7


  • Учителю
  • Сыныптан тыс шара 'Білім берген - Әліппе'

Сыныптан тыс шара 'Білім берген - Әліппе'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Білім берген - Әліппем

Мақсаты: Оқушылардың өнерлерін тамашалау, әліппе оқулығына ерекше құрметі, бағасы, мектеп өміріндегі оқулықтың орынын түсінуге, Тәуелсіздігіміздің ұландары екендерін ұғындыру. Білімдерінің артып, сөз байлығының молайып, саналарының өскенін көрсету. Отанын, мектебін, ұстаздарын, ата - аналарын құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: шарлар, гүлдер, нақыл сөздер, әріптер макеті, әліппе, ана тілі оқулықтарының макеті, ертегі кейіпкерлерінің суреттері.

Барысы:

Жай ғана музыка ойнап тұрады.

  • Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!

Оқу білім бастауы

Ілім, ғылым арқауы

Бүлдіршінге тіл ашқан

Көкірекке нұр шашқан

Әліппе тойы басталды.

  • Армысыздар қадірменді қонақтар,

Қош келіпсіз ұстаздар, ата - аналар.

Бүгін міне әліппемен қоштасады,

Азамат болып кешегі ерке балалар.

  • Ерте, ерте, ертеде, Ерте ме, әлде бүгін бе? Жақын ба әлде, алыс па?

Беймәлім бе, таныс па, Бір ел болыпты. Бұл елдің адамдары бір - бірімен көк байрақтың астында тату - тәтті өмір сүріп, өніп - өсіпті. Елді бір кемеңгер хан басқарыпты. Оның талабы осы өркендеп жатқан елдее бірде - бір бала білімсіз болмауын талап етіпті. Қанша уақыт өтері беймәлім 2050жылы ел үлкен өркениетті, барлық ғылымды меңгерген беделді елге айналатынына кәміл сеніпті. Осы ортақ арманға жету үшін С.Оразалин атындағы орта мектептің 1 - сыныбында ақылына көркі сай 7 қыз бала мен алпамсадай жұдырықты да білімді 12 ұл бала барлық күш жігерін жұмсапты. Татулықты қолдайтын жолдастықты сыйлай білетін білімді де өнерлі балаларға барлығы тәнті болыпты.

  • Жаза білер ол егер,

Қолға берсең қалам сап.

Зуылдата жөнелер,

Әліппені ала сап, - дей келе кеше ғана ертегі тыңдап алаңсыз жүрген бүлдіршіндер, бүгінде бойларында жауапкершілік пайда болып, саналы азаматтық борыштарының алғашқы асуын аман - есен асып, бір жасқа есейген. Білім жолындағы белестерде қанаттары талмай өрлейті

1 - сыныптың оқушыларын қарсы алайық.

Сиқыршы қыз келеді.

Кішкентай сиқыршы: Ой, бүгін күн қандай тамаша! Осы ғажайып күн бізге күлімдеп, қуаныш сыйлап тұрғандай. Мен үшін бүгін ерекше күн. Бүгін менің сиқырлы таяғым таң тамаша таңғажайыпты көрсете ме екен? Қане сиқырлы таяғым, қандай қызық көрсетесің?

(Осы кезде шар жарылып, жүргізуші шығады)

  • Армысың кішкентай сиқыршы!

Сиқыршы: Сәлеметсізбе? Мен сізді танымадым. Мен өзі қайда тұрмын

  • Кішкентай сиқыршы, сіз С.Оразалин атындағы орта мектепте тұрсыз. Бүгін біздің мектепте 1 - сынып оқушылары әліппемен қоштасқалы отыр. Кел, кішкентай сиқыршы, біздің балалардың білімін, өнерін бірге тамашалаңыз.

  • Мен сізге көмектесіп тұрсам болама?

  • Әрине болады. Сен бізге қонақ бол. Балалардың өнерін тамашала.

Қымбатты балалар! Сіздерді әліппені табысты аяқтауларыңызбен құттықтаймын. Осы салтанатты мереке баршаңызға құтты болсын. Шәкірттердің тұңғыш рет қолдарына ұстап, бетін ашқан оқулығы да - әліппе. Бұл кітап бүкіл ғылым дүниесінің алғаш соқпағы, білімге бастайтын алғашқы жол. Осы әліппе оқуілығы арқылы біздер 42 әріпті меңгеріп, енді одан әрі үлкен - үлкен биік шыңға көтерілмекпіз.

  • Балалар сендерге сиқыршы қыз жұмбақ әкеліпті. Сол жұмбақты шешеіп көрейік

  • Іші толған әріпке,

Білімдегі жарық не?

Хормен: Болашаққа жол ашқан

Ол сүйікті әліппе!

  • Олай болса ортаға сүйікті әліппемізді шақырайық.

  • Келіңіз, әліппе, келіңіз.

  • Сәлеметсіңдерме, менің сүйікті достарым. Мен әуелі әріптерімді түгелдеп алайын. Дауыстылар қайдасыңдар?

