7


  • Учителю
  • План урока по грамоте на тему 'Мектептің спорт алаңы' (1 класс)

План урока по грамоте на тему 'Мектептің спорт алаңы' (1 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні: 07.09.2015

Пәні: сауат ашу

Сыныбы: 1 «Г»

Сабақтың тақырыбы: Мектептің спорт алаңы.

Сабақтың мақсаты: оқушыларға спорт түрлері мен таныстырып, тигізетін пайдасы жайлы мағлұмат беру

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Спорт түрлерімен таныстыру. Спорт зал, спорт ойын өткізу тәртібімен таныстыру.

Дамытушылық: Салауаттылыққа баулу.

Тәрбиелік: Спорт ойындарына қызығушылығын арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: спорт түрлері суреттері

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу.


Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу, партаға дұрыс отыру жайлы мағлұмат беру.

ІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау:

оқушыларға спорт түрлері мен таныстырып, тигізетін пайдасы жайлы мағлұмат беру

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту:

а) Спорттың қандай түрлерін білесіңдер?

ә) Серуенге алып шығу (мектебімізде спорт алаңы, спорт залы).

б) Денені шынықтыру денсаулыққа пайдалы екеніне тоқталу.

Ерте тұрып ертеңгілік жаттығу жасау керек екенін айтып, дағдыға

айналдыру.

Спорт ( desport - жалқу) - белгілі ережелер немесе дәстүрлерге сай көбінесе жарыс күйінде өтетін әрекет. Қазақстанда дамыған спорт түрлері қатарына , , , жатқызуға болады

ІV. Жаңа білімді түсінгенін тексеру:

  • Біз қандай спорт түрлерін білеміз?

  • Олар қандай жерлерде өтеді?

  • Спортпен шұғылданған адамның денсаулығы қандай болады?


Оқушылардың жауаптары:

  • Спорт түрлері: футбол, волейбол,баскетбол, теннис, күрес, каратэ,шахмат, жүзу, жеңіл атлетика

  • Спорт түрлері арнайы алаңдарда өтеді. Мектеп алаңдарында, жарыс алаңдарында,мектеп спорт залында, стадиондарда, басқа қалалардың алаңдарында.

  • Спортпен шұғылданған адамдардың денсаулығы мықты, күшті, бойлары ұзын, қайратты болады.



V. Сергіту сәті

Қозға қолды иықтан,

Әрі бері сермелеп.

Жауырыныңа ұйып қан,

Қалмас үшін, терлеп кеп.


VI. Білімді тексеру. Балалар, бүгін біз сендермен спорт жайында танысып, білдік. Бұдан былай денсаулығымыз күшті болу үшін спорттың әр түрлерімен айналысуымыз керек.

VIІ. Сабақты қорытындылау: Спорт алаңында өткізілетін қандай спорт ойындарын білесіңдер?



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал