7


  • Учителю
  • 'ХХІ ғасыр көшбасшысы' атты зияткерлік сайыс.

'ХХІ ғасыр көшбасшысы' атты зияткерлік сайыс.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Көшбасшылар » зияткерлік сайысы.

Мақсаты: 1) оқушылардың білімдерін ойындар арқылы тексере отырып, толық жауап алуға, басқалармен санасып, ортақ шешімге келе білуге, өз беттерімен жаңаны қабылдауға үйрету;

2) оқушыларды топпен жұмыс жасауға дағдыландыра отырып, логикалық ойлау қабілеттерін, әсемдік талғампаздылығын, өз ойын анық жеткізу, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту;

3) оқушыларды әдептілікке, бірлікке, ұқыптылыққа, шапшаңдылыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

Түрі: зияткерлік сайыс.

Әдістері: сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары, ойын, түсіндіру, әңгімелесу, топпен жұмыс, талдау, дедуктивті, ізденіс, топтастыру, салыстыру

Көрнекілігі: қима қағаздар, плакат, суреттер, үлестірме қағаздар, мақал - мәтелдер, жұмбақтар, бейнеклип

Барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу, жаңа сабаққа дайындау.

Топқа бөліну. Оқушылар қима қағаздарын таңдап алады. Сол таңдаған қағаздардың тү сіне байланысты топтарға бөлінеді.

1 - топ - жасыл түс, 2 - топ - сары, 3 - топ - қызыл, 4 - топ - тоқсары түс

ІІ. Кіріспе. Әділқазылармен таныстырып, олардың қызметін ашып кету.

Топ басшыларын тағайындау. Жеребе арқылы реттік сандарын анықтау,топ аттарын анықтау.

25: 5=4 (Қ)

891 - 890=1 (Т)

654: 327=2 (А)

2*3=6 (Р)

1000 - 995=5 (Ы)

999:(3*111)=3 (П)

25: 5=4 (Г)

891 - 890=1 (Б)

654: 327=2 (І)

2*3=6 (Р)

1000 - 995=5 (І)

999:(3*111)=3 (Л

25: 5=4 (Р)

891 - 890=1 (Ж)

654: 327=2 (Ү)

2*3=6 (К)

1000 - 995=5 (І)

999:(3*111)=3 (Й)

25: 5=4 (Ы) 891 - 890=1 (А) 654: 327=2 (Л)

1000 - 995=5 (Р) 999:(3*111)=3 (Ғ)

Топтың атын табу. Әр топқа есептер беріледі. Есептерді орындау арқылы оқушылар өз тобының атын анықтайды.

Жарыс кезеңдерімен таныстыру:

ІІІ. Негізгі бөлім.

І. Бәйге
ІІ. Жорға
ІІІ. Дода

І кезең:Бәйге кезеңі.10 ұпай

І-топ:

1.Етістік дегеніміз не?

2.Өсімдіктің мүшелерін ата?

3.Мақалды жалғастыр: Балапан ұяда не көрсе,...(ұшқанда соны ілер)

4.Екі адам шахматты 2 сағат ойнады.Бір адам шахматты неше сағат ойнайды?(2 сағат)

5.Табиғат көрінісін бейнелейтін бейне қалай аталады?(пейзаж)

ІІ-топ:

1.Ұяң дауыссыз дыбыстарды ата?(б,в,ғ,д,ж,з)

2.Адамның бет бейнесін бейнелейтін бейнелеу өнерінің жанры ?(портрет)

3.Пайдалы қазбалар қасиеттеріне қарай неше топқа бөлінеді?

4.Өз жеріндей жер болмас,..(өз еліңдей ел болмас)

5.Әсірелеу дегеніміз не? (бір нәрсені немесе оқиғаны күшейтіп,үлкейтіп айту дегенді білдіреді)

ІІІ-топ:

1.Тұрлаусыз мүшелердің анықтамасын айт.

2.Қазақстандағы ең биік тау қалай аталады?(Тянь-Шань,Хантәңірі)

3.Халық ауыз әдебиетінің түрлерін ата?

4.Натюрморт дегеніміз не?