  • Біз мұндамыз

  • Дауыссыздар қайдасыңдар?

  • Біз де мұндамыз.

  • Жіңішкелік белгісі мен айыру белгісі жоқ қой?

  • Олар ойнап жүр.

Әліппе: Олар тойға қатыспай неге ойнап жүр?

  • Біз барлық сөзде жазыла бермейміз деп өкпелеп жүр.

Ә: Біреуің барып шақырып келе ғойыңдар

  • Жіңішкелік белгісі, айыру белгіс і, сендердің де өз орындарың бар. Қапа болмай орындарыңа тұрыңдар!

  • Балалар мені оқыдыңдар, меннен не үйрендіңдер?

Барлығы: - Дыбысты танытып, буыннан сөз құ рауды, сөзден сөйлем құрауды, ана тілімізде дұрыс сөйлеуді үйреттіңіз!

Жүргізуші: Әліппе, балалар өзің туралы өлең, тақпақ үйренді. Енді соны тыңдасаңыз

  1. Ең алғаш алғанымда әліппені,

Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді?

Ұстазым оның кілтін алып берді.


  1. 42 әріппен,

Таныстырған әліппем.

Ежіктемей сөздерді

Оқи алам танып мен.


  1. Әліппем, менің әліппем

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым мектептің

Ертеңгі сәуле жарықпен.


  1. Ашыла берді алдымнан,

Кең дүние есігі,

Соғылған ол алтыннан

Әліппе - білім бесігі.


  1. Әліппе деген алтын жол,

Апарар сені алысқа

Жеңіл емес, ауыр жол

Тырысып бақ намысқа.


  1. Енді біз жаза білеміз,

Әріпті қосып әріпке.

Риза боп саған жүреміз,

Сүйікті біздің әліппе.


  1. Әліппеден бастаған

Білім жолын ғалым да.

Әліппені ашпаған

Жоқ өмірде дарында.


  1. А-дан бастап оқыдық,

Аяқтадық я-мен,

Маржандай қып жазуды

Жаза аламын сиямен.


  1. Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға кітап аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ бол,

Сауатты боп шықты міне балаңыз


  1. Ел басқарған Нұрсұлтандай атам бар,

Көк алқапты жасыл жайлау далам бар.

Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген,

Ақ ниетті әкем менен анам бар.

Сондықтан да келешегі елімнің,

Біз бақытты, біз бақытты балалар.


  1. Бірінші беттен елімнің
    Елтаңбасын таныдым
    Көк байрақты қазақтың
    Білімге жолын бастаған
    Әліппем саған мың алғыс
    Оқы деп ұран тастаған


  1. Әліппені бітірдім,
    Жаза аламын атымды.
    Әліппені бітіріп,
    Бала болдым ақылды


13. Бұрқыраған білімнің
Қайнар көзін көріп пе ең?
Том - том болған кітаптың
Басы болған Әліппем


14. Бүкіл қазақ баласы дәріптеген
Қоштаспақпыз сүйікті Әліппемен
Ризамыз біздерді таныстырған
Сөз бен дыбыс әртүрлі әріптерді



15. Әсем ою өрнекпен

Көмкерілген әліппем

Сен болмасаң білімге,

Бастайтын жолды біліп пе ем


16. Әке, шеше, атын сен,
Бізге үйреттің Әліппе
Бізге жақын нағыз сен,
Сенен білдік әріп ті



17. Ізгілікті ойға тоқитын,
Шәкірт боп үздік оқитын.
Әліппе атты кемемен,
Кеземін Білім мұхитын.


18. Үйретті бізді әліппе,
42 дербес әріпке.
Сөз, сөйлем құрап әріптен,

Лайық болдық дәріпке



19. Барлық әріп бағалы,
Айттық әділ бағаны.
Әріпсіз сөз болмайды,
Буын онсыз толмайды.
Адам барлық әріпті,
Ардақтайды, қолдайды



Хор: «Әліппе»

Би: Қыздар

Көрініс: «Мен адаммын ғой» Абзал, Инабат, Төлеген.

Жүргізуші: - Балалар, сендер Әліппе оқулығынан әріптер үйрендіңдер. Ендеше ортаға әліппе патшалығындағы әріптерді ортаға шақырайық.

Алфавиттің А тұрады басында

Әрқашанда Ә тұрады қасында


Байқадыңба Б тұрады үшінші

Ал, осының сыры неде түсінші


«А» деген ол аналар ғой ардақты

«Ә» деген ол әкелер ғой салмақты

«Б» деген ол балалар ғой әдемі.


Ее - Еріншщектің ертеңі, Перизат

Елге таныс ертегі


Жж - Жаз да биыл жаңбырлы, Әділет

Жайлау талай жаңғырды


Ққ - Қауырсынын құстардың Жадырат

Қызықтауға құштармын.


Мм - Мен көп тердім мақтаны

Марат мені мақтады.


Оо - Орындықта отырып, Инабат

Оқулықты оқыдық.


Өө - Өз бөлмемнен көрмедім, Нұрәділ

Өрмекшінің өрмегін


Тт - Тәп - тәтті таба нан, Тілеген

Таба алмай қалдым табадан


Іі - Ізбасар ініміз,

Ісінен оны біліңіз


Пп - Партамызға отырдық Гауһар

Парақтап кітап оқы

Ғғ - Ғимарат сәулетті -

Елдің көркі дәулетті.

Д - Домбыра әншінің Мақсат

Ақтарады жан срын.


Н - нар жалғыз өркешті, Данияр

Шөлде қанша жол кешті.


Ұ - Ұршықта зыр қақты.

Тоқыды әжем сырмақты.


У - Уық бұл иілген,

Көргін киіз үйімнен.


Ы - Ыдыс тұр үстелде

Жу асыңды ішкенде

Хор: «Жас дәуірдің түлегіміз»

Ән: «Әліппе»

Би: Қазақ биі ер балалар тобы

Көрініс: «Қожа мен Алдар» Мақсат . Әділет

  • Балалар, Әліппе сендерді оқуға, жазуға үйретті. Сол үшін Әліппе досымызға не айту керек?

  • Балаларға ақ тілек,

Болашаққа бақ тілеп,

Біздерге білім үйреткен,

Әліппе саған рахмет!

  • Әліппе: - Ал, балалар мен сендерге ризамын. Мені жақсы игеріпсіңдер. Достар, бүгін сендер менің жолымды жалғастыратын Ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ортаға Ана тілін шақырайық

Ана тілі: Мен Ана тілімін.

Өнер де, ой да, білім де,

Өркендер ана тілінде

Ана тілін сүйгендер,

Саналы білім үйренер.

Тіліңді үйрен, күнде сен.

Ол істеме жай ғана

Өз тіліңді білмесең.

Білгішпін деп ойлама.

Әліппе: - Ал, балалар мені жақсы игеріпсіңдер. Менің сендермен қоштасатын уақытым болды. Мен сендерге ризамын. Енді Ана тілі оқулығын да менен артық оқып, игеріңдер. Ана тілі оқулығын жақсы меңгеріп, күтіп ұстатайтындарыңа сенемін. Қош болыңдар, балалар.

  • Қош бол, Әліппе!

Ән: «Бала тілегі» Гауһар

Би: Вальс (Халида, Жадырат, Назерке, Төлеген, Нұртас, Данияр)

Жүргізуші: - Балалар, сендер әліппе оқулығымен қатар математика пәні де оқыдыңдар. Математика пәнінен санауды, есеп шығаруды, көптеген математикалық жұмбақтар, ребустар шешуді үйрендік.

Сиқырщы қыз сендерге математика пәнінен жұмбақ жасырмақшы. Сол жұмбақтарды шешіп берсеңдер.

  1. Табақта 5 алма,

Қолымда 2 алма,

Қосқанда барлығы

Болады неше алма?

  1. Асанда 5 шар,

Ерболда 3 шар

Қосқанда барлығы

Болады неше шар?

  • Жарайсыңдар балалар, бәрің де білгіш екенсіңдер.

Сендер математика пәніне санамақты да үйрендіңдер, Ендеше, математикалық санамақты санап көрейік.

Бір дегенім - бесік,

Шықтым содан өсіп

Екі дегенім - елім.

Далам, тауым көгім.

Үш дегенім - үміт

Үміт артар жігіт.

Төрт дегенім- төзім

Төзе білем өзім.

Бес дегенім - бақыт

Бағалайтын уақыт

Алты дегеным - ақыл

Тыңдағаның мақұл

Жеті деген - жалау

Жүректегі алау

Сегіз деген - сезің

Серт беретін кезің

Тоғыз деген - тоқтау

Елдің жоғын жоқтау.

Он дегенім - Отан

Қорға соны ботам.

Ән: «Болайықшы осындай» Әділет пен Инабат

Би:

Ән: «Бақытты балалық шақ» Жадырат, Мақсат, Тілеген.

  • Мұнда біреу жымия қызына,

Мұнда біреу ақыл айтар ұлына

Мұнда біреу сөз сөйлейді сызыла

Мұнда біреу елтіп отыр жырыма

Ол кім десең

Қуаныштан езулерін жимаған

Ол ата - ана, әлемдегі сыйлы адам, - дей келе осы жерде отырған ата аналарымызға «Бір тілек» тренингін жүргіземіз.

  • Шарлар тарату

  • Мектеп әкімшілігіне сөз беру

  • Ата - аналарға сөз беру

Әліппені бітірді балаларым,

Әліппеден нәр алған даналарым,

Өзі оқып - жазатын қалге жетті

Құтты болсын қадамы балалардың

Балалардың білімі құтты болсын

Денсаулығы әрқашан мықты болсын.

Білімдерін әрі қарай дамытатын

Ерінбейтін, еңбекқор мықты болсын.

Барлық ата - аналарға рахметімізді айта отырып, 1 - сыныптың «Білім берген - Әліппем» тақырыбындағы кешімізді аяқтаймыз

Хор: Әрқашан күн сөнбесін.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал