- Учителю
- Ашық тәрбие сағаты Тақырыбы: Ана-аса қымбат жан
Ашық тәрбие сағаты Тақырыбы: Ана-аса қымбат жан
Тәрбие сағат тақырыбы: Ана біздің гүліміз
Тәрбие сағат мақсаты : Балалардың аналарына ,бар адамзат анасына сүйіспеншілігін ояту.
Ананың еңбегін ақтауға,ардақтауға,құрметтей білуге тәрбиелеу.
Тәрбие сағат көрнекіліктері: Ертеңгіліктің тақырыбы жазылған плакат,суреттер,шар,гүл суреттері.
Мұғалім: -Құрметті аналар,әжелер сіздерді жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі- 8 наурызбен шын жүректен құттықтаймын! Алғашқы көктем мерекесі жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік,ақылды,сымбатты,мейрімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке!
Әлемдегі ең асыл жан ол-Ана десек,жүрегімізде сүйікті жанға деген махаббат сезімі оянады.Ана бұл аяулы да мейірімді жан.Баланың тілі шыққанан- ақ бірінші сөзін ана деп айтады.
Ана асыл жан! Кешімізге қощ келіпсіздер!
Мұғалім: Уа,ағайын, ағайын.
Көктем келді жайнаған.
Бау-бақшада бүгін той.
Қош келдіңіз ағайын.
Раушан гүлдер жайнаңдар.
Гүлдей жайнап тұрыңдар.
Құттықтаймыз сіздерді.
Мерекеңмен бүгінгі
Аналарға арналған тақпақтарын айтады
Хор: «Анашым» ән
Мұғалім: Ақ анашым,аппағым.
Өзің жайлы таппағым.
Арналады сіздерге.
Бар баланың тақпағы.
Оқушылар
Мұғалім:Аналар ақ тілекті,сөз көп дейін.
Жылтырар жүрегіңді көз көп дейін,
Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге
Қол соғып қарсы алайық «жорға биін»
Би: «қара жорға»
Ән: «Көңілді күн»
Би: «Көбелек»
Аналарымызды бір сынап көрейік.
Ойын : «Аялы алақан»
Аналардың көзін байлап,оқушылардың ішінен өз балаларын таңдау.
Мұғалім:-Осы балаларыңыздың тәтті тілдерімен айтылған өлең жырларынан кейін,ата-аналар сіздерді бір серпілтіп ойын ойнасак дегім келіп тұр,ойын жарыс түрінде өтеді.
Тақпақ:
Орталарыңыздан 3-анадан ортаға шығады.
Ойын: «Қағазбен ойнау»
Шарты:Ортаға 3- анамен 3- оқушы щақырылады.Анасы баласын қағаз біткенше орау керек.
Олай болса әр оқушы өзі дайындаған аналарына сыйлықтары бар екен,соны табыс етсін.
Аналар,қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен кешімізді аяқтайық
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа-дей отырып бүгінгі «ана-аса қымбат жан» атты кешімізді жабық деп жариялаймыз.Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын!Сау саламатта болыңыздар!
№18 орта мектеп
Мад «Ә»
Өткізген: Баскараева Б
Тақырыбы: Ана -аса қымбатты жан
2015/2016 оқу жылы