.
-
2 бөлімде Ыбырай Алтынсариннің өлеңдерін нақышына келтіріп орындау. Мәнерлеп оқу кезеңі.
-
Сайысымызды бастамас бұрын, байқауды бақылап, оқушыларымызға әділ бағасын беретін, әділ - қазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
-
Мектеп гимназия директорының міндетін атқарушы:Б.Инкарбекова
-
Бастауыш сынып оқу ісі жөніндегі орынбасары:Р. Тоқабаева
-
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Г.Алишева
-
Қазақ тілі бірлестік жетекшісі:А.Қазанатова
-
Бастауыш сынып мұғалімі:Г.Райымбекова
-
«Ыбырай Алтынсарин әңгімелері - тәрбие мектебі» демекші 4 «Д» сынып оқушыларының орындауында «Әке мен бала» әңгімесі негізінде көрініс тамашалаңыздар.
/Оқушылардың орындауында сахналық көрініс ойналады/
-
Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Бүгін осы сайыста жеңіске жет,
Білімді, әрі білікті жас жеткіншек, - дей келе оқушылармыздың Ыбырай атамызға арнаған арнауларына кезек берейік. -
4 «А» сынып оқушысы Әділова Мерей «Ыбырай атаға»
-
4 «А» сынып оқушысы Жандосқызы Асем «Ыбырай атаға»
-
4 «Б» сынып оқушысы Тоқболат Бекзат «Ыбырай ата»
-
4 «Б» сынып оқушысы Қырықбаева Зарина «Ыбырай ата»
-
4 «Д» сынып оқушысы Мейрамбай Аят «Ыбырай атаға арнау»
-
4 «Д» сынып оқушысы Рәпілбек Бақтияр «Ыбырай мектебі»
-
Ыбырай атамызға деген құрметпен арнап жазған өлеңдері үшін оқушыларымызға қол шапалақтап, алғысымызды білдірейік.
-
Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының ұлы перзенті, асқан дарын иесі. Оның өнегелі өмірі қазақпын деген әрбір ұланның жүрегінде мақтаныш сезімін ұялатады.
-
Еңбекті сүю және қадірлеу - Ыбырай әңгімелерінің негізгі тақырыбы. Оны жазушы шағын әңгімелерде үгіт, өсиет түрінде берген.
-
Сондай әңгімелерінің бірі «Жан - жануарлардың дауласқаны» 3 «Б» сынып оқушыларының орындауында тамашалаңыздар.
/Оқушылардың орындауында сахналық көрініс ойналады/
-
Оқушылармызға рақметімізді айта отыра сайысымыздың келесі бөлімі, яғни мәнерлеп оқу сайысына кезек берейік. 4 сынып оқушылары Ыбырай атамыздың өлеңдерін нақышына келтіре орындайды.
-
Білім қуған өнерпаз балалар,
Жеңіс үшін жанталасып бағады.
Әділқазы мықтыларды даралар,
Солар ғана жеңімпаз бола алар -
Сахнаға 4 «А» сынып оқушысы Ауесхан Нұрсұлтанды шақырайық, «Ананың сүюі»
-
4 «Ә» сынып оқушысы Жарылқасын Назерке «Өзен»
-
4 «Ә» сынып оқушысы Телғараев Абылай «Азған елдің хандары»
-
4 «Б» сынып оқушысы Мықтыбай Айлана «Балғожа бидің баласына жазған хаты»
-
4 «В» сынып оқушысы Есимова Аяжан «Ананың сүюі»
-
4 «Г» сынып оқушысы Бүркітбаева Ұлпан «Өзен»
-
4 «Д» сынып оқушысы Искаков Әділет «Кел, балалар, оқылық!»
-
4 «Е» сынып оқушысы Жапар Жұлдыз «Әй, достарым!»
- Шын жүйріктер сыналады сайыста,
Жарыстың ба орта жолда қалыспа.
Әділқазы бағалайды сіздерді,
Жеңіс мәре жақын ба әлде алыс па?
Сонымен достар, бүгінгі «Кел, балалар, оқылық!» атты мәнерлеп оқу
сайысы да өз мәресіне келіп жетті.
Байқау болған жерде жеңіс пен жеңіліс те болады, әділ - қазылар алқасы жеңімпаздарды марапаттауы үшін, байқауға қатысқан оқушылармызды ортаға шақырайық.
-
Білім - толқын, жатқандай асып - тасып,
Біреу - мығым, біреулер шалыс басып.
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып,- демекші сөз кезегі байқаудың қорытындысын хабарлап, марапаттау үшін бастауыш сынып оқу ісі жөніндегі орынбасары Тоқабаева Рахима әпкиге беріледі.
Марапаттау.
Оқысаңдар, балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар.
Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық! - деп Ыбырай атамыз айтпақшы әр уақытта оқудан, ізденуден жалықпайық.
Көріскенше күн нұрлы болсын!
Қош, сау болыңыздар!!!
«Кел,балалар,оқылық!» мәнерлеп оқу байқауының жеңімпаз оқушылары мен жетекшелерінің аты жөндері:
«Ыбырай атаға арнау»
4-сыныптар бойынша: Жетекшісі:
Бас жүлде-4«Д» сынып оқушысы Рәпілбек Бақтияр Қаржаулова Г.
I-4«А» сынып оқушысы Әділова Мерей Құрманалиева М.
II-4«А» сынып оқушысы Жандосқызы Әсем Құрманалиева М.
III-4«Б» сынып оқушысы Тоқболат Бекзат Нұрмаханова А.
Мәнерлеп оқу:
4-сыныптар бойынша: Жетекшісі:
Бас жүлде 4«Г» сынып оқушысы Бүркітбаева Ұлпан Кадирбекова А.
I-4«В» сынып оқушысы Есимова Аяжан Наурызова Л.
II-4«Б» сынып оқушысы Мықтыбай Айлан Нұрмаханова А.
III-4«Ә» сынып оқушысы Телғараев Абылай Сатыбалдиева Қ.