- Учителю
- Қызықты математика 3 сынып
Қызықты математика 3 сынып
Қаралды Бекітілді Келісілді
ӘБ жетекшісі Мектеп директоры Аудандық әдістемелік
Хаттама №____ кабинетінің жетекшісі
К.Р.Арунова Р.М.Айтимова М.К.Касенуалиева
_________________ _________________ __________________
«___» ___________ «___» ____________ «___» _____________
Математика пәніне арналған
оқу бағдарламасы
«Қызықты математика»
3-сынып
Құрастырған:
Бастауыш сынып мұғалімі
Ивакина А.Н.
«Петровка ЖББОМ» КММ
2016-2017 оқу жылы
«Петровка жалпы білім беру орта мектебі» КММ -нің бастауыш сынып бірлестігі отырысының хаттамасынан
КӨШІРМЕ
___ _______________2016 жыл
-
Ағымдағы мәселе
1.Ивакина А.Н- ның 3 «А» сыныбына дайындаған «Қызықты математика» бағдарламасын қарау.
Отырыста сөз сөйлегендер:
А) Ивакина А.Н. бағдарламасымен таныстырды.
2.Қаулы: Ивакина А.Н- ның 3 «А» сыныбына арналған «Қызықты математика» атты бағдарламасын бекіту.
ӘБ жетекшісі ______________ Арунова К.Р.
3 «А» сыныбына арналған «Қызықты математика» атты бағдарламасына
ПІКІР
Бағдарламаның жалпы мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктері ескере отырып жасалынған. «Қызықты математика» адамның ойлау процесін зерттейді. Ойлау - алуан түрлі астары бар, аса күрделі процесс. Мектепте жақсы жетістіктерге жетудің бірден-бір жолы - оқушылардың логикалық ойлауын, талдай білуін, салыстыруын, топтастыруын, қорытынды шығаруын,ой қорытуын, мағыналық қатынастарды белгілей алуын, жүйелеуін, заңдылықтарды сақтауын,ойша пайымдауын, тапсырмалардың шешу жолдарын таба білуін қалыптастыру.
Үшінші сынып ересек балаларда жаңа, өзі білмейтін іске деген қызығушылық басым болады. Сондықтан, логикалық тапсырмалардың алғашқы сатысын іс-әрекет және ойын түрінде бастаған абзал. Себебі: ойын баланың дамуындағы ең күшті әсер ететін фактор. Баланың ойынға қызығу арқылы ойлау өрісі және еркін қиялдауы дамиды.
Бағдарлама бойынша құрылған логикалық тапсырмалар «Оқыта отырып ойнату, ойната отырып оқыту принципіне негізделген.
Бағдарламаның құрылымы мынадай бөліктерден тұрады. Оқу материалының мазмұны мен құрылымы, тақырыптық жоспарлау үлгісі, оқушыларға арналған тапсырмалар.
Қазақстан Республикасында әлемдік білім беру стандарттарына сәйкес келетін білім берудің жоғарғы сапасын қамтамасыз ету, өзін-өзі тәрбиелеуге, өздігінен білім алуға, өзін-өзі дамытуға дайын, жеке және қоғамдық мүдделерді үйлестіре білетін жан - жақты мәдениетті, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру негізгі міндет болып есептелетін
Аптасына бір сағаттан барлығы - 34 сағат.
ӘБ жетекшісі _______________ Арунова К.Р.
Түсінік хат
Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойып отыр.Білім беруді ұйымдастырудың дүниежүзілік тәжірибелерінде өзін ақтаған білім түрлері дамуда. Қазіргі уақытта әлемдік қауымдастықта білім беру саясатындағы басымдылық - инклюзивті білім беру принциптеріне негізделеді.
Инклюзивті білім беру - оқытудың тиісті білім беретін оқу бағдарламаларына білім алушылардың өзге де санаттарымен тең қолжетімділікті, арнайы жағдайларды қамтамасыз ету арқылы дамытуға түзету-педагогикалық және әлеуметтік қолдауды көздейтін, мүмкіндігі шектеулі адамдарды бірлесіп оқыту және тәрбиелеу;
Ұлттық білім беру жүйесін жүзеге асыру кез-келген мектепте денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі балалармен де табысты әлеуметтендіру қамтамасыз етіледі деп жорамалдануда. Білім беру үрдісінде мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты топпен түгелдей қосып оқыту қарастырылуда. Сондықтан ерекше сұранысты қажет ететін балаларға білім беру «барлығы үшін бір мектеп» немесе «инклюзивті білім беру» үрдісінде іске асырылмақ.
Бағдарлама - оқу қабілеті төмен балалар үшін түзету жұмыстарына арналып жазылған. Бағдарлама құру барысында даму мүмкіндігі шектеулі оқушылардың ерекшеліктерін (танымдық, психикалық және тұлғалық) ескере отырып құрылды.
-балаға байқау жүргізіледі, жан-жақты дамуына және бейімделуіне жағдай жасалады;
-баланың тиімді бейімделуі жүзеге асырылады, құрдастарымен, ересектермен қарым-қатынасқа түседі;
Мақсаты:
-Оқушылардың зейінін, есте сақтау, байқағыштық , қиялдау, танымдық іс- әрекеттерімен өздігінен білім алуға, ізденуге бейімдеу. Көру, есту, ойша елестетуді, есептей білуін қалыптастыру.
«Қызықты математика» курсының көздейтін мақсаты - даму мүмкіндіктері шектеулі оқушылардың ауызша және жазбаша есептеуін дамыту, ой-өрісін жетілдіріп, олардың жеке тұлға ретінде қалыптастыру. Даму мүмкіндігі шектеулі оқушылардың сана-сезімін тәрбиелеу, орындалатын жұмысқа деген жауапкершілігін арттыру, қиындықтарды жеңе білуге баулу.
Бағдарламаны орындау барысында тиісті нәтижеге жету үшін оқытудың бірнеше формалары ( фронтальды, топтық, ұжымдық, жеке) мен тиімді әдіс-тәсілдері (проблемалық-ізденіс, репродуктивтік, сөйлеу, дидактикалық ойын, көрнекілік, өзіндік жұмыс, сынақ, пікір талас, иллюстративтік т.б.) ұсынылады.
Күтілетін нәтижелер:
-математикалық түсініктерді меңгереді,
-логикалық ойлау қабілеті дамиды;
-кеңістік денелерді, геометриялық фигураларды ажыратып, есте сақтау қабілеті артады;
-шапшаң есептеу.өз бетінше есептер құрастыра білу дағдысы қалыптасады.
Берілген тапсырмаларға баға қою міндет емес, жұмыс дәптерлеріндегі тапсырмалар нәтижесі оқушылар портфолиосына жинақталады.
Таңдау курсының мазмұны
І-бөлім. Қарапайым математикалық есептеулер - 9 сағат.
Сурет бойынша есептер құрастыру. Ондықтарды, жүздіктерді ауызша қосу және азайтуды тереңірек меңгерту. Мәтінді есепке байланысты теңдеулер құру және оларды есептеу. Көбейту және бөлу амалдарын меңгерту, көбейту кестесін жаттату. Көбейту және бөлу амалдарының өз ара байланысын меңгерту.Оқушылардың білімдерін саралау мақсатында деңгейлік тапсырмаларды орындату.Эстафеталық ойын есептерді еркін, әрі жылдам орындатуға баулу.
ІІ-бөлім. Қызықты математикалық есептер - 10 сағат.
Өрнектер, жақшалы есептерді шығарту және амалдардың орындалу тәртібін сақтауға үйрету.Қызықты математикалық тапсырмаларды өз бетімен орындату.Өзіндік жұмыстар мен тапсырмаларды қызықты математикалық ойын есептері арқылы орындауға үйрету.Түрлі математикалық тапсырмалар мен ойын есептерін шығара отырып, математика пәніне деген қызығушылығын арттыру.
ІІІ-бөлім. Геометриялық фигуралар мен шамалар - 8 сағат.
Геометриялық фигураларды ( тік төртбұрыш, төртбұрыш, үшбұрыш,шаршы) ажырату, фигуралардың бұрыштарын (сүйір, доғал, тік) табу, қабырғаларын есептей отырып периметрін табуға машықтандыру.Шамалар туралы түсініктерін кеңейту. Ұзындық, масса, уақыт, сыйымдылық бірліктеріне байланысты есептер шығару, құрастыру. Геометриялық фигуралармен түрлі математикалық ойын есептерді орындату.
ІV-бөлім. Логикалық ойлауға арналған есептер - 7 сағат.
Логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға арналған есептер шығартуға үйрету,танымдық белсенділігін арттыруға арналған тапсырмалар орындату. Логикалық оқыту тапсырмаларын назар аудару, елестету,есте сақтау, зейінді дамыту және ойша тұжырымдама жасатуға қалыптастыра отырып орындату.
«Қызықты математика» бағдарламаның сабақ кестесі
14
Оқушылардың тізімі
-
«Қызықты математика» таңдау курсы.
-
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.ҚР мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандарты.
2.Қызықты математика.Авторы: Ә.Б.Ақпаева., Л.А.Лебедова «Алматыкітап»
3.Математика өзіндік және бақылау жұмыстары. Өлке баспасы-2010ж.
4. Оқыту процесін технологияландыру. Ж.У.Кобдикова. Алматы-2000ж.
-
Пайдаланылған әдебиеттер: