- Учителю
- Урок. Литературное чтение на тему 'Ата-ананы құрметтеу туралы' (2 сынып)
Урок. Литературное чтение на тему 'Ата-ананы құрметтеу туралы' (2 сынып)
Пәні: Әдебиеттік оқу | Мұғалімі: Есмаханова | Күні: 27.01.2015ж | |||
Сыныбы | 2 « Г » | ||||
Сілтеме | Ана тілі оқулығы, Рахметова С. Қабатай Б. Алматы «Атамұра», 2013ж. | ||||
Сабақтың тақырыбы | Ата-ананы құрметтеу туралы | ||||
Сабақтың мақсаты | Шығарманы жазған жазушы жайлы білуге, ойын толық баяндап жеткізуге, дұрыс оқуға,түсінігін айта білуге дағдыландыру.
| ||||
Күтілетін нәтиже | Балалар «қабуснамадан» келтірілген үзіндіні түсініп оқиды, ата-ананы құрметтейді. сөздік қоры молаяды. | ||||
Қолданылатын әдіс-тәсілдер:
|
| ||||
Керекті жабдықтар | Интербелсенді тақта, плакаттар, суреттер, үлестірмелі карточкалар. | ||||
Сабақтың барысы | |||||
Сабақ кезеңдері | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Модульдер көрінісі | ||
Психологиялық дайындық Топқа бөліну Сергіту сәті | Шеңбер құру
«Кел билейік» биі | Оқушылар сабақты жақсы көңіл күймен бастау үшін бір-біріне жақсы тілек сөздер айтады.
4 топқа бөлінеді Сергіту биін билейді. | ОЖТ
АКТ | ||
Үй тапсырмасын сұрау бекіту. | Топпен жұмыс | 1-топ Момышұлы туралы мағлұмат береді 2-топ 3- топ- Ұшқан ұя түсінігін айтады. 4- топ -
|
| ||
Білу | Жеке жұмыс | Әр оқушы өз жеті атасын айтады. Сыйластық, құрметтеу дегенді қалай түсінетіндігін айтады. | СТО ОЖТ (ДО) | ||
Түсіну | Түсіндіру | Мұғалім: ХІ ғасырда жазылған «Қабуснама» деп аталатын ғажайып педагогикалық кітап бар. Оны Қайқаус деген ғалым 63 жасында өзінің ұлы Гиланшахқа арнап жазған екен. |
| ||
Қолдану | (Өсиет сөздерін оқимын). Балалардың ойын тыңдаймын. (Балалардың ойын тыңдағаннан кейін өсиет сөзді әрі қарай оқимын). 2) (Әңгімені тағы да үзіп, балаларға әрі қарай өз ойларымен жалғастыруын өтінемін. Балалардың ойын тыңдап, өсиет сөзді әрі қарай оқимын. ) | Болжау стратегиясы 1)- «Ей, перзентім, ата-ананы құрметтеудің қажет екендігін ақыл-ой, парасат тұғырынан байқап білгейсің. Өйткені әрбір перзенттің тегі ата-ана ғой. Не үшін ата-ананы құрмет жасаймын деп, ойыңа алма. Олар сен ... | СТО,ДО ОүБ
| ||
Талдау
| Жеке жұмыс | Сөздік жұмыс. Дәптерге орындайды. Перзент-бала Парасат - сана, ақыл-ой Қаяу - реніш. | ОЖТ(ДО) ОүБ, ЖЕ
| ||
Жинақтау
| Топтық жұмыс
| 1-топ - Әке - асқар тау Болаттай берік, құрыштай қайсар рухы бар әкенің өз перзентіне көрсетер үлгі - өнегесі мол. Отбасының, балалардың, әке - шешесінің қамын ойлап, туған - туысқа көмек жасайды. Шығыс халқы "Әкеден артық арман жоқ, әкеден артық қорған жоқ, әкеден артық дана жоқ, әкеден артық пана жоқ" деп әкені айрықша дәріптеген. 2-топ - Ана - аққан бұлақ Ана есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Сондықтан «Ананы» ардақтамайтын халық та жоқ. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймай, көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп, аяғынан тік тұрғызатын да ана. 3-топ- Бала - бауырындағы құрақ Ата-анасыз өмір жоқ, яғни адам жоқ. Демек ата-ана өмірінің жалғасы - бала. Бала - ата-ананың бауыр еті. Баланың кісілік келбетін қалыптастыратын ортасы - өзінің ұшқан ұясы. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің»,- дейді халқымыз. Айналадағы адамдарды сыйлау ата-ананы құрметтеуден басталады. Әке-шешесін, бауырларын қадірлеп, құрметтей алмаған адам өзге ешкімді сыйлап та жарытпайды. 4- топ- Сен ата-анаңа не істесең, саған перзентің де соны жасайды. | СТО, ДТО ОүБ | ||
Бағалау Кері байланыс
Үй тапсырмасы
| БҮҮ кестесі Смайликтермен Екі жұлдыз, бір тілек
Оқу, түсінік айту. Жаттау.
| Бағалау парағы бойынша қорытынды бағасын шығарады
-Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өздеріне ұнаған екі әрекеттері туралы ойларын және бір ұсыныс, тілектерін стикерге жазады.
| ОүБ ОБ |