- Учителю
- КЕЛЕ БЕР, КӨКТЕМ (Даярлық топ)
КЕЛЕ БЕР, КӨКТЕМ (Даярлық топ)
Пәннің аты: Көркем әдебиет |
Уақыты:5.04.16 |
Кабинет |
Мұғалім: Сармолдаева М | |||
Сабақтың атауы |
</<font face="Times New Roman, serif">Келе бер,Көктем | |||||
Мақсаты |
Көктем мезгілінде болатын өзгерістер жайлы балаларға түсіндіру. Табиғаттағы құбылыстарды бақылай отырып, сүйіспеншілікке, табиғатты аялауға тәрбиелеу. | |||||
Күтілетін нәтиже |
көрсету,түсінік беру,ойын,сұрақ-жауап Сөздік жұмыс: Шуақты, жер көйлегі. Көрнекілік : Көктем мезгілінің суреттері | |||||
Психологиялық ахуал |
Шаттық шеңбері. Жарқырап бүгін атты күн. Шашып бізге шапағын. Тілеймін сіздерге ақ таңның Қуанышын ,шаттығын. |
Оқушылар шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге Жаттығу жасайды.
| ||||
Қызығушылығын ояту
|
|
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтарын оянып,ерекше ынтамен кіріседі | ||||
Мағынаны тану
|
- Көктем мезгілі неше айдан тұрады? - Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады? - Көктем мезгілінде ең алғаш өсетін гүлді білесің бе? Дәптермен жұмыс: «Көктемгі еңбек» суреті бойынша әңгіме құрастыру.
Жұмбақтың шешуін тап. Күн ұзарып, қар еріп, Су сайларға толады. Бөбектерім, айтыңдаршы, Бұл қай кезде болады? (Көктемде) Дәптермен жұмыс: Н. Мұқатовтың көктем мезгіліне арналған өлеңін жаттау. Күншуақты кез келді, Көп көрініс көзде енді. Жерге сіңіп қалың қар, Жер көйлегі өзгерді. - Көктемде қандай өзгерістер болады? - Қар еріп, қайда сіңеді? - Жер қандай түске өзгереді? - Жерде не өседі? Көктем еңбегі туралы әңгімеле . Балалардың жауаптары тыңдалады. Дидактикалық ойын: «Гүлдер». Ойын шарты: Тақтаға гүлдердің суреті ілінеді. Балалар көздерін жұмады, көздерін ашқанда гүлдердің біреуі жоқ бола¬ды. Қай гүлдің жоқ екенін табу. Ребус шеш. | |||||
Сергіту сәті |
Шаршағанда ырғалып, Гүлге ұқсап дем алам. Қанатымды бір қағып, Гүлдей болып жайқалам. |
Қимылмен көрсетеді | ||||
Ой толғаныс
|
- Көктем мезгілі несімен ерекшеленеді? - Ауа райын бақыла. - Ағаштар қалай өзгереді? - Көктем мезгіліне арналған өлең айтыңдар. | |||||
Үйге тапсырма |
Н. Мұқатовтың көктем мезгіліне арналған өлеңін жаттау. |
| ||||
Бағалау |
Сабаққа жақсы қатысқан балаларды бағалау. |
| ||||
Кері байланыс |
|
|