5.Баспалдақ 15 басқыштан тұрады.Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу керек?(8 басқыш)

ІҮ-топ.

1.Террикондар дегеніміз не?

2.Лирика дегеніміз не?

3.Мына саны разрядтық қосылғыштарға жікте.124 152

4.Мәтін дегеніміз не?

5.Өзге елде сұлтан болғанша,... (өз еліңде ұлтан бол)

ІІ-кезең.Жорға .10 ұпай

«Полиглот» кезеңі.

ЖҰМБАҚТАР

Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 2 тілде және де 3 тілде (қазақша, орысша,ағылшынша ) айтуларың керек. Әр топ кезекпен 3 жұмбақты шешеді.

(Слайдпен көрсету, оқушыларға оқыту)

1.Қолы менен қаламы жоқ,

Бірақ сурет салады көп. (аяз - мороз)

2.Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық. (қар - снег)

3.Бірін-бірі қоштаған,

Бір үйден көрдім,

Қырық екі дос-жаран. (әріп - буква)

4. Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш - линейка)

5. Қалқиып екі құлағы,
Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян - заяц)

6. Жеп көріп ем өзім мен,
Жас шығарды көзімнен. (пияз - лук)

7. Бұлаңдаған құйрығы,
Бір алдарлық қулығы. (түлкі - лиса-fox)

8. Әттең, даусым, тілім жоқ, 15 ұпай
Құшағымда білім көп. (кітап - книга-book)

9. Аяғы жоқ,қолы жоқ,

Шиыршықталған жолы көп. (қалам-ручка-реn)

10. Жолбарыстан аумайды,
Тышқандарды аулайды.( мысық - кошка - cat )

ІІІ-кезең.Дода .Бұл кезеңде әр топ өздері қалаған ұяшықты таңдайды.Сол ұяшық бойынша тапсырмалар орындайды.Ұпай саны 15 ұпай.

Математика.

  1. Ұзындығы 5 см, ені 7см тік төртбұрыштың ауданы қанша?

2. 5 мысық пен 3 тауықтың аяғы нешеу?

3. Қоймаға 567 кг сиыр етін,одан 127 кг артық қой етін және қой етінен 3 есе артық жылқы етін түсірді.Қоймаға неше кг жылқы етін түсірді

Ана тілі.

1. ..Алты айғы қыс тартқаны - аштықтың азабы.Бар сенетіні - күйеуі Мақтым. Ол ел қыдырып, тілек тілейді. Ерте кетіп, кеш келеді. Бірақ оның да табатыны жоқ...Әңгіменің аты?

2. Ертеде бір оқымысты болыпты.Ол барлық жәндіктердің,өсімдіктердің,жануарлардың тілін түгел біледі екен.Бір күні ғұлама бақ ішінде келе жатқан Құмырсқаның илеуіне тап болады..... Бұл қай ертегіден үзінді?



3. Өнер, білім бар жұрттар,

Тастан сарай салғызды.

Айшылық алыс жерлерден,

Көзіңді ашып-жұмғанша

Жылдам хабар алғызды.

3.Қазақ тілі

1.Бастауыш пен баяндауыш тың арасына қай кезде сызықша қойылады?

2.Сөйлем мүшелеріне талда. Арман мұражайға,театрға,көрмеге барды.

3. Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата.

4.Дүниетану.

1. Жер бетінің қағазға өте кішірейтіліп түсірілген бейнесі қалай аталады?(карта)
2. Суда тіршілік ететін сүтқоректілерді ата (итбалық, кит дельфин)
3. Тыныс алу мүшелеріне не жатады (мұрын қуысы, кеңірдек, өкпе)

ІҮ.Бекіту.

«Пікірлер себеті» оқушыларға қима қағаздар таратылады. Осы қима қағаздарға сабақ туралы пікірлерін жазып, тақтадағы себетке іледі.

Сабақты қорытындылау. Әділқазылар топтардың ұпайларын санап шығып, топтарды марапаттау.

- Құрметті оқушылар, біздің бүгінгі көшбасшылар ойынымыз аяқталды. «Бүгінгі білім - ертеңгі байлығымыз». ХХІ ғасыр - білім ғасыры. Өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болыңдар!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал