- Учителю
- Ашық сабақ. 'Қазақстанның өзен, көлдері'. . 3 сынып.
Ашық сабақ. 'Қазақстанның өзен, көлдері'. . 3 сынып.
Дүниетану 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Өзен және көл
Сабақтың мақсаты:
Не білу керек: өзен және көл туралы өткен сыныптардан және өмірден білетіндерін еске түсіру
Не істей білу керек: табиғаттағы су көздерінің түрлері.өзендер мен көлдерге тән ерекшеліктер,олардың өзара байланысы табу,кескін карталармен жұмыс жасай алу,әр өзен көлдің орналасу жолын табу,мағынасын аша алу.
Міндеттері: бағдарламаға сәйкес жаңа біліммен толықтыру.Қазақстанның өзендері мен көлдері жайында бастапқы түсінік қалыптастыру.Өзендер мен көлдерді тиімді пайдалану және сақтау жөнінде пікір,сенім қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы,кескін карталар,
сабаққа негізделген флипчарттар.
Сабақтың бөлімдері
Мұғалімнің әрекеті
Оқушының әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі:
Дайындық бөлімі:
Интерактив тақтамен жұмыс:
Флипчартпен жұмыс:
Негізгі бөлім:
Кітаппен жұмыс:
Жұппен жұмыс:
Практикалық жұмыс:
Сызбамен жұмыс:
Қосымша кітаппен жұмыс:
«Қазақстанның өзен-көлдері»
«Қысқаша конспектілеу»
сызбасы
Интерактив жабдығы «ПРОЖЕКТОР»
Қорытынды бөлім:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды топтарға бөлу.Әр топтың топ басшысымен таныстыру
«Шаттық шеңбері»
Оушылардың назары интерактив тақтаға аударылады: перденің артынан не көріп тұрсыңдар,ол туралы не айта аласыңдар?
Осы сөздерді жинақтай отырып,бүгінгі сабақтың тақырыбын айта аласыңдар ма?Ол қалай аталады?
Мұғалім мақсатымен таныстырады.
Ал оқушылар сабақтың мақсатын өздері іздестіреді.
«Оқу тобы»
Теріп оқу:
«Әңгімелеу» тобы
Практикалық жұмыс:
Сергіту санамақ
«Бес саусақ»
«А» тобы: кітапта айтылған өзен-көлдерді картадан тап,қай қаланың бойында орналасқанын тауып жаз:
«Балық» сызбасына орналастыр
«Б»тобы: кескін карталарға өзен-көлдерді орналастыр және осы өзендер атауының белгілі бір сыры бар және олар қайда құятынын табу.
Қостанай облысындағы өзен-көлдер
(қысқаша конспектілеу)
А
Негізгі жазба
Б
Мәтінге қажетті сұрақтар мен жаңа сөздер
В
Қоытынды ой
Прожектор құралының
көмегімен не көре алдың?Ол портрет не үшін қажет?
Бағалау парағы арқылы оқушылардың жұмысын бағалау,мадақтау.
Саламатсыз ба,мен топ басшысы аяулы Аружанмын...
Саламатсыз ба,мен топ басшысы инабатты Исламмын.
Ол тамшы,су,мөлдір,иіссіз,ол ағады,ол ақпай бір жерде жиналып тұрады.
Өзен - өзінің табиғи арнасымен ағып жататын ағынды су.
Көл - жер бетіндегі суға толған табиғи ойыстар.
Меңзермен қажетті сөздерді жылжытып,бір жерге жинау,неге қажетті екенін дәлелдеу.
Мәнерлеп өз бетімен оқып шығу.
1.Қазақстан өзендері туралы айтылған жерді тауып оқы
2.Өзеннің адам тіршілігі үшін маңызы туралы айтылған жер
3.Көлдің пайда болуы,терең көл туралы жері
4.Үлкен көл,ағынсыз көл,көлдерге өзендердің құюы
5.Балқаш-Арал туралы
ӨЗЕН→тұщы су→қатынас жолы→электр қуаты→бағалы балық қоймасы→құнарлы топырақты шалғын.
КӨЛ→үлкен көл→терең көл→
ағынсыз көл→ірі көл→балық шаруашылығы→ауыз су→мал шаруашылығы.
Өзен-көл атауы
мағынасы
Қайда құяды?
Есіл
«Суы есіліп,арқан сияқты ағады»
Ертіске
Іле
«Ашық,айқын,ылғалды су»
Балқашқа
Балқаш
«Балшық,балық»
Көлге Іле өзені құяды
Ертіс
«Иір өзен,иір су»
Обь өзеніне
Жайық
«жайылып ағатын өзен»
Каспийге
Сырдария
«інжу-маржан»
Аралға
Нұра
«су орған арна,содан аққан өзен»
Қостанай,Астана,
Қарағанды обл.жерлері арқылы өзен
Тобыл
Өзің ізденіп,жазып кел
Ертіске
Қостанай облысындағы өзен-көлдер
(Қысқаша конспектілеу)
Тобыл - Қазақстанның Қостанай облысы, және Ресейдің Қорған, Түмен облыстары жерімен ағады. Қазақстан жеріндегі ұзындығы 800 км, Қазақстандық алабы 130 мың км². Тобыл Ертіске құяды. . Өзен алабында Жақсы Алакөл, Жаман Алакөл, Қулыкөл, Тентексор, Томарлыкөл, Теңіз, т.б. көлдер бар. Негізінен қар және жауын-шашын суымен толысады. Суы хлорлы. Өзен қараша - сәуір айлары аралығында қатады; мұзының қалыңдығы 70 - 78 см. Жазғы суының орташа температурасы 19 - 20°С,шілдеде 28,2°С-қа дейін жылынады.Өзен жайылмасында шоқ қарағайлы орман өседі. Өзенде балық бар.Аңғарында ірі кәсіпорындар Соколов - Сарыбай кен-байыту, Жітіқара асбест, Лисаковск кен-байыту комбинаттары орналасқан. Тобыл суын тиімді пайдалану үшін Жоғары Тобыл , Қаратомар, Амангелді, Желқуар, Қызылжар бөгендері салынған. Өзен бойында Жітіқара, Лисаковск, Рудный және Қостанай қалалары орналасқан.
Ы.Алтынсарин портреті
Кудабаева Д: «Өзен» өлеңі.
Көңілің суын ішсең, ашылады,
Денеңде бар дертіңді қашырады.
Өксіген оттай жанып жануарлар ,
Өзеннен рақат тауып, басылады.
1 оқушы: Умиртаева Д.,
Ы.Алтынсариннің «таза бұлақ»
әңгімесі естеріңізде болар,сол әңгімедегі 1-ші
жолаушы айтқандай бұлақша тынбай ағып қызмет қылайық,ешуақытта жалқауланып тоқтап қалмайық,сонда ғана мұратымызға жетеміз,достар!
2 оқушы: Мырзағалиев И
Бұлақ суы ешкімнен ақы дәметпейді,сен де біреуге жақсылық есең,ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпейік,достар!
3 оқушы: Мурзагалиева А.
- Көңіліміз бұлақтай ашық болсын,бойымыз осы бұлақтай таза болсын,өміріміз көл секілді бір жерде тоқтап қалмай,өзен секілді үнемі ағып жатсын,достар!
Үй тапсырмасы: сұрақтарға жауап ізде:
1 тапсырма:
Өзеннің ерекшелігі қандай,оның жеке бөліктері қалай аталады?
Көлдің өзеннен қандай айырмасы бар?Көлдің түрлері,суының қасиеті жөнінде не білесіңдер?өзендер мен көлдер не үшін пайдаланылады?
2 тапсырма: Тобыл өзенінің мағынасын аш,ізден.
3 тапсырма: мәтінді мазмұнда.