7


  • Учителю
  • Дүниетану пәнінен сабақ жоспары: Ас қорыту жүйесі

Дүниетану пәнінен сабақ жоспары: Ас қорыту жүйесі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пән: Дүниетану

Сынып: 3 «Б»

Әдіскер: Сулейменова С.Ы.

Тәлімгер: Балтабаева А.

Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Ас қорыту жүйесінің құрылысы мен қызметтері туралы түсінік қалыптастыру. Дұрыс тамақтанудың адам денсаулығына маңызын түсіндіру.

  2. Дамытушылық: Оқушылардың бейнелі ойлауын, тіл байлығын дамыту.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу, дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ -жауап, тірек сызба, ойын,

Сабақтың көрнекілігі: Ас қорыту жүйесіне байланысты суреттер, тақырып бойынша үлестірмелі таратпа материалдар.



Сабақтың барысы



I. Ұйымдастыру кезеңі:

- Сәлеметсіңдер ме, оқушылар? Отырыңыздар. Мен сендерге бүгін «дүниетану» пәнінен сабақ беремін.

Психологиялық дайындық:

Мен - мықтымын!

Мен - зерекпін!

Біз - біргеміз!

Мықты болса, іргеміз!



Сабақтың ұраны: Тәртіп! Бірлік! Талап!



II. Үй тапсырмасын тексеру

Ойын: Кім жылдам?(Сұрақтарға жылдам жауап беру)

  • Өткен сабақта қандай тақырып өттік? (Тыныс алу жүйесі)

  • Тыныс алу мүшелерін ретімен ата (Мұрын қуысы - көмей - кеңірдек - кеңірдек тарамдары - өкпе)

  • Өкпе дененің қай бөлігінде орналасқан? (Көкірек қуысында)

  • Тыныс алғанда өкпе кеңейеме әлде жиырыла ма? (Кеңейеді)



III. Үй тапсырмасы мен жаңа сабақты байланыстыру.

  • Балалар, біз осы күш қуатты қайдан аламыз? (Тамақ)

  • Тамақ сөзін басқаша қайлай айтуға болады? (Ас, дәм, азық т.б.)

  • Демек, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы - ас қорыту жүйесі.

IV.Жаңа тақырып

«Ой қозғау» стратегиясы

  • «Ас қорыту жүйесі» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Біздің ағзамыздағы қандай мүшелер ас қорытуға қатысады деп ойлайсыңдар?

- Біздің күнделікті қабылдайтын тамағымыз ас қорыту жүйесі арқылы өтеді. Оған ауыз қуысы(Тіл, сілекей бездері, ) жұтқыншақ, өнеш бауыр, асқазан, ашішек, тоқішек жіне тікішек жатады.

Ауыз қуысы

Өңеш

Жұтқыншақ

Асқазан

Бауыр

Ішектер



Ас шамамен 12-24 сағат қорытылады. Ауыз қуысында тамақ тіспен шайналып, сілекеймен сыланып, тілдің көмегімен жұтқыншаққа итеріледі. Одан әрі өңешті бойлап, асқазанға өтеді. Асқазанда сөл бөлініп, астың қорытылуын жылдамдатады. Ол ары қарай ашішекке өтеді де, қорылылған заттар қанға өтіп, қалғаны тоқішек арқылы тікішектен қалдық заттар сыртқа шығарылады.

Ағзада қорытылмай қалған тамақ пен қажетсіз зиянды заттардан организим ұдайы арылып отыруы тиіс. Бұл процеске бүйрек қатысады. Бүйрек адамның омыртқа жотасынын екі жағында орналасады. Ол қоңыр қызыл түсті болады. Бүйрек қуыс түтүкше арқылы қуықпен жалғасады. Қуық арқылы зәр сыртқа шығарылады.

Сергіту сәті



Оңға, солға бұрылдық,

Алға, артқа иілдік

Тіземізді бүктіріп,

Қолды создық тік тұрып.

Секіреміз топ-топ-топ,

Шапалақтап хлоп-хлоп-хлоп,

Топ-топ-топ, хлоп-хлоп-хлоп.





2. Дәптермен жұмыс.

Ас қорыту жүйесін қысқаша жазу

3. Кітаппен жұмыс. (23 бет)

Ас қорыту жүйесі жақсы жұмыс істеуі үшін

  • Тамақтану тәртібін, тазалық ережесін сақта

  • Тамақты уақытымен ішу (Күніне ғ мезгіл тамақтану)

  • Көкеніс пен жемісті жууып жеу

  • Тамақ ішер алдында қолды жуу





Танымдық ойын: «Не пайдалы, не зиянды?»

Ағзаға пайдалы және зиянды тағамдарды себетке және қоқыс жәшігіне бөлуДүниетану пәнінен сабақ жоспары: Ас қорыту жүйесі

Дүниетану пәнінен сабақ жоспары: Ас қорыту жүйесі

Жеміс-жидек, сыр, сүт т.б. Чипсы,кола,темекі,сағыз т.б





Ойын: Шарларды жарып ішіндегі сұрақтарға жауап беру

  1. Ас шамамен қанша сағат қорытылады?

  2. Күніне неше рет тамаақтанған дұрыс?

  3. Асқазаннан қорытылып шыққан тамақ қайда өтеді?

  4. Қорытылмай қалған тамақ пен қажетсіз заттарды сыртқа шығаруға қатысатын, қуықпен байланысып зәр шығаруға қатысатын мүше? (Бауыр)

  5. Ішектің түрлерін ата(Ашішек,тоқішек,тікішек)

V. Білімді бекіту (Ас қорыту мүшелерін ретімен поезге тіркеу)Дүниетану пәнінен сабақ жоспары: Ас қорыту жүйесі

VI. Бағалау: Сабаққа белсенді жауап берген оқушыларға сабақ барысында стикер таратылады. Сабақ соңында стикерді (жарайсың!) смайлигіне айырбастау.

VII. Үйге тапсырма: Ас қорыту жүйесін оқу, мазмұндау.



































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